Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 544-қосымшада :
"Бюджет бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ 5-бағанының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20-тармақшалармен толықтырылсын:
"1.6. шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңiрлiк бағдарламаларын жасау және бiрдейлендiру әдiстемелерiн әзiрлеу. Өңiрлерде шағын бизнестi қолдау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға қажеттi ресурстарды негiздеу және есептеу;
1.7. қаржы ресурстарына қол жеткiзудi кеңейту мақсатында микрокредиттiк ұйымдардың қызметiне талдау жасау және мкирокредиттік ұйымдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;
1.8. кәсiпкерлiк саласына халықтың белсендi бөлiгiн тарту мақсатында кәсіпкердің оң беделiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу;
1.9. шағын кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы мемлекеттiк емес бiрлестiктер мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл тетiктерiн әзiрлеу;
1.10. рынокқа талдау жасау және бәсекелес артықшылықтар мен шығарылатын өнiм сапасын арттыруға қол жеткiзуге арналған құрал ретiндегi шағын бизнес субъектілерi үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
1.11. шетелдiк кәсiпкерлiктi қолдау миссиялары қызметiн зерделеу әрi талдау және олармен сындарлы өзара қатынастарды ұйымдастыру жөнінде ұстанымдар бepу;
1.12. шағын және орта бизнес саласындағы франчайзинг жүйесiн дамытуды ынталандыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
1.13. шағын және орта бизнес субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыратын бақылау-қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына талдау жасау. Тексерулер жүргізу бөлiгінде олардың қызметін ретке келтiру және регламенттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
1.14. кредиттік бюpo құру және оның жұмыс iстеу тетіктерiн әзiрлеу. Қазақстан Республикасында микрокредит берудiң мониторингi индикаторына талдау жасау және оны әзiрлеу;
1.15. шағын бизнестi қолдаудың қазiргі институттары: Республикалық ақпараттық-көрме орталығы мен Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры базасында инновациялық инфрақұрылым құру шеңберiнде ақпараттық-технологиялық орталық қызметінің тұжырымдамасын әзiрлеу;
1.16 ұлттық компаниялар төңiрегінде кәсіпкерлiктің шағын нысандарын құру қағидаттары мен тәртiбi жөніндегi тұжырымдаманы әзiрлеу мақсатында жүйе құраушы кәсiпорындар жанындағы шағын бизнестi қолдаудың қазіргі бағдарламаларына талдау жасау және оны қорыту;
1.17. кәсiпкерлiктi қолдаудың өңiрлiк институттарының қызметі практикасының оң тәжiрибесiн зерделеу. Осы тәжiрибенi ретке келтiру, бiрдейлендiру және көбейту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
1.18. шағын және iрi бизнестiң өзара iс-қимылы қағидаттарын әзiрлеу. Қатысудың мемлекеттiк үлесi жоқ iрi компаниялар үшiн аутсерсинг тетiгi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
1.19. шағын және орта бизнес кәсiпорындары таяу және алыс шет елдер рыноктарына шығаратын экспортқа бағдарланған тауарларды жылжытудың құралы ретiнде көрме-жәрмеңке қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
1.20. шағын бизнестi қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамаға талдау жасау, орын алып отырған қарама-қайшылықтарды айқындау және нормативтiк базаны жетілдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі