Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 487-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
"форум," деген сөзден кейін "1" деген санмен толықтырылсын;
"акция," деген сөзден кейінгі "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі