Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 150ау қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 700-1-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      төртінші абзацтағы "4" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
      бесінші абзац "бекетінің" деген сөзден кейін ", Атырау қаласындағы оқу-әдістемелік орталықтың" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзац "залдары" деген сөзден кейін ", "Қорғас" кеденіндегі контейнерлік тексеру ғимараты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады