Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24 N 170 қаулысымен.

      Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24 N 170 қаулысымен.
      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
 Үкіметінің         
 2003 жылғы 25 желтоқсандағы 
 N 1316 қаулысына      
 қосымша          

Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оларға
қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi
жөніндегi комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.26 N 1316, өзгерту енгізілді - 2007.10.22 N 981, 2008.07.31 N 729, 2008.10.24 N 984, 2009.02.20 N 199, 2009.06.05 N 830, 2009.12.14 № 2104, 2010.06.07 № 525 Қаулыларымен.

Баймағанбетов               - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы               министрі, төраға

Сүлейменов                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанат Қуанышұлы               министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы
                              күрес және есірткі айналымын
                              бақылау комитетінің төрағасы,
                              төрағаның орынбасары

Омаров                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы               министрінің орынбасары

Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы            министрлігінің Кедендік бақылау
                              комитеті төрағасының орынбасары

Боранбаев                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Манапұлы                министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы
                              күрес және есірткі айналымын бақылау
                              комитеті алдын алу және ведомствоаралық
                              үйлестіру басқармасының бастығы, хатшы

Сағымбеков                  - Қазақстан Республикасының Қарулы
Талғат Тұрғанбекұлы           Күштері Әскери полициясы бас
                              басқармасының бастығы

Қайырбекова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы             сақтау вице-министрі

Дәленов Руслан              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболатұлы                    вице-министрі

Телебаев                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы             вице-министрі

Сарыбеков                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы         ғылым вице-министрі

Оразов                      - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы              ақпарат вице-министрі

Қанағатов                   - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы          спорт министрлігі Спорт комитетінің
                              төрағасы
 
Асқаров                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бақытжан Бекзатханұлы         жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
                              төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Шабақбаев                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Несіпбекұлы             министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі
                              комитеті төрағасының орынбасары
 
Кравченко                   - Қазақстан Республикасы Бас
Андрей Николаевич             прокуратурасы Мемлекеттік органдардың
                              қызметіндегі заңдылықты қадағалау
                              департаментінің бастығы
                              (келісім бойынша) 

Жігітеков                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұржан Рахметханұлы           қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің            
2003 жылғы 25 желтоқсандағы  
N 1316 қаулысымен       
бекiтiлген          

Нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға
қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi
жөнiндегi комиссия туралы ереже

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24 N 170 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24 N 170 қаулысымен.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04 N 831 қаулысымен.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатқа және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына негiзделген өзара байланысты саймасай шаралар кешенiн iске асыруға арналған жаңа көзқарастарды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы iс-әрекет, нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйелерiн нығайтуға және құруға;
      3) ел халқының әлеуметтiк нашақорлық иммунитетiн қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19 N 426 қаулыcымен.
      4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет пен оларды терiс пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жетілдiру;
      2) негiзгi бағыттарды айқындау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жүргiзушi мемлекеттiк органдарды үйлестiру;
      3) нашақорлыққа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың қол жетiмдiлігiне қарсы iс-әрекет және күрес тетiгiн iске асыру және одан әрi жетілдiру, есiрткiні заңсыз пайдаланатын, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды уақтылы анықтау, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оларды әлеуметтiк оңалту;
      4) нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, медицина ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кең қауымның шиеленiстi қатынастарды қалыптастыруға және есiрткi қабылдамауға қатысуы арқылы;
      5) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерi жөніндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
      6) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру және оларды үйлестiру;
      7) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      2) қажеттiлiгiне орай мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңiрлердегi есiрткi жағдайын талдау және зерделеу үшiн тартуға;
      3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға;
      4) мемлекеттiк органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзiрлейтiн шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.19 N 426 қаулыcымен.
      7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның төрағасы тағайындайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19 N 426 қаулыcымен.
      8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.
      9. Комиссия отырысын жүргiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жiбередi.
      10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04 N 831 қаулысымен.
      11. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берiп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшілiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады және Комиссия отырысының хаттамасымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие.
      Хаттамаға мiндетті түрде Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19 N 426 қаулыcымен.

Об образовании Комиссии по вопросам координации работы по профилактике и противодействию наркомании и наркобизнесу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2003 года N 1316. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года N 1345

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.12.2010 N 1345.

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.02.2005 N 170 .

      В целях координации деятельности государственных органов и принятия эффективных мер по профилактике наркомании и противодействию незаконному обороту наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Образовать Комиссию по вопросам координации работы по профилактике и противодействию наркомании и наркобизнесу (далее - Комиссия) в составе согласно приложению.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.02.2005 N 170 .

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 2002 года N 1106 "Об образовании Комиссии при Правительстве Республики Казахстан по вопросам организации противодействия наркомании и наркобизнесу" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 34, ст. 362.);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2003 года N 496 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 2002 года N 1106" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24, cт. 220).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 25 декабря 2003 года N 1316

Состав
Комиссии по вопросам координации работы по профилактике
и противодействию наркомании и наркобизнесу

     Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 26.06.2007 N 532; с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 22.10.2007 N 981; от 31.07.2008 N 729; от 24.10.2008 N 984; от 20.02.2009 N 199; от 05.06.2009 N 830; от 14.12.2009 № 2104; от 07.06.2010 № 525.

Баймаганбетов              - Министр внутренних дел Республики
Серик Нуртаевич              Казахстан, председатель

Сулейменов                 - председатель Комитета по борьбе с
Жанат Куанышевич             наркобизнесом и контролю за оборотом
                             наркотиков Министерства внутренних дел
                             Республики Казахстан, заместитель
                             председателя

Сагымбеков                 - начальник Главного управления
Талгат Турганбекович         военной полиции Вооруженных Сил
                             Республики Казахстан

Сарыбеков                  - вице-министр образования и науки
Махметгали Нургалиевич       Республики Казахстан

Аскаров                    - заместитель председателя Комитета
Бахытжан Бекзатханович       по судебному администрированию при
                             Верховном Суде Республики Казахстан
                             (по согласованию)

Шабакбаев                  - заместитель председателя Комитета
Марат Несипбекович           уголовно-исполнительной системы
                             Министерства юстиции Республики
                             Казахстан

Кравченко                  - начальник Департамента по надзору
Андрей Николаевич            за законностью в деятельности
                             государственных органов Генеральной
                             прокуратуры Республики Казахстан
                             (по согласованию)

Джигитеков                 - первый заместитель Председателя
Нуржан Рахметханович         Комитета национальной безопасности
                             Республики Казахстан (по согласованию)

Умаров                     - заместитель Министра иностранных дел
Кайрат Ермекович             Республики Казахстан

Оспанов                    - заместитель председателя Комитета
Жаркынбек Кожанович          таможенного контроля Министерства
                             финансов Республики Казахстан

Боранбаев                  - начальник управления профилактики и
Марат Манапович              межведомственной координации Комитета
                             по борьбе с наркобизнесом и контролю
                             за оборотом наркотиков Министерства
                             внутренних дел Республики Казахстан,
                             секретарь

Каирбекова                 - вице-министр здравоохранения
Салидат Зекеновна            Республики Казахстан

Даленов                    - вице-министр финансов Республики
Руслан Ерболатович           Казахстан

Телебаев                   - вице-министр культуры
Газиз Турысбекович           Республики Казахстан

Оразов                     - вице-министр связи и информации
Нурай Нургожаевич            Республики Казахстан

Канагатов                  - председатель Комитета по спорту
Ильсияр Баймухамедович       Министерства туризма и спорта
                             Республики Казахстан

Утверждено                
постановлением Правительства        
Республики Казахстан            
от 25 декабря 2003 года N 1316      

Положение
о Комиссии по вопросам координации
работы по профилактике и противодействию
наркомании и наркобизнесу
 

            Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.02.2005 N 170 .

1. Общие положения

      1. Комиссия по вопросам координации работ по профилактике и противодействию наркомании и наркобизнесу (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.02.2005 N 170 .
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 04.08.2004 N 831 .

2. Основные задачи и функции Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии являются содействие:
      1) разработке новых подходов, при реализации комплекса взаимосвязанных адекватных мер, основанных на единой государственной политике и Стратегии борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Республике Казахстан на 2006-2014 годы, утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2005 года N 1678 ;
      2) укреплению и созданию систем эффективного государственного и общественного противодействия распространению наркомании и наркобизнеса в Республике Казахстан, профилактики, лечения наркомании и реабилитации наркозависимых лиц;
      3) формированию социального наркотического иммунитета населения страны.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2006 N 426 .
      4. Функциями Комиссии в соответствии с возложенными на нее задачами являются выработка рекомендаций по:
      1) совершенствованию государственной политики в области оборота наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и противодействию их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
      2) определению основных направлений, усилению государственного контроля над оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров и координации государственных органов, ведущих борьбу с наркоманией и наркобизнесом;
      3) реализации и дальнейшему совершенствованию механизма противодействия и борьбы наркоманией, незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров и их доступности, своевременному выявлению лиц, незаконно употребляющих наркотики, злоупотребляющих наркотическими средствами и психотропными веществами лечению независимых лиц и их социальной реабилитации;
      4) повышению эфФективности профилактики наркомании, в том числе через участие средств массовой информации, учебных заведений, медицинских организаций, правоохранительных органов и широкой общественности в формировании критического отношения и неприятия наркотиков;
      5) совершенствованию законодательной и иной нормативной правовой базы по вопросам профилактики и борьбы с наркоманией и наркобизнесом;
      6) дальнейшему совершенствованию деятельности и координации государственных органов в сфере профилактики и борьбы с наркоманией и наркобизнесом;
      7) вопросам международного сотрудничества по профилактике и борьбе с наркоманией и наркобизнесом.

3. Права Комиссии

      5. Комиссия имеет право:
      1) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов и иных организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;
      2) привлекать по мере необходимости специалистов государственных органов и государственных научно-исследовательских организаций для анализа и изучения наркоситуации в регионах;
      3) заслушивать на заседаниях Комиссии представителей центральных и местных исполнительных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      4) вносить предложения в государственные органы по дальнейшему совершенствованию работы в данном направлении;
      5) осуществлять иные права, относящиеся к компетенции Комиссии.

4. Организация работы Комиссии

      6. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на ее заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет в соответствии с действующим законодательством персональную ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией, а также межотраслевую, межведомственную координацию и за решения, вырабатываемые Комиссией. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 19.05.2006 N 426 .
      7. Подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола после заседания осуществляет секретарь Комиссии, назначаемый председателем Комиссии.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2006 N 426 .
      8. Рабочим органом Комиссии является Министерство внутренних дел Республики Казахстан.
      9. Подготовка материалов к проведению заседания Комиссии осуществляется секретарем Комиссии, который не менее чем за 3 дня до заседания направляет членам Комиссии все необходимые документы.
      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал . Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 04.08.2004 N 831 .
      11. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии и оформляются протоколом заседания Комиссии. При равенстве голосов председатель имеет решающий голос.
      Протокол подписывается в обязательном порядке всеми членами Комиссии.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2006 N 426 .