Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 және 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1347 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлімде:
      4 "Білім беру" деген функционалдық топта:
      225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген әкімші бойынша:
      031 "Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау" бағдарламасында:
      034-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
      035-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
      202 "Республикалық мектеп-интернаттар үшін негізгі құралдар сатып алу" бағдарламасында:
      034-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
      035-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
      322 "Республикалық мектеп-интернаттардың ғимараттарын салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
      036-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарын күрделі жөндеу";
      037-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу";
      2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға 356-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      034 және 035-кіші бағдарламалардың 4 және 7-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
      көрсетілген қаулыға 391-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      033-кіші бағдарламадағы 5-баған "2 дана" деген сөздерден кейін ",электр плитасы - 2 дана, мұздатқыш шкаф - 1 дана, нан кескіш - 1 дана, нан пісіретін пеш - 1 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
      034-кіші бағдарламада:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
      035-кіші бағдарламада:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
      5-бағанда:
      "нан кескіш" деген сөздерден кейін ", нан илейтін машина - 1 дана, бумен пісіретін электр қазандығы - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
      "5-сыныпқа арналған жиһаздар" деген сөздерден кейін ", күшейткіш - 1 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
      көрсетілетін қаулыға 400-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      036-кіші бағдарламада:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарын күрделі жөндеу";
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу-құрылысы жұмыстарын жүргізу";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
      037-кіші бағдарламада:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу";
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік сараптама жасау";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
      7-тармақтағы "О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатының ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту және қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Республикалық мектеп-интернатының спорт кешендері құрылыс жөнінде мемлекеттік сараптамасы өткізілген жобалау-смета құжаттамасын дайындау" деген сөздер "Ө.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту және дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешендерін салуға арналған, мемлекеттік сараптаудан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 402-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3592300 теңге (үш миллиард бес жүз тоқсан екі миллион үш жүз мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға 410-қосымшада:
      5-тармақтағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және сынау таралымын басып шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-бағандағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және сынау таралымын басып шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы "оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді" деген сөздер "оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сынау таралымы әзірленеді және басып шығарылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады