Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мыналар енгізілсін:
Әйтімова Бірғаным Сарықызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Выборов Анатолий Николаевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі - Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы;
Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша);
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Исақов Нұржан Әзімханұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы құқық қорғау бөлімінің бас инспекторы (келісім бойынша);
Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Сәрсенбайұлы Алтынбек - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі;
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі;
"Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек министрі;
Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы министрі
Червинский - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Григорьевич газеті" ашық акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Абдрахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек газеті" ашық акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша);
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрі;
Червинский - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Григорьевич газеті" ашық акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан:
Павлов Александр Сергеевич, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қосмұхамедова Жәннат Оразымбетқызы, Смайылов Ержұман Өтешұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген бөлімнің 2-тармағы "өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Ережені" деген сөздермен толықтырылсын;
"4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру" деген бөлімнің 10-тармағындағы "ай сайын" деген сөздер "қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы