Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 617 , 619, 622-қосымшаларда:
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының", "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы", "облыстық құқықтық статистика және ақпарат орталығын" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң", "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi", "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі