Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1316 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 2058170 (екі миллион елу сегіз мың бір жүз жетпіс) теңге бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                         2007 жылғы 28 желтоқсандағы
                                                N 1316 қаулысына
                                                     қосымша

           Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі

Р/с
N

Сот органның
атауы және
шешімнің
шығарылған күні

Талапкер

Мемле-
кеттік
баж
шегеріл-
ген сома
(теңге)

Мемле-
кеттік
баж
(теңге)

1

2

3

4

5

1

Қызылорда қалалық
сотының 2002 жылғы
19.07. шешімі,
Қызылорда облыстық
сотының азаматтық
істер жөніндегі 2002
жылғы 21.08.,
Қызылорда қалалық
сотының 2005 жылғы
20.06. ұйғарымы

Қ.М. Жанаев

750000

  

2

Орал қалалық сотының
2004 жылғы 09.11.
шешімі,
Орал қалалық сотының
2005 жылғы 12.05.
ұйғарымы

Д.Ф. Семилиди

80588

  

3

Тараз қалалық
сотының 1997 жылғы
22.07. шешімі,
Тараз қалалық
сотының 2006 жылғы
14.01. ұйғарымы,
Жамбыл облыстық
азаматтық істер
жөніндегі 2007 жылғы
29.08. қаулысы

П.П.
Каралефтеров

124812

  

4

Шығыс Қазақстан
облысы Бесқарай
аудандық сотының
2005 жылғы 04.10
шешімі

М.Т. Аубакиров

50000

  

5

Көкшетау қалалық
сотының 2007 жылғы
11.04. сырттай
шешімі

Е.Қ. Сабдин

780071

  

6

Өскемен қалалық
сотының 2007 жылғы
18.05. шешімі

Г.А. Казаков
А.В. Казакова

122983
129716

  

7

Маңғыстау облысы
Ақтау қалалық
сотының 2002 жылғы
08.05. шешімі,
Маңғыстау облысы
Ақтау қалалық
сотының 2005 жылғы
23.03. ұйғарымы

Л.В. Толстенко

20000

  

Жалпы сомасы:                          2058170

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады