Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауына берудiң кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 17 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тергеу изоляторларын, соның iшiнде салынып жатқан тергеу изоляторларын, сондай-ақ 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолда бар тергеу изоляторларының мүлкiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлетiн функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес штат санының лимиттерiн беру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
      2) 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген тиiстi қаржының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады