Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 150аи қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 34-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 9 қарашадағы N 480 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрестiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес iс-шаралар жүргiзу. Саны 105 бiрлiк 4 атаулы қару-жарақты, 200 000 бiрлiк оқ-дәрiлерді, саны 1 бiрлiк КАМАЗ автомашинасын, саны 658 бiрлiк 10 атаулы арнайы криминалдық техникаларды, саны 1012 бiрлiк 13 атаулы байланыс құралдарын, саны 2 бiрлiк арнайы орындаудағы ноутбукты, саны 2 бiрлiк телефондардың нөмiрлерiн анықтауға және тiркеуге арналған құралды, саны 1 бiрлiк дербес компьютердi блоктауға арналған құралды, саны 2 бiрлiк ақпаратты қашықтықтан оқу бұйымын, саны 2 бiрлiк ақпаратты есте сақтауға және қашықтықтан оқуға арналған бұйымды сатып алу. Терроризмге қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң кадрлық құрамын қайта даярлау және олардың біліктілiгiн арттыру; авиатехниканың қаруландыруындағы жөндеу-регламенттiк жұмыстар, елiмiзден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарлар, шарт бойынша заңды тұлғаларға қызметтер көрсету, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету, кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден алымдары, ТМД-ның әуе кеңестiгiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер";
      көрсетiлген қаулыға 36-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Штаттық саны 3973 бiрлiк шегiндегi тергеу изоляторларын ұстау. Тергеу изоляторларының қызметiн азық-түлiкпен, дәрi-дәрмектермен, заттай мүлiктермен, арнайы жабдықтармен, жұмсақ мүкәммалмен, жанар-жағармай материалдарымен, тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету, тергеуге қамалған адамдарды құжаттауды жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеу, оның iшiнде мемлекеттiк баж және суретке түсiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеу бойынша шығыстар. Арнайы техникалық құралдар мен ерекше жабдықты сатып алу: жасырын бейнебақылау жүйелерi - 18 жиынтық, жасырын аудиобақылау жүйелерi - 18 жиынтық; 9 мм Макаров тапаншалары - 13 бiрлiк, МТ патрондары - 653 бiрлiк, 7,62 мм патрондары - 300 бiрлiк, 5,45 мм патрондары 2330 бiрлiк, 9 мм патрондары - 2153 бiрлiк, "Черемуха-10" бұйымдары - 89 бiрлiк, қорғаныс жилеттерi - 27 бiрлiк, шлемдер - 28 бiрлiк, жедел байланыс станциялары - 4 бiрлiк, алып жүретiн радиостанциялар - 57 бiрлiк, УҚТ стационарлық радиостанциялары - 10 бiрлiк";
      көрсетiлген қаулыға 42-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      5-бағанда: "(орналасқан күзет орындарының саны: Астана қаласы - 21, Алматы қаласы - 123)" деген сөздер "(орналасқан күзет орындарының саны: Астана қаласы - 23, Алматы қаласы - 122, Орал қаласы - 2)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 48-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      5-бағанда: "1000000" деген сандар "7788319" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 55-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда:
      "760 250" деген сандар "1 029 595" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 57-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған "дизельэлектрстанциялары - 2 бiрлiк, суырмалы шкафтар - 14 бiрлiк." деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 58-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) іске асыру жөнiндегі іс-шаралар" деген бағанда:
      "жарылыс қаупі бар заттарды жоюшы - 26 бiрлiк," деген сөздерден кейін "радиожарғыштарды қашықтықтан блоктағыш (алып жүретiн) - 5 жиынтық, ҮОХ - қосу гарнитур жүйесiмен УҚТ радиостанциялары - 23 жиынтық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кеден алымдарына ақы төлеу, ҚҚС және кеден рәсімдерін ресiмдеу жөніндегi қызметтер көрсету." деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Байланыс жабдықтарын сатып алу: ғимараттарға телефон орнату - 1 жүйе, Коралл телефон станциясы - 1 жиынтық, компьютерлік желiнiң пассивті жабдығы - 1 жүйе, белсенді желілік жабдық - 1 жүйе, радиостанцияларды УҚТ қашықтықтан басқару жүйесi - 1 жүйе, "Шорох-1" виброакустикалық қорғаныс жүйесі - 1 жүйе, МП үлгісіндегі  сымды коммуникацияларды қорғау құрылғысы - 150 бiрлiк, "ГШ-К-1000" шу генераторы - 22 бірлiк, ФСПК-40 желілік кедергі жоюшы фильтр - 3 бiрлiк, ФСП-3Ф-10А желiлік кедергі жоюшы фильтр - 20 бiрлiк, белсендi ВЧ TB жүйелiк жабдығы - 1 жиынтық. Орталық аппараттың сымдық байланысының телекоммуникациялық желісін инсталляциялауды және кеңейтудi ecкepe отырып, орталық аппаратының құрылымды кабель желісін кеңейту. Саны 15 дана 3 атаулы құрылымды кабель желiсiне арналған UTP кабель өнiмi (қорабы 300 м), саны 465 дана 2 атаулы құрылымды кабель желісіне арналған коммутациялық розетка (1 портты, қабырғадағы), саны 717 дана 4 атаулы құрылымды кабель желiсiне арналған жалғаушы бау, саны 27 дана 1 атаулы құрылымды кабель желiсiне арналған коммутациялық тақта, 320 портқа құрылымды кабель желiсіне арналған сканер - 1 дана, саны 60 дана 3 атаулы құрылымды кабель желiсіне арналған аксессуарлар, саны 3750 метр 2 атаулы құрылымды кабель желiсiне арналған кабель арнасы, саны 30 дана 2 атаулы кабель арнасына арналған аксессуарлар, 8 талшықты оптикалық кабель - 2000 метр, саны 30 дана оптикалық кабельге арналған аксессуарлар, шкафқа арналған "пилот" үлгісіндегі құрылғы, саны 2 дана 5 розетка, саны 2 дана белсендi желілік жабдық (48 портқа арналған жұмыс топтарының коммутаторы), белсенді желілік жабдыққа арналған үздіксіз қоректендіру блогы - 2 дана, 30 абоненттiк желінің енгiзу/шығару шеткі мультиплексоры - 2 дана, саны 34 дана 4 атаулы 30 абоненттік желінің енгізу/шығару шеткі мультиплексорына арналған аксессуарлар, енгiзу/шығару мультиплексоры - 2 дана, енгізу/шығару мультиплексорына арналған аксессуарлар - 2 дана, оптикалық-талшықты кабельдiң конверторы - 2 дана, саны 82 дана 10 атаулы құрылымды кабель желiсiн жұмыс iстетуге арналған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, монтажды-инсталляциялық жұмыстар.
      Жиһаздарды сатып алу: саны 1147 бiрлiк 9 атаулы үстел, саны 331 бiрлiк 6 атаулы кресло, жартылай жұмсақ орындық - 1000 бiрлiк, жұмсақ орындық - 14 бiрлiк, саны 657 бiрлiк 8 атаулы шкаф, киiм ілетiн орынға арналған тiк ілгiш - 12 бiрлiк, басшы жинағы - 15 жиынтық, демалыс бұрышы - 15 жиынтық, кілем төсеніштерi - 1000 метр, портьер (жартылай перделер, перделер) - 200 жиынтық, саны 10 бiрлiк 3 атаулы тұрмыстық техника, офистік жиһаз - 10 жиынтық, саны 6 бiрлік 3 атаулы тумба, 44 шаршы метр кiрден қорғайтын жабуын, 116,25 шаршы метр желбезектер, жасанды гүлдер.
      Түтiктi, ВЧ кабельдi және кабельдi сым орамдарын монтаждау, ғимараты радиофикациялау; ғимараттарда радиобайланыстың антенналық- фидерлiк және аппараттық кешенiн монтаждау; Коралл телефон станциясын шығаруды монтаждау; авариялық электрмен қоректендiру агрегатын монтаждау; құрылымды кабель желiсiн монтаждау; белсендi жетiлiк жабдықты монтаждау; байланыс жүйелерiн қорғауға арналған компьютерлердi сертификаттау";
      көрсетiлген қаулыға 61-қосымшада:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi департаментiнiң Кинологиялық орталығын салу және қайта жаңарту";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бекiтілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Кинологиялық орталық бойынша жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетін нәтижелер: Кинологиялық орталық бойынша жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау - құрылыс басталғаннан бастап сметалық құнның 16,5 %".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады