Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумға қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы N 10 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумға қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
"Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi
бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы
меморандумға қол қою туралы

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы меморандумға қол қойылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс істеуiн қамтамасыз ету
мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы
Меморандум

      Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президенті 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы келiсiмнiң ережелерiн, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенiнде өзара iс-қимылдың құқықтық негiзiн құрайтын өзге де келiсiмдер мен уағдаластықты дамыта отырып;
      ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану процесiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану бойынша екі жақты және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде екі мемлекеттiң мүдделiлiгін растай отырып;
      Ресей Федерациясы жалға алған жағдайда "Байқоңыр кешенiнiң инфрақұрылымын сақтау және дамыту жөнiндегі бiрлескен жұмыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына зымыран-ғарыштық қызметтiң әсерiн бағалау жөнiндегі жұмыстардың нәтижелерiне қанағаттанушылық бiлдiре отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкiметтерiне 2004 жыл iшiнде:
      1. Мынадай екі жақты келiсiмдерге:
      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау шартына және 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкіметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында құқық тәртібiн қамтамасыз етуде құқық қорғау оpгандарының өзара iс-қимылы туралы келiсiмге азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының тiзбесiн кеңейту және Байқоңыр қаласының тұрмыс тiршiлiгi мәселелерiн шешуге қатысу мәселелерi бойынша 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, оның атқарушы билiк органдарын қалыптастыру тәртiбi мен мәртебесi туралы келiсiмге;
      оны мемлекеттердiң табиғат қорғау заңнамаларының қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келтiру мақсатында Ресей Федерациясы оны жалға алған жағдайда 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi келiсiмге келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар енгізудi.
      2. Ленинск сынақ полигонында құрлықаралық баллистикалық зымырандарды жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлерде және "Байқоңыр" кешенiндегi Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнында жер учаскелерiн қайта өңдеу туралы мәселенiң шешiлуiн келiсуді жеделдетудi.
      3. "Байқоңыр" ғарыш айлағының 50 жылдығын мерекелеу бағдарламасын әзiрлеу мен келiсуi тапсырады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Зымырандық технологияларды бақылау режимiне қосылу жөнiндегi қажетті шараларды қабылдайтынын назарға алады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттерi "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер аясы бойынша ұстанымдардың бiртұтастығын растайды, және де Тараптардың ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бiрлескен қызметiн жоғары бағалайды.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
      Президентi                         Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады