Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1390 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарттың жобасы (бұдан әрi - Шарт) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Шартқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1390 қаулысымен  
мақұлданған     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
сыртқы аудитiн жүргiзу туралы
N____Шарт

Астана қаласы              200___жылғы "__" __________________

      Бұдан әрi "Тапсырысшы" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 962 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан әрекет ететiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр тараптан және бұдан әрi "Аудитор" деп аталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурс комиссиясының шешiмiмен жеңiмпаз деп танылған, 2003 жылғы 4 желтоқсандағы сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн "Эрнст энд Янг Қазақстан" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС) Әрiптес, компанияның тиiсiнше уәкiлеттiк берiлген өкiлi Ахмед Абу Шаркх екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Аудитор Аудит жөнiндегi Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарға сәйкес Қорды басқаруға байланысты шығыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) 2003 жылғы және 2004 жылғы жылдық қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн жүргiзедi. Сыртқы аудиттiң мақсаттары мен мiндеттерi Қордың қаржылық активтерiн инвестициялаудың тиiмдiлiгi, ресурстардың өнiмдi пайдаланылуы, активтердің сақталуы және қаржы жылының аяғындағы жағдай бойында қойылған мақсаттарға жетуi туралы Қордың қаржылық есептілігiнде көрсетілген алынған қаражат пен шығыстар туралы Аудитордың кәсiби түсiндiрме жасауынан тұрады.

      Мыналар аудиттен өткiзуге жатады:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi және оларды пайдалану туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Ұлттық қорды сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жылдық есебi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қаржылық есептiлiгi;
      4) Қорды басқару жөнiндегi өзге де деректер.
      Аудиторлық тексерiс:
      қаржылық есептiлiкте қамтылатын соманы және өзге де ақпаратты растайтын деректердi iрiктеп тестiлеудi;
      бухгалтерлiк есептiң қағидаттарын және Тапсырысшының басшылығы жасаған негiзгi кемшiлiктердi, сондай-ақ қаржылық есептiліктi берудiң жалпы нысанын бағалауды қамтиды.
      Аудит жүргiзген кезде мынадай мәселелерге:
      1) бастапқы инвестициялық капиталдың сақталуына;
      2) ұзақ мерзiмдi перспективада активтер табыстылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге;
      3) активтердің өтiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
      4) активтердiң нарықтық құнын өзгерту тәуекелін басқаруға;
      5) Қорды басқарудың тиiмдiлігіне;
      6) Қордың тұрақтандыру және жинақ портфельдерiнiң құрамына;
      7) портфельдiң нарықтық құнының айырбас бағамының өзгеруiне тәуелсiздiгін қамтамасыз етуге;
      8) сыртқы басқарушылар қызметiнiң тиiмдiлiгiне;
      9) iрiктеп алынған кастодиандардың жұмысын бағалауға;
      10) құрылымдық өнiмдердi пайдаланудың тиiмдiлiгiне;
      11) Қордың орташа айлық нарықтық құнын есептеудiң және сенімгерлік басқаруға аударымдардың дұрыстығын тексеруге;
      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімгерлік басқару жөнiндегi қызметiн басқа елдердiң ұқсас қорларының қызметiмен салыстырмалы талдауға ерекше назар аудару қажет.
      1.2. Аудитор Тапсырысшыға аудиттелген құжаттамаға негiзделген, қарапайым аудиттi орындау процесiнде белгiленетiн бухгалтерлiк есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру, iшкi бақылау тетiктерi бойынша кез келген материалдық кемшiлiктердi және өзге де жұмыс нәтижелерi мен ұсынымдарды көрсететiн хат дайындайды. Бұл хат iшкi бақылаудың бүкiл құрылымының, оның тиiмдiлiгiнiң және операциялардың толық тәуелсiз бағалануын бiлдiрмейдi.
      Қордың қаржылық eceптілігi бойынша ескертулерді немесе терiс пiкірдi қамтитын Аудитордың қорытындысы оны осы Шарттың 2.2. және 4.1 - 4.3-тармақтарынан туындайтын мiндеттемелерден босатпайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Тапсырысшының:
      Аудитордан аудит жүргiзуге қатысты заңнаманың талаптары туралы толымды ақпаратты алуға;
      Аудитордың ескертулерi мен қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық кесiмдермен танысуға;
      осы Шарттың ережелерiне сәйкес Aудитopдың мiндеттемелердi орындауын талап етуге;
      Аудитор Шарттың ережелерiн бұзған немесе орындамаған жағдайда, Шартты орындаудан бiр жақты тәртiппен бас тартуға;
      Аудитордың осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан Тапсырысшыда туындаған залалдардың орнын толтыруды Аудитордан талап етуге құқығы бар.
      2.2. Тапсырысшы:
      Аудитор қызметкерлерiнiң осы Шартты iске асыруы процесi барысында олардың жұмысы үшiн қолайлы жағдайлар жасауға;
      қажеттi ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде беруге;
      аудитке жататын мәселелер шеңберiн шектеу мақсатында аудитордың қызметiне араласпауға;
      Қорда іс жүзiндегi, ықтимал немесе танымал сот қуынымдары, наразылықтары, өзге де талаптары немесе ықтимал мiндеттемелерi болған кезде осы мәселелер туралы аудиторға толық ақпарат беруге. Осындай мәселелер болған кезде және жәрдем көрсету, консультация беру немесе осы мәселелерде Қорды қорғау үшiн Тапсырысшы кәсiби заңгерлердi тартқан жағдайда, Аудитордың өтiнуi бойынша немесе өз бастамасы бойынша Тапсырысшы көрсетiлген сот қуынымдарына, наразылықтарға, талаптарға немесе ықтимал мiндеттемелерге қатысты жазбаша түсiндiрулердi тiкелей Аудиторға ұсынуын сұрай отырып, осындай заңгерлерге тиiстi хаттар жiбереді, сондай-ақ осындай мiндеттемелердiң сомасын және олардың жағымсыз нәтижелерiнiң болуын бағалайды.
      Аудиторға Қордың қаржылық есептілігін және бастапқы ведомостарын және талдамалы деректерiн беруге немесе Аудитордың сұрауы бойынша жеке келiсiлген мерзiмдерде оларға қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
      Аудитор банктермен, тапсырысшылармен, жеткiзiп берушiлермен есеп айырысулар бойынша кейбiр қалдықтардың тәуелсiз растамасын алу қажет деп есептесе, Аудиторға осыған байланысты кез келген хат-хабарды көшiруге, басып шығаруға, дайындауға және жiберуге жәрдем көрсетуге;
      осы Шарттың 4.3-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде Аудитор ұсынған шоттың негiзiнде аудитор көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi жүзеге асыруға мiнденттенедi.
      2.3. Аудитор мен оның қызметкерлерiнiң:
      "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС компаниясы аудиторлық әдiстемесiнiң және Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы шығарған Халықаралық аудит жөнiндегі стандарттардың шеңберiнде аудиттi жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде шарттық негізде аудит жүргiзуге қатысуға түрлi бейiндегi мамандарды тартуға;
      Қор бойынша оның қаржылық қызметi туралы құжаттаманы, ақша сомаларының, бағалы қағаздарының бар-жоғын толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер жөнiнде түсiндiрулер және аудиторлық тексеру үшiн қажетті қосымша мәлiметтер алуға;
      жоғарыда айтылғанға жатқызылатын және атап айтқанда, қаржылық есепке алу тiркелiмдерiн және оларға қатысты деректердi, басшы және бақылау органдары отырыстарының хаттамаларын, салық тексерiстерiнiң нәтижелерi туралы кесiмдердi, шарттар мен несие келiсiмдерiн, капиталға қатысты нотариалдық кесiмдер мен құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге құқығы бар. Аудитор кейбiр жағдайларда Тапсырысшымен келiсiм бойынша өзiнiң мұрағатына кiргiзу үшiн осындай құжаттардың көшiрмелерiн жасайтын болады.
      2.4. Аудитор мен оның қызметкерлерi:
      Аудиттiң Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарына сәйкес Қорды басқару жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, 2003 жылғы және 2004 жылғы Қордың жылдық қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн жүргiзуге;
      аудиттi жүргiзу кезiнде Аудиттiң Халықаралық және Қазақстандық стандарттары талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың келiсiмiнсiз олардың мазмұнын жария етпеуге;
      аудит нәтижелерiнiң, сондай-ақ аудит жүргiзген кезде алынған және коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге құпияның мәнiн құрайтын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға;
      осы Шарттың 3.5-тармағында көрсетiлген мерзiмде Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары мен Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң әрi аудиторлық есептiң жобаларын және Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары мен Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша финалдық қаржылық есептiлiктi әрi аудиторлық eceпті ұсынуға мiндеттенедi.

3. Жұмыстардың орындалуы

      3.1. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу әрi Қазақстандық және Халықаралық бухгалтерлiк Есептiлiктi жасау жауапкершiлiгi қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес Қорды сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктеледi. Бұл есепке алу тiркелiмдерiн тиiстi түрде жүргiзудi, операциялардың, есеп және есептiлiктiң қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес келуiн, iшкi бақылау шараларын белгiлеудi және ұстануды, есеп саясатын дәйектi қолдануды және Қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етудi қамтиды.
      3.2. Қазақстандық және Халықаралық Бухгалтерлiк Есептiлiктiң Аудитiн Аудиттiң Халықаралық және Қазақстандық Стандарттарына сәйкес Аудитор жүргiзедi, бұл ретте жекелеген шоттар, шоттардың топтары мен операциялар және тұтастай алғанда бухгалтерлiк есеп бойынша елеулi және жiберiлуi мүмкiн қате қағидатын қоса алғанда "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС компаниясының аудиторлық әдiсi қолданылатын болады.
      3.3. Аудиттi жүргiзу процесiнiң ерекшелiгiне байланысты аудитор Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттарына және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттарына сәйкес дайындалған аудиттелген қаржылық есептiлiкте, егер ақпарат жасырылып қалса немесе Аудитордың билiгiне берiлмесе, бұл аудиттiң әдеттегi барысында мұндай қателердi табуға мүмкiндiк бермесе, елеулi қателердiң болмауына кепiлдiк бермейдi. Барлық табылған елеулi қателер және Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттарына және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттарына сәйкес дайындалған қаржылық есептiлiк бойынша аудиторлық қорытындыға жататын өзге елеулi мәселелер Қорды басқару жөнiндегi кеңеске жеткiзiлетiн болады.
      3.4. Аудитор өз жұмысын Қордың бастапқы құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады және оның анықтығы мен растығы үшiн сондай-ақ Тапсырысшы ұсынған басқа ақпараттың анықтығы үшiн жауапты болмайды. Тапсырысшы Аудиторға аудит барысында ол аудиторға берген барлық ақпараттың анық болғанына және бухгалтерлiк есептiлiкте көрiнiс тапқанына жазбаша растама жiбередi. Осы Шартты iске асыру процесiнде Аудитордың қызметшiлерi дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есептеулер, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезiнде пайдаланылатын өзге де iшкi құжаттар) Аудитордың меншiгi болып табылады. Қажет болған жағдайда бұл құжаттардың көшiрмелерi Аудитордың шешiмi бойынша Тапсырысшыға берiлуi мүмкiн.
      3.5. Қаржылық есептiлiк пен аудиторлық есептi беру мерзiмдерi:
      2003 жыл үшiн:
      2004 жылғы 25 ақпан - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң және аудиторлық есептiң жобаларын Тапсырысшыға ұсынуы.
      2004 жылғы 01 наурыз - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша финалдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi Тапсырысшыға ұсынуы.
      2004 жыл үшiн:
      2005 жылғы 25 ақпан - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң және аудиторлық есептiң жобаларын Тапсырысшыға ұсынуы.
      2005 жылғы 01 наурыз - Аудитордың Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша финалдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi Тапсырысшыға ұсынуы.

4. Шарт бойынша есеп айырысулар

      4.1. Аудитор көрсететiн қызметтердiң құны Аудитордың қызметкерлерi iс жүзiнде жұмсаған уақыты мен олардың ставкаларына негiзделедi.
      Қызметтердiң құнына Тапсырысшыға қызметтер көрсетуге байланысты Аудитордың телефон, почта, телекс және факсимильдiк байланыс жөнiндегi үстеме шығыстары кiргiзiлмейдi. Ұсынылған шоттың жалпы сомасына қолданылып жүрген ставка бойынша ҚҚС және Тапсырысшы тексерген есептеулер бойынша үстеме шығыстар қосылатын болады.
      4.2. Осы Шарттың 1-бабында көрсетiлген аудитордың қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi бюджет мынадай мөлшерде келiсiлдi:
      2003 жыл 11 159 200 теңге;
      2004 жыл 12 594 800 теңге.
      Салық заңнамасы өзгерген жағдайда осы өзгерiстерге сәйкес ставкалар мен салық түрлерi қолданылатын болады.
      4.3. Тараптар арасындағы есеп айырысулар жыл сайын Аудитор ұсынған шоттың негiзiнде ол ұсынылғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Ақы төлеу Қордың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

5. Жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу тәртібі

      5.1. Жұмыстар аяқталғаннан кейiн Аудитор Тапсырысшыға жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу актісін ұсынады.
      5.2. Тапсырысшы Бухгалтерлiк Есептiң Қазақстандық Стандарттары және Қаржылық Есептiлiктiң Халықаралық Стандарттары бойынша қаржылық есептiлiктiң және аудиторлық есептiң жобаларын қарауға әрi қарсылық болмаған жағдайда, жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу актiсiне қол қоюға және қол қойылған актiнi немесе жұмыстарды қабылдаудан дәлелдi бас тартуын Аудиторға жiберуге мiндеттенедi.
      5.3. Тапсырысшы дәлелдi бас тартқан жағдайда, тараптар қажеттi пысықтаулар мен оларды орындау мерзiмдерiнiң тiзбесiмен екi жақты акт жасайды.
      5.4. Тараптар жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу актiсiне қол қойғаннан кейiн Аудитор Тапсырысшыға көрсетiлген қызметтер үшiн шот ұсынады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1. Осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
      6.2. Тараптар Шарт бойынша жауапкершiлiктен өзара келiсiм бойынша толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
      6.3. Аудитордың осы жобаны орындау нәтижесiнде немесе соған байланысты шарт мiндеттемелерiн немесе кәсiби стандарттарын кез келген бұзуға қатысты жиынтық жауапкершiлiгi осы жобаны орындау нәтижесiнде немесе соған байланысты Тапсырысшының кез келген талап-тiлектерiн (пайыздарды, адвокаттардың қаламақыларын және шығыстарды қоса алғанда) жабу үшiн осы жоба бойынша Тапсырысшы iс жүзiнде төлеген соманың 200%-ы шектелетiн болады.

7. Форс-мажор

      7.1. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiнiң iшiнара немесе толық орындалмағаны үшiн, егер ол тежеусiз күш, яғни осы жағдайларда төтенше және шарасыздық жағдайлардың салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады.
      Осы Шарттың шеңберiнде тежеусiз күш деп мыналар танылады:
      табиғи, дүлей апаттар (өрт, су тасқыны, жер сiлкiнiсi және т.б.);
      қоғамдық өмiрдегi төтенше жағдайлар (әскери iс-қимылдар, iндеттер, ереуiлдер және т.б.);
      мемлекеттiк органдардың тыйым салушы кесiмдерi;
      сондай-ақ тараптардың бақылауынан тыс өзге де күтпеген жағдайлар.
      7.2. Тежеусiз күш жағдайларының әрекетiне ұшыраған және соның салдарынан Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға дәрменсiз болып шыққан тарап осындай жағдайлар басталған сәттен бастап үш күннен кешiктiрмей бұл туралы басқа тарапты жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Тежеусiз күш жағдайлары туралы уақтылы хабарламау тарапты ақталу ретiнде оларға сүйену құқығынан айырады.
      7.3. Егер Шарттың 7.1-тармағында көрсетiлген жағдайлар екi айдан артық жалғасатын болса, тараптардың әрқайсысы Шартты толық немесе iшiнара бұзуға құқылы. Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда Тапсырысшы Аудиторға 4.1-тармақта көрсетiлген рәсiмге сәйкес iс жүзiнде жасалған жұмысқа ақы төлеуге мiндеттенедi.

8. Дауларды шешу

      8.1. Осы Шарттың ережелерiнен даулар немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, бастамашы Тарап жазбаша түрде басқа тарапты даудың немесе келiспеушiлiктiң мәнi туралы хабардар етуi тиiс.
      8.2. Тараптар дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      8.3. Туындаған дауларды немесе келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен Тараптардың реттеуi мүмкiн емес болған кезде, даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа берiледi.

9. Шартты қолданылу мерзімі

      9.1. Шарт аудитор Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретiнде оған тараптар қол қойғаннан кейiн 1 187 700 теңгеге тең соманы толық енгiзген сәттен бастап күшiне енедi және тараптар осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толығымен орындағанға дейiн қолданылады.

10. Өзге жағдайлар

      10.1. Тапсырысшы мен Аудитор Шарт бойынша мiндетемелердi орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға мiндеттенедi. Құпия болып табылатын ақпарат пен құжаттаманың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
      10.2. Осы жобаны орындауға байланысты аудиторға ұсынылған немесе ол алған құпия ақпарат ауызша да, жазбаша да нысанда үшiншi тараптарға жария етiлмейдi. Осы ақпаратты ашу Тапсырысшының оған алдын ала келiсiмiн алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      10.3. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және оларға екi тарап та қол қойған жағдайда жарамды. Тиiстi түрде ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      10.4. Тапсырысшы аудиторлық қорытындыны және/немесе теңгерiмдi, қаржылық нәтижелер және олардың пайдаланылуы туралы есептi және оларға ескертулердi аударманың дәлдiгiне қатысты Аудитормен кеңеспей, көрсетiлген құжаттар ұсынылатын тiлден кез келген басқа тiлге аудармайды немесе оларды аудару үшiн кәсiпқой аудармашыны тартпайды.
      10.5. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден алты данада жасалды, бұл ретте барлық даналардың бiрдей заң күшi бар.
      10.6. Осы Шарт мемлекеттiк, орыс және ағылшын тілдерiнде жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Шарттың ережелерiн түрлiше түсiнуден туындайтын келiспеушiлiктер болған жағдайда, Шарттың орысша мәтiнi қолданылады.

Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң    "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС
         атынан                                 атынан

_________________Е.Досаев            ________________Ахмед Абу Шаркх

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,  Мекен-жайы: Қазақстан
Астана қаласы, Жеңiс даңғылы,        Республикасы, Алматы қаласы,
33/Абай даңғылы, 52                  Фурманов көшесi, 240Г
                                     Есеп айырысу шоты:
                                     Қазақстан ABN АMRО Банкi
                                     Қазақстан Эрнст энд Янг үшiн
                                     Е.ш N 2467543 код 922

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады