Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 150ав қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 312-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "мемлекеттiк тiлдi" деген сөздер "мемлекеттiк және өзге де тiлдердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 318-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "Моторолла" радиостанциясы - 1 дана" және "маман үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      "радиомикрофон - 3 жинақ," деген сөздерден кейiн "кресло - 250 дана, жұмыс үстелi - 54 дана, роликтi тумба - 50 дана, әмбебап шкаф - 37 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 319-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "компьютер - 30 дана; принтер - 3 дана" деген сөздер "компьютер - 60 дана; принтер - 14 дана; DCN үшiн камераларды бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жиһаз" деген сөзден кейiн ", басқа заттар мен материалдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жиынтықтаушыларын" деген сөзден кейiн ", әдебиет" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Монтаждау және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жөндеу жұмыстарын жүргізу және құрылымдалған кабельдік жүйені монтаждау, ҚКЖ жабдығы (UPS - 1 дана, RIT жабдығы - 4 дана, жұмыс істеп тұрған жабдық - 2 дана, электр қалқаны - 2 дана)".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады