"Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1365 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

      1-бап. "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) 12-бапта:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеталарын шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап, егер бұл банкноттарды және монеталарды (мерекелiк және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алуға әкелiп соқтыратын болса, оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына осы мәлiметтердi берген сәтке дейiнгi мәлiметтер;";
      18) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 29-бапта:
      1-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi "Әкiмшiлiк пен" деген сөздер "Мемлекеттiк органның және (немесе) ұйым мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын лауазымды тұлғаларға мемлекеттiк құпияларға рұқсат берудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.".
      2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады