Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Әскери мақсаттағы өнімдердi өндiруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1334 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Әскери мақсаттағы өнiмдердi өндiруге қатысатын кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрi Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Әскери мақсаттағы өнімдердi өндiруге қатысатын кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Әскери мақсаттағы өнiмдердi өндiруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      қалыптасқан өндiрiстiк және ғылыми-техникалық кооперация базасында әскери мақсаттағы өнімдердi дайындау саласындағы ынтымақтастықты қолдау және дамыту қажеттігiн тани отырып,
      ұзақ уақыт негiзінде Тараптар мемлекеттерінің өнеркәсiбi қорғаныс салаларының ықпалдасуын дамытуға өзара ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарттан көрiне отырып,
      Қазақстан-ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы декларацияны және XXI жүз жылдыққа бағдарланған мәңгiлiк достық пен ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 6 шілдедегi декларацияны ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы шартты , Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерi үшiн жеткiзiлетiн өнiмдердің сапасын бақылау туралы 1996 жылғы 26 қаңтардағы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өнеркәсiптiң қорғаныс салалары кәсiпорындарының өндiрiстiк және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсiмдi дамытуға,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын 1 (қызмет бабында пайдалану үшiн) және 2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшiн) (бұдан әрi - қосымшалар) сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеуге, өндiруге және сынауға, әскери мақсаттағы қызметтердi көрсетуге және осы үшiн қажеттi материалдар, шала өнiмдер, жинақтауыш бұйымдар, жаттығу және көмекші мүлiк беруге қатысатын кәсiпорындар мен ұйымдардың қалыптасқан өндiрiстiк және ғылыми-техникалық мамандануын сақтауға ықпал етедi.
      Тараптар осы Келiсiмдi iскe асыруға байланысты iс-шаралардың орындалуын мынадай уәкiлеттi органдарға:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде;
      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп, ғылым және технологиялар министрлiгiне, Ресей Авиация-ғарыш агенттiгіне, Ресей Оқ-дәрiлер жөнiндегi агенттiгiне, Ресей Кәдiмгi қару-жарақ жөнiндегi агенттiгiне, Ресей Басқару жүйелерi жөнiндегi агенттiгiне және Ресей Кеме жасау жөнiндегі агенттiгіне жүктейдi.
      Тараптар уәкiлеттi органдардың ресми атауы өзгерген немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, бұл туралы бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етедi және бұл хабарламаны осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi деп санайтын болады.

2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң қолданылатын мерзiмiне немесе қосымша шешiммен келiсілген мерзiмге, олардың ұйымдық-құқықтық нысанының және меншiк нысанының өзгеруiне қарамастан, осы Келiсiмге қосымшаларда көрсетiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтауға ықпал етедi.

3-бап

      Осы Келiсiмге қосымшаларда көрсетiлген Тараптар мемлекеттерiнiң кәсіпорындары мен ұйымдары шығаратын өнiмдердi өндiрiстен алу тәртiбi мен мерзiмiн белгiлеу, кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамын өзгерту Тараптардың уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес, ал қажет болған жағдайда - екi мемлекеттiң атқарушы билiгінің басқа да мүдделi орталық органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

4-бап

      Тараптар әскери мақсаттағы өнімдердi өндiруге қажеттi материалдарды, шала өнiмдердi, жинақтаушы бұйымдарды, жаттығу және көмекшi мүлiктi, технологиялық және ғылыми-техникалық сипаттағы қызмет көрсетулердi жеткiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркәсiптің қорғаныс салалары кәсiпорындарының өндiрiстiк және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсімде белгiленген тәртіппен Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектілерiмен жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) негiзiнде жүзеге асырылатындығымен келiстi.

5-бап

      Осы Келiсiмге қосымшаларда көрсетiлген, Тараптардың кәсiпорындары мен ұйымдарының қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа үлгілерін бiрлесе әзiрлеуге және өндiруге қатысуы туралы шешiм Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданатын болады.

6-бап

      Тараптар мемлекеттерiнің қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындары мен ұйымдарында әрекет ететiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi өкілдiктерi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерi үшiн жеткiзiлетiн өнiмдердің сапасын бақылау туралы 1996 жылғы 26 қаңтардағы келiсiмге және қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес шарттық негiзде әскери мақсаттағы жеткiзiлетiн өнiмдердi қабылдау осы кәсiпорындар мен ұйымдарда жүзеге асыратынын Тараптар қуаттайды.

7-бап

      Тараптар жеткiзушi Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз, осы Келiсiмнің шеңберiнде алынған материалдарды, шала өнімдердi, жинақтаушы бұйымдарды, құжаттаманы және ақпаратты үшiншi тарапқа, оның iшiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға сатпайды немесе бермейдi.

8-бап

      Тараптар өз мемлекетiнің заңнамасына, сондай-ақ Тараптардың мемлекеттерi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес бiрлескен жұмыстарды орындауға қажетті көлемде әскери мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, сынауға және сервистiк алып жүруге, әскери мақсаттағы қызметтердi көрсетуге қатысты мәселелер бойынша ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

9-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамалар түрiнде ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

10-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру және қолдану жөніндегi қайшылықтар Тараптардың уәкiлеттi органдарының келiссөздерi жолымен, ал қажет болған жағдайда - екi мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң басқа да мүдделi орталық органдарын тарта отырып шешiлетiн болады.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары қайшылықтарды реттей алмаған жағдайда, олар Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      Осы Келiсiмге қосымшаларда көрсетiлген Тараптар мемлекеттерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары арасында туындауы мүмкiн әскери мақсаттағы өнімдердi өндiруге қажеттi материалдарды, шала өнiмдердi, жинақтауыш бұйымдарды, жаттығу және көмекшi мүлiктi өзара жеткiзуге байланысты барлық қайшылықты мәселелер осы Келiсiмнiң шеңберiнде Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектілерiмен жасалған шарттарда (келiсiм-шарттарда) көзделген талаптарда шешілетiн болады.

11-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады және егер, Тараптардың бiр де бiрi тиiстi кезең аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етпесе, кейiнгi бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату оның қолданылуы уақытында осы Келiсiмнiң шеңберiнде қол қойылған шарттарға (келiсiм-шарттарға) сәйкес қабылданған Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң мiндеттемелерiне әсер етпейдi.
      2003 жылғы "__" _________  _______________________ қаласында
әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екi данада жасалды, әрi eкі мәтіннің де күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлдегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының           Ресей Федерациясының
            Yкiметi үшін                       Yкiметi үшін

Қызмет бабында пайдалану үшiн  
N ____ дана        

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Yкiметi арасында Әскери 
мақсаттағы өнiмдердi өндiруге қатысатын 
кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын 
сақтау туралы келiсiмге        
1-қосымша               

Ресей Федерациясы мамандануын сақтауды ұсынатын
Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарының
Тізбесі

Объектiнiң атауы                   Мамандануы, өнiм түрi

"С.М.Киров атындағы машина         Торпедалық қару-жарақ кеме
жасау зауыты" ашық акционерлiк     құрылысына арналған басқару
қоғамы Алматы қ.                   жүйелерiнің гидравлика және
                                   автоматика бұйымдары

"Қазақстан Республикасының         Радиоэлектрондық құралдарды
радиоэлектроника және байланыс     әзiрлеу; радиотехникалық
жөнiндегi ұлттық орталығы" ашық    бағыттағы бұйымдар
акционерлiк қоғамы, оның iшiнде:
"Алатау" ААКБ ғылыми-              Авиацияны басқарудың
өндiрiстiк кәсiпорны"              радиоэлектрондық құралдарын,
жауапкершiлiгi шектеулi            командалық-штабтық машиналар мен
серiктестiгі, Алматы қ.            техникалық қамтамасыз ету
                                   құралдарын әзiрлеу

"Алатау" акционерлiк қоғамы,       Авиацияны, командалық-штабтық
Алматы қ.                          машиналарды және техникалық
                                   қамтамасыз ету құралдарын
                                   басқарудың радиоэлектрондық
                                   құралдарын өндiру

"Гранит" СКТБ" акционерлiк         Арнайы және қосарлы мақсаттағы
қоғамы, Алматы қ.                  техникалық құралдарды әзiрлеу,
                                   өндiру, жөндеу

"Радиоэлектроника институты"       Радиотехникалық бағыттағы арнайы
жабық акционерлiк қоғамы,          бұйымдар, Жерді қашықтықтан
Приозерск қ.                       зондтау

"Эталон" акционерлiк қоғамы,       Есептеуші блоктар, басқару блок.
Алматы қ.                          тары

КA-168/3 мекемесi, Ақтөбе қ.       Сақтандырғыштар

"Түстi металдарды өңдеу зауыты"    Қола жолақтар
жабық акционерлiк қоғамы,
Балқаш қ.

"Тыныс" ашық акционерлiк           Авиация техникасының жұмыс
қоғамы, Көкшетау қ.                істеуін қамтамасыз ету приборлары

"Ғылым-Шығыс" ашық                 Ұшу аппараттарын желдету және
акционерлік қоғамы, Көкшетау қ.    экипаждарының өмірін қамтамасыз
                                   ету жүйелеріне енетін авиация
                                   және ғарыш техникасының
                                   агрегаттары

"Семей машина жасау зауыты"        Шынжыр табанды тартқыш
ашық акционерлiк қоғамы,           транспортерлер
Семей қ.

"ЗИКСТО" ашық акционерлiк          Мина кешендерді, миналық қарулар
қоғамы, Петропавл қ.

"Петропавл ауыр машина жасау       Тактикалық ракеталық кешендер
зауыты" ашық акционерлiк           әзірлеу және өндіру
қоғамы, Петропавл қ.

"С.М. Киров атындағы зауыты"       Үлкен және орташа қуатты радио.
өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық        қабылдағыш қондырғылар,
акционерлiк қоғамы, Петропавл қ.   антенна-фидер қондырғылары

"Мұнаймаш" ашық акционерлiк        Басқару аппаратурасы және теңіз
қоғамы, Петропавл қ.               қару-жарағына жинақтауыштар

"Зенит" ашық акционерлік           Теңіз минаға қарсы қару-жарағы;
қоғамы, Орал қ.                    жағалық күзеттің ракеталық кешен.
                                   дері; ауыспалы ток генераторлары;
                                   РСУ-1Д

"Гидроприбор" ҒЗИ" ашық            Минаға қарсы қару-жарық әзірлеу
акционерлік қоғамы, Орал қ.        және өндіру

"Омега" ашық акционерлiк           Бастапқы бақылау аппаратурасы
қоғамы, Орал қ.

"Металлист" Орал зауыты"           Атыс қаруы
ашық акционерлiк қоғамы,
Орал қ.

"Микрография ҒЗИ"                  Техникалық құжаттама бойынша
республикалық мемлекеттiк          ақпарат дайындау
мекемесi, Орал қ.

"Альтрейд" жауапкершiлiгi          Шайбалар, бериллий керамикасы
шектеулi серіктестігі,
"Керамика" зауытының филиалы,
Өскемен қ.

"Үлбi металлургия зауыты"          Магний ұнтағы, алюминий-бериллий
ашық акционерлiк қоғамы,           лигатурасы, ТКБ шайбалары
Өскемен қ.

"Титан-магний комбинаты"           Магний ұнтағы
ашық акционерлік қоғамы,
Өскемен қ.

"Қазмырыш" ашық акционерлiк        Метал мырыш, шақпақ қорғасын
қоғамы, Өскемен қ.

"Оңтүстікполиметалл" жабық         Қорғасын бояу
акционерлік қоғамы, Шымкент қ.

Қызмет бабында пайдалану үшін 
N ______ дана         

Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы Әскери 
мақсаттағы өнімдерді өндіруге қатысатын  
кәсiпорындар мен ұйымдардың мамандануын 
сақтау туралы келiсiмге        
2-қосымша              

Қазақстан Республикасы мамандануын сақтауды ұсынатын
Ресей Федерациясының кәсiпорындары мен ұйымдарының
Тізбесі

Объектiнiң атауы                     Мамандануы, өнiм түрi

"Звезда" федералдық мемлекеттiк      Жөндеу-қалпына келтiру
бiртұтас кәсiпорны, "Большой         жұмыстары, басқару жүйесi
Камень" қалалық үлгідегi базасы,     аппаратураларын жаңғырту
Приморье өлкесi

"Баррикады" мемлекеттiк өндiрiстiк   Қалыптар, жабындар, құбырлар
бiрлестiгi, Волгоград қ.

"Воронежский научно-                 Арнайы байланыс құралдары
исследовательский институт связи"
федералдық мемлекеттiк бiртұтас
кәсiпорны, Воронеж қ.

"Синтез" ашық акционерлiк қоғамы,    Анатермалар, сутегi қышқылы
Дзержинск қ., Нижегородск обл.

"Энергия" ашық акционерлiк қоғамы,   Ампулдық батареялар
Елец қ., Липецк обл.

"Завод радиоаппаратуры" ашық         Қабылдағыш-таратқыш қондырғылар
акционерлiк қоғамы, Екатеринбург қ.

"Ижсталь" ашық акционерлiк           Арнайы болаттар
қоғамы, Ижевск қ.

"Новосибирский завод искус.          Жарылыс қауiпi бар тораптар
ственното волокна" федералдық        және мина қару-жарағын
мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны,      түпкiлiктi жинау
Искитим қ., Новосибирск обл.         жөнiндегi жұмыстар

"Дагдизель" зауыты" ашық             Мина-торпеда кешендерiне
акционерлiк қоғамы, Каспийск қ.      арналған торпедалар; Өздiгінен
Дағыстан Республикасы                бағытталатын аппаратура,
                                     басқару және бағыттау жүйелерi

"Красногорсқий завод им.             Оптикалық аспаптар, нысаналар
С.А.Зверева" ашық акционерлiк
қоғамы, Красногорск қ., Мәскеу обл.

"Мортеплотехника" ғылыми-            Торпедалық қару-жарақ әзiрлеу
өндiрiстiк бiрлестiгi, Ломоносов қ., және дайындау
Ленинград обл.

"Регион" мемлекеттiк ғылыми-         Торпедалық және минаға қарсы
өндiрiстік бiрлестiгі, Мәскеу қ.     қару-жарақ әзiрлеу және
                                     дайындау

"Гранит" федералдық мемлекеттiк      ТМД ӘҚҚ ҚҚ құралдарын жөндеу,
бiртұтас кәсiпорны, Мәскеу қ.        жаңғырту және қамтамасыз ету
                                     үшiн құрал-жабдық,
                                     жинақтаушылар

"Научно-исследовательский институт   Радиолокациялық өлшемдердi
радиоприборостроения" мемлекеттік    заттай жұмыспен жүргізу
кәсiпорны, Мәскеу қ.

"Муромский приборостроительный       Пиротехникалық қондырғылар
завод" федералдық мемлекеттiк
бiртұтас кәсiпорны, Муром қ.,
Владимир обл.

"Новосибирский                       Күндіз және түнде көретін
приборостроительный завод"           оптикалық көздеуiштер, күндiз
өндiрiстік бiрлестiгi" мемлекеттiк   және түнде көретiн бақылау
бiртұтас кәсiпорны, Новосибирск қ.   аспаптары

"Омский приборостроительный          Байланыс құралдары
ордена Трудового Красного Знамени
завод им. H.Г. Козицкого"
федералдық мемлекеттiк бiртұтас
кәсiпорны, Омбы қ.

"Иртыш" Омбы өндiрiстік бiрлестiгi"  Радио байланысы құралдарын,
федералдық мемлекеттiк бiртұтас      теледидар берiлiмдерiн,
кәсiпорны, Омбы қ.                   жекелеген қондырғыларды
                                     дайындау

"Пермский завод им. С.М.Кирова"      Әскери мақсаттағы арнайы химия
федералдық мемлекеттік бiртұтас      бұйымдары
кәсiпорны, Пермь қ.

"Гидроприбор" орталық ғылыми-        ТЖМ үшiн минаторпедалық, минаға
зерттеу институты" Ресей             қарсы қару-жарақ және жабдықтар
Федерациясының мемлекеттік           әзiрлеу және дайындау
ғылыми орталығы,
Санкт-Петербург қ.

"Двигатель" зауыты" федералдық       Мина қаруы үшiн аспап
мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорны,      тораптарының жинақтауыштар;
Санкт-Петербург қ.                   минаторпедалық қару-жарағына
                                     жинақтауыштар

"Морфизприбор" орталық ғылыми-       Табудың гидроакустикалық
зерттеу институты" федералдық        жүйелерi
мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны,
Санкт-Петербург қ.

"Завод им. А.А.Кулакова"             Бәсең токты аппаратура;
федералдық мемлекеттiк бiртұтас      блоктар, ажыратқыштар
кәсiпорны,
Санкт-Петербург қ.

"Балтийский судостроительный         Бастапқы бақылау аппаратурасы
завод" ашық акционерлiк қоғамы,
Санкт-Петербург қ.

"Краснознаменец" ғылыми-өн.          Пиротехникалық бұйымдар
дiрiстiк бiрлестiгi" федералдық
мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны,
Санкт-Петербург қ.

"Ceвepнoe машиностроительное         Бастапқы бақылау аппаратурасы
предприятие" федералдық              үшiн бөлшектер мен тораптар
мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны,
Северодвинск қ.

"Ступинская металлургическая         Метал қалыптар
компания" жабық акционерлік
қоғамы. Ступино қ. Мәскеу обл.

"Революционный труд" Тамбов          Арнайы байланыс құралдары
зауыты" федералдық мемлекеттiк
бiртұтас кәсiпорны, Тамбов қ.

"Научно-исследователький институт    Радиоэлектрондық күрес
полупроводниковых приборов"          құралдарын және қосарлы
федералдық мемлекеттiк бiртұтас      мақсаттағы өнiмдi әзірлеу мен
кәсiпорны, Томск қ.                  өндiру

"Полимер" ашық акционерлiк           Пиротехникалық толтырылу
қоғамы, Чапаевск қ., Самара обл.

"Чебоксарское производственное       Пиротехникалық бұйымдар
объединение им. B.И.Чапаева"
федералдық мемлекеттiк біртұтас
кәсiпорны, Чебоксары қ.

"Электромашина" ашық акционерлiк     Бронды танк техникасы үшiн
қоғамы, Челябинск қ.                 электр техникалық жабдықтарды
                                     және қосарлы мақсаттағы өнiмдi
                                     әзiрлеу мен өндiру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады