"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 25 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ) жарғылық капиталына берiлген объектiлер орналасқан жер учаскелерiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерiне құқықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және құнын бағалауды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың жарғылық капиталына берiлген объектiлер орналасқан жер учаскелерiнiң бағалану құнына "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ жарғылық капиталының ұлғайтылуы жөнiнде шаралар қабылдасын.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады