Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 830 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Баймағанбетов                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы                министрі, төраға;

Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанат Қуанышұлы                министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы
                               күрес және есірткі айналымын
                               бақылау комитетінің төрағасы,
                               төрағаның орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Исағалиев Асқар Қалидолдаұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады