Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2104 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Нашақорлық, пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Омаров                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы               министрінің орынбасары

Телебаев                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ғазиз Тұрысбекұлы             ақпарат вице-министрі

Сағымбеков                  - Қазақстан Республикасының Қарулы
Талғат Тұрғанбекұлы           Күштері Әскери полициясы бас
                              басқармасының бастығы

Құлназаров                  - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы           спорт министрлігі Спорт комитетінің
                              төрағасы

Лырчиков                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Михаил Васильевич             министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі
                              комитеті төрағасының орынбасары

Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы            министрлігінің Кедендік бақылау
                              комитеті төрағасының орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы, Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Жанасаев Болат Бақытжанұлы, Исақов Нұржан Әзімханұлы, Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы, Алпысбаев Мәлік Ақылбайұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады