Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 150е қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 326-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сарапшылық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн электронды таразыларды сатып алу.";
      көрсетiлген қаулыға 334-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мерзiмдi баспа басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу, теле- және радиобағдарламаларды дайындау; құқықтық мазмұндағы жарнамалық-имидждiк роликтердi әзiрлеу және шығару. Құқықтық пәндер бойынша оқу құралдарын, бағдарламаларды, әдiстемелiк құралдар мен әзiрлемелердi дайындау және шығару.".

      2. Осы қаулы қол қойылған бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады