"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi
қызметтi лицензиялау ережесi
1. Осы Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
Заңына
сәйкес әзiрлендi әрi жеке және заңды тұлғаларға аталған қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиаттар) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi лицензиялануы тиiс.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - лицензиар) лицензиат осы Ереженiң 2-бөлiмiнде көрсетiлген талаптарға сай болған кезде бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия бередi.
4. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн заңды тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) құрылтайшылық құжаттардың көшiрмелерi, мемлекеттiк тiркеу туралы (нотариалды куәландырылған) куәлiктердi;
3) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
4) Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық талаптарына сәйкес жаттықтырушы-оқытушылар құрамының бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
5) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
5. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) "дене тәрбиесi және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы дене шынықтыру немесе педагогтiк бiлiмiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
4) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
6. Лицензия Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде берiледi.
7. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиат жазбаша өтiнiшi бойынша телнұсқасын алады.
9. Лицензияға лицензиялық органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
10. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның ставкасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия беру лицензия берiлген сәтте бiржолғы лицензиялық алым төленiп жүзеге асырылады.
4. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату,
оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу
және қолданылуын тоқтата тұру