Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қызылорда облысының әкіміне Қызылорда облысы Сырдария өзенінің қорғау бөгеттерін нығайту үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 178 (бір жүз жетпіс сегіз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне 2004 жылы орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі