"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-aтқару кодекстерiне өлiм жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 1332 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң қарауына енгізілсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

      Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және
Қылмыстық-атқару кодекстерiне өлiм жазасын орындауға мораторий
енгiзуге байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; N 16, 1998 ж., 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; 2003 ж., N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат):
      49-бапта:
      үшіншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген кезде, өлiм жазасы туралы үкiмдi орындау мораторий қолданысының уақытында тоқтатыла тұрады.";
      төртiншi бөлiк "орындалады" деген сөздiң алдынан ", сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн кемiнде бiр жыл өткеннен кейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "5. Өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен жазаны ерекше режимдегi түзеу колониясында өтеуi арқылы өмiр бойы бас бостандығынан айырумен немесе жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкiн. Өлiм жазасына кесiлген адамдар өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған жағдайда, олардың мораторий енгiзгенге дейiн өтiнiш бергендерiне немесе бермегендерiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар.".

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):
      1) 458-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "4. Өлiм жазасы туралы үкiмдi оны орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн қайта қарау осы Кодексте көзделген тәртiппен және негiздер бойынша жүзеге асырылады.";
      2) 459-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Заңды күшiне енген өлiм жазасы туралы үкiмдер өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн де қайта қаралуы мүмкін.".

      3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат):
      1) 69-баптың сегiзiншi бөлiгi ", сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторий қолданысының уақытында өздерiне қатысы өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген адамдар ұсталады" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 126-баптың бiрiншi бөлiгi ", сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторий қолданысының уақытында өздерiне қатысы өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген адамдар ұсталады" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 127-баптың екiншi бөлiгi ", сондай-ақ басқа сотталғандардан оқшау, бөлек жалғыз адамдық камераларда өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторий қолданысының уақытында өздерiне қатысы өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген адамдар ұсталады" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 165-баптың бесiншi бөлiгi "ерте" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшiн жойылғаннан кейiн бiр жыл өткеннен ерте";
      3) 166-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген жағдайда, мораторийдiң күшiн жойғаннан кейiн де сотталушы бiр жыл iшiнде оның мораторий енгiзгенге дейiн не оның қолданылуы уақытында өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады