"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кредиттiк бюро қызметi және кредиттiк тарихты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1363 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кредиттiк бюро және кредиттiк тарихты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы

  Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
кредиттiк бюро қызметi және кредиттiк тарихты қалыптастыру
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; 2003 жылғы 10 желтоқсанда "Казахстанская правда" және 2003 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      158-бапта:
      баптың тақырыбындағы "немесе банк құпиясын" деген сөздер ", банк құпиясын, кредиттiк бюроның кредиттiк есептерiнiң мәлiметтерiн немесе кредиттiк тарихтың дерекқорынан алынған ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "немесе банк құпиясы" деген сөздер ", банк құпиясы, не кредиттiк бюроның кредиттiк есептерiнiң мәлiметтерi немесе кредиттiк тарихтың дерекқорынан алынған ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертудің бiрiншi бөлiгiндегi "немесе банк құпиясы" деген сөздер ", банк құпиясы не кредиттiк бюроның кредиттiк есептерiнiң мәлiметтерi немесе кредиттiк тарихтың дерекқорынан алынған ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттap, N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттap; N 21,  787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар):
      1) 10-бап мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-3) кредиттiк бюроның қызметi.";
      2) 15-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Кредиттiк бюроға лицензия беру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының кредиттiк бюро және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарында айқындалады.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 3, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар):
      34-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның олар және кредиттiк бюроның деректер базасына жасалатын мәмiле (заем операциясы), сондай-ақ тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты кредиттiк ақпарат туралы мәлiметтер беруiне заемшының жазбаша келiсiмiнiң болуы заем беру туралы шарттың мiндеттi талабы болып табылады.";
      50-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "негiзiнде" деген сөзден кейiн "заң актiлерiне сәйкес берiлген заемдар бойынша кредиттiк бюроға" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың а), г) және д) тармақшаларындағы "прокурордың санкциясымен" деген сөздер алынып тасталсын.

       2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады