"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық жiберудiң 2004 жылға арналған жоспарлары жөнiндегi қорытындыны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1379 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық жiберудiң жоспарлары жөнiнде қорытынды (келiсiм) ұсынудың және алудың тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық жiберудiң 2004 жылға арналған жоспарлары жөнiндегi қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қорытындыны Ресей тарабына дипломатиялық арналар бойынша жiберсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен  
бекiтiлген    

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың
және зымырандарды сынақтық жiберудiң 2004 жылға арналған
жоспарлары жөнiндегi қорытынды

      Қазақстан Республикасының Yкiметi Ресей тарабы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын (бұдан әрi - ҒА) ұшырудың 2004 жылға арналған жоспарларын келiсуде.
      Ленинск сынақ полигонындағы және Байқоңыр кешенiндегi Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнындағы жойылатын құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларының орналасқан орындарындағы жер учаскелерiн қайта өңдеу туралы үкiметаралық келiсiм жобасы тараптардың сарапшыларымен келiсiлгенiн және Ресей тарабы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жою әрi жер учаскелерiн кейiннен қайта өңдеу жөнiндегi қажеттi жұмыстарды қаржыландыруға және орындауға дайындығын растағаны туралы ақпаратты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2004 жылға арналған жоспарын келiсуде.
      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық жiберудiң жоспарлары жөнiнде қорытынды (келiсiм) ұсынудың және алудың тәртiбi туралы келiсiмнiң 2-бабының 2-абзацында мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу және жалға берiлетiн мүлiкке ажырамас жақсарту енгiзудi келiсу үшiн "Байқоңыр" кешенiнiң жаңа объектiлерiн салу және пайдаланылатын объектiлердi қайта жаңарту жобаларын ұсыну көзделгенiне байланысты, Ресей тарабы ұсынған 2004 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу жоспары және 2003 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсарту енгiзу туралы есептi қарауға қабылдауға болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады