Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 150ан қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 300-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      031-кіші бағдарламаның 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазынашылық жүйесінің серверлік жабдықтарын жылдық техникалық қолдау, Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және ағымдағы жетілдіру, "БАСК-М" автоматтандырылған жүйесін сүйемелдеу";
      032-кіші бағдарламаның 5-бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҚҚС АЖ, ККАЖ, СЕЭН, БСАЖ-2 пилоттық жобаларын іске қосу үшін сатып алынатын серверлерде орындалатын қызметтер көрсетуді беру, оның ішінде: ДБЖ мен қосымшаларды орнату, деректерді айырбастау, орталық деңгейдегі серверден деректерді аудандық деңгейдегі серверге ауыстыру, 30 адамды екі курс бойынша оқыту";
      2) көрсетілген қаулыға 302-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      030-кіші бағдарламаның 5-бағанының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептеу техникасы құралдарын (1024 дана), серверлер (22 дана), желілік жабдықтар (70 дана), принтерлер (40 дана), сканерлер (32 дана), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері үшін дискілік баған, ілеспе тауарлар мен қызметтер көрсету, жүйелік бағдарламалық өнімдер сатып алу";
      031-кіші бағдарламаның 5-бағанының он жетінші абзацындағы "300" деген сандар "522" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады