Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.21. N 1335 қаулысымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң медициналық мамандықтар бойынша оқудың 3 курсынан, басқа кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары бойынша - 2 курстан кейiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiтсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады