"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы келiсiмдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 26 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық
Республикасының Yкiметi арасындағы Қауіптi әскери қызметтi
болдырмау туралы келiсімдi бекiту туралы

      2002 жылғы 23 желтоқсанда Пекин қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi (бұдан әрi Тараптар деп аталатын)
      өздерiнiң тату көршiлiк, достық қарым-қатынастарын қолдауға және дамытуға, екi ел қарулы күштерi арасындағы өзара сенiм бiлдiру мен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылыстарын растай отырып,
      егемендiк пен аумақтық тұтастықты өзара құрмет тұту, Тараптap мемлекеттерiнiң iшкi iстерiне араласпау, тең құқық және өзара сенiм бiлдiру қағидаттарын негiзге ала отырып,
      қауiптi әскери қызметтен, жанжалдардан туындайтын қауіптi әскери қызметтi болдырмау және оларды тиiстi бейбiт құралдармен шешу қажеттiгiне сенiм білдiре отырып,
      1996 жылғы 26 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы келiсімдi негiзге ала отырып,
      бейбiт уақытта олардың бiр-бiрiне жақын жерлерде қызметiн жүзеге асыруы кезiнде өз қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) тұрғылықты халықты және объектiлердi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап. Терминдер мен айқындамалар

      Осы Келiсiмде мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
      1. "Қауiптi әскери қызметi" адамдардың құрбан болуына немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң материалдық шығындарына әкелiп соқтыруы немесе Тараптар мемлекеттерi арасындағы қарым-қатынастың шиеленiсуiне әкелiп соқтыруы мүмкiн күтпеген жағдайларға байланысты немесе абайсыз жасалатын, бейбiт уақытта шекара ауданындағы Тараптар қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) iс-қимылын білдiредi.
      2. "Қарулы күштер" Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн қоса); Қытай Халық Республикасы үшiн - Қытай халық азаттық армиясы.
      3. "Қызметшілер" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген әскери қызметшiсiн немесе қызметшiсiн білдiредi.
      4. "Техника" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің кез келген кемесiн, ұшағын немесе жер бетiнде жүретiн құралын бiлдiредi.
      5. "Кеме" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген жауынгерлiк кемесiн немесе көмекшi кемесiн білдiредi.
      6. "Ұшақ" ғарыштық аппараттарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген әскери ұшу аппаратын бiлдiредi.
      7. "Жер бетiнде жүретiн құрал" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің құрлықта пайдалануға арналған кез келген техникасын білдiредi.
      8. "Лазер" электрондардың, атомдардың немесе молекулалардың мәжбүрлi сәуле шығаруынан негiзделген инфрақызыл немесе ультракүлгiн диапазондардағы кез келген қарқынды когеренттi жоғары бағытталған электромагниттi сәуле шығару көзiн білдiредi.
      9. "Ерекше назар аударылатын аудан" қарулы күштердiң  қызметшiлерi (техникасы) орналасқан, жанжал туындауы неғұрлым ықтимал немесе ондай жағдай орын алған және Тараптар ол жерде осы Келiсiмге сәйкес шаралар қабылдайтын, Тараптар өзара айқындайтын ауданды бiлдiредi.
      10. "Басқару жүйесiне кедергi жасау" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiне (техникасына) басшылық жасауды қамтамасыз ететін дабылдар және ақпараттар беру құралдары мен жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қиындататын, тоқтататын немесе шектейтiн iс-қимылдарды бiлдiредi.
      11. "Күтпеген жағдайлар" көзделуi немесе қандай да бiр iс- шаралармен алдын алу мүмкiн емес төтенше жағдайларды бiлдiредi. Мәселен, авариялық жағдайлардан, иiстi қызметшiлер мүшесiнiң науқастануынан немесе табиғи апатты құбылыстардан туындаған жағдайлар.
      12. "Жауынгерлiк атыстар" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң атыс қаруынан, зеңбiректен оқ атуын, зымыран ұшыруын бiлдiредi.
      13. "Азаматтық халық" шекара аймағында тұратын және Тараптар мемлекеттері қарулы күштерінің құрамына кірмейтін кез келген азаматтық адамды білдiредi.
      14. "Объектiлер" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң техникасы болып табылмайтын ғимаратты, құрылыстарды, байланыс, көлiк құралдарын, ауыл шаруашылығы қызметінiң объектiлерiн және азаматтық мақсаттағы инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн бiлдiредi.

2-бап. Қауiптi әскери қызметтi болдырмаудың негiзгi қағидаттары

      1. Тараптар осы Келiсімдi iске асыруда түрлерi осы Келiсiмнің 3-бабында айқындалған қауiптi әскери қызметтi болдырмауды басты мақсат деп санайды.
      2. Тараптар мемлекеттері қарулы күштерiнің қызметшiсi өзара қауiпсiздiктi қамтамасыз eту мүддесiмен олардың бiр бiрiне жақын жерде жүзеге асыратын қызметi кезінде сақтық танытуы қажет.
      3. Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiлеpі қауіпті әскери қызметтi және әскердің күнделiктi қызметi (әскерлердiң қозғалысы, оқу-жаттығу, жауынгерлік атыстар, ұшақтардың ұшуы және т.б.) барысында туындайтын салдарларды болдырмау үшiн тиiмдi қауiпсiздiк шараларын алдын ала қабылдайды.
      4. Қауiптi әскери қызметтен болатын жанжалдар туындаған жағдайда Тараптар күш көрсетудi немесе оны қолдануды болдырмай, олардың таралмауын және тоқтатуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды және мұндай жанжалдарды консультациялар арқылы шешедi.

3-бап. Қауiптi әскери қызметтiң түрлерi

      Өзара қауiпсiздiк мүдделерiнде Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшілерi қауiптi әскери қызметтің мынадай түрлерiн болдырмауға бағытталған қажеттi шараларды алдын ала қабылдайды:
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) күтпеген жағдайларға байланысты немесе басқа да абайсыз себептер бойынша жасалатын екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кіруi.
      Тараптардың бiрi лазердi, оның сәуле шығаруы екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне зиян келтiруi мүмкiн етiп қолдануы.
      3. Ерекше назар аударылатын аудандағы екіншi Тарап мемлекетi қарулы күштерi қызметшілерiнiң (техникасы) iс-қимылының екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерi мен азаматтық халқына зиян келтiруi не оның техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн болатындай қиындауы.
      4. Екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерi мен азаматтық халқына зиян келтiруге не техникасы мен объектілерiне нұқсан келтiруге әкеп соғатындай басқару желiлерiне кедергi жасау.

4-бап. Екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiру
кезiндегi iс-қимыл тәртiбi

      1. Егер күтпеген жағдайларға байланысты немесе басқа да абайсыз себептер бойынша бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi (техникасы) екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiруi мүмкiн немесе кiрген болса, онда осындай жағдайды бiрiншi анықтаған кез келген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi:
      а) байланыс орнату және қалыптасқан жағдайдың мән-жайлары туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiн хабардар ету үшiн күш-жiгер жұмсайды;
      б) тиiстi нұсқауды сұратады (бередi).
      2. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кіруi мүмкiн немесе кiрген болса, онда қалыптасқан жағдайға қарай кiрудi жүзеге асырған қызметшiлер (техниканы басқарушы қызметшiлер) кiрудi болдырмау немесе аумақты тастап шығу немесе екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi белгiлеген орынға бару үшiн шаралар қабылдайды.
      3. Бiр мемлекетiнiң қызметшiлер белгiленген орынға келiсiмен оларға:
      а) елшiлiк жанындағы әскери атташе аппаратымен немесе өз елiнiң консулдық өкiметiмен мүмкіндiгiнше жылдам байланысуына мүмкiндiк берiледi;
      б) болуының тиiстi жағдайлары жасалады және техниканың сақталуы қамтамасыз етіледi;
      в) олардың аумақ шегiнен шығуын жеңiлдету мақсатында олардың техникасын жөндеуге, сондай-ақ мүмкіндiгiнше қысқа мерзiмде аумақты тастап шығуды жүзеге асыруына көмек көрсетедi;
      г) қызметшiлерiнiң болуы, техниканың сақталуы мен жөнделуi жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ қызметшiлерiнiң (техниканың) мемлекет аумағы шегiнен шығуын қамтамасыз етумен байланысты қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi шығыстар қызметшiлерi (техникасы) екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiрген Тарап қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.

5-бап. Лазердi қолдану кезiндегi iс-қимыл тәртiбi

      1. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсiне (техникасына) жақын жерде бола тұра лазер қолдануға ниеттенсе және бұл қолдану екiншi Тарап мемлекетiнің қызметшiлерiне, азаматтық халқына зиян келтiретiн болса не қарулы күштер техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiретiн болса, лазер қолдануға ниеттенген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсi ол туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң тиiстi қызметшiлерiн хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қолданады. Кез келген жағдайда лазер қолдануға ниеттенген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдайды.
      2. Егер Тараптардың бiрi қарулы күштерiнің қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi лазер қолдануы оған немесе азаматтық халыққа зиян келтiруi не оның техникасы мен мемлекет объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн деп санаған жағдайда, ол осындай қолданысты тоқтату мақсатында екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiн қызметшiлерiмен байланыс орнату және хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қабылдайды. Егер осындай хабарлама алған Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсi лазердi хабарламада көрсетiлген ауданға жақын жерде нақты қолданған жағдайда, ол тиiстi мән-жайларды анықтауды жүргiзедi. Егер оның лазердi қолдануы екiншi Тарап мемлекетi қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нақты зиян келтiруi мүмкiн болса, ол осындай қолдануды тоқтады.
      3. Лазер қолдану туралы хабарлама осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын осы Келiсiмге қосымшада көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      6-бап. Ерекше назар аударылатын аудандардағы iс-қимыл тәртiбi

      1. Тараптардың әрқайсысы қауiпсiздiктiң неғұрлым жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мүдделерiнде екiншi Тарапқа кез келген ауданды ерекше назардағы аудан ретiнде айқындау туралы уағдаласуды ұсынуы мүмкiн.
      Уағдаласушы Тарап осы ұсыныстармен не келiседi, не бас тартады. Тараптар келiскен жағдайда келiсiм жасалады.
      2. Айқындалған ерекше назардағы ауданда болатын Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi осы Келiсiмнiң қосымшаларына сәйкес байланыс орнатады және оны қолдайды, сондай-ақ осындай қызметтiң салдарынан туындауы мүмкiн қауiптi әскери қызметтi болдырмау және кез келген жанжалды реттеу үшiн кейiнiрек Тараптар келiсуi мүмкiн кез келген басқа да шараларды алдын ала қабылдайды.
      3. Тараптың әрқайсысы айқындалған ерекше назар аударылатын ауданға қатысты уағдаластықтың қолданылуын тоқтатуға құқылы. Осы құқықты пайдалануға ниет бiлдiрген Тарап екiншi Тарапқа осындай уағдаластықтың қолданысын тоқтату күні мен уақытын қоса алғанда, осындай ниетi туралы уақтылы хабарламаны осы Келiсiмнiң 9-бабының 3-тармағында көзделген байланыс арнасы бойынша бередi.

7-бап. Басқару желiлерiне кедергi келтiрудi тоқтату үшiн
iс-қимыл жасау тәртiбi

      1. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсiне (техникасына) жақын жерде бола тұрып, оған және азаматтық халқына зиян келтiруi немесе оның техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, өздерiнің басқару желiлерiне кедергiлердi анықтағанда, егер ол осы кедергiлер осы Тарап мемлекетi қарулы күштерiнің қызметшiлерiнен (техникасынан) болған деп жорамалдаса, ол туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң тиiстi қызметшiлерiне хабарлайды.
      2. Егер осындай ақпаратты алған Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi осы басқару желілерiне кедергiлер шынында да оның iс-қимылынан туындағанын анықтаған жағдайда, ол осындай кедергiлердi тоқтату мақсатында дереу алдын ала шаралар қабылдайды.

      8-бап. Жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде iс-қимыл
             жасау тәртiбi

      1. Жауынгерлiк атыстарды жүргiзетiн Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына оқтардың, снарядтардың, зымырандардың кездейсоқ түсуiне және оның қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
      2. Егер бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екіншi Тарап жүргiзетiн жауынгерлiк атыстар оның қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiргенiн анықтаған жағдайда, онда ол бұл туралы екiншi Тарапты хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қабылдайды.
      3. Жауынгерлiк атыстарды қайта жүргiзу тиiстi қауiпсiздік шаралары қабылданғаннан соң жүзеге асырылады.
      4. Жауынгерлiк атыстар тоқтатылғаннан кейiн, жауынгерлiк атысты жүргiзген тарап қауiптi әскери қызметi барысында туындалған нұқсанды өтеу үшiн шаралар қабылдайды.

9-бап. Ақпарат алмасу тәртiбi

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң қарулы күштерi осы Келiсiмнiң қосымшасында көзделгенiндей байланысты орнатады және қолдайды.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң қарулы күштерi осындай қызметiнiң салдарынан туындауы мүмкiн қауіптi әскери қызметтер немесе жанжалдар туралы, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысты басқа да мәселелер бойынша тиiстi ақпаратты уақтылы алмасады.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшiлiгi жанындағы әскери атташе аппараты арқылы бередi. Қытай Халық-азаттық армиясының Бас штабы осындай ақпаратты Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi жанындағы әскери атташе аппараты арқылы бередi.

10-бап. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Осы Келiсiм Тараптардың арасында, және Тараптар мен бacқa мемлекеттер арасында қолданылып жүрген басқа да келiсімдер мен уағдаластықтар құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
      2. Осы Келiсiм қандай да бiр үшiншi Тарапқа қарсы бағытталмаған.
      Егер осы Келiсiмнің қолданыс аясына жататын жанжал бiр Тараптың көршiлес елi аумағының шегiнде болса, онда бұл Тараптың осы елмен тиiстi Шаралар қабылдауға қатысты консультация жүргiзуге құқығы бар.
      3. Осы Келiсiмiнiң қолданыс аясына жататын қауiптi әскери қызмет нәтижесiнде туындаған зиянды өтеу халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

11-бап. Кездесулер және консультациялар

      1. Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Тараптардың өкілдерi оның ережелерiн iске асыру, сондай-ақ өз қарулы күштерiнiң қауiпсiздiгiн неғұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз етудiң ықтимал жолдарын қарастыру үшiн кездеседi.
      2. Бұдан әрi осындай кездесулер, егер қажет болған кезде Тараптар шұғыл кездесулер өткiзудi келiспесе, екi жылда бiр рет өткiзiлетiн болады.

12-бап. Осы Келiсiмнiң күшiне енуi

      1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк ресiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiмнiң оған қосымшасымен бiрге қолданысын Тараптардың бiрi бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлағаннан кейiн алты айдан соң тоқтата алады.
      2. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi. Көрсетiлген хаттамалар осы Келiсiм үшiн көзделген тәртiппен күшіне  енедi.
      3. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар және келiссөздер арқылы шешедi.

      Пекин қаласында 2002 жылы желтоқсан айының 23 жұлдызында қабылданды, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерiнде екi данада жасалды, және барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының      Қытай Халық Республикасының
      Yкiметi үшiн                   Yкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай 
Халық Республикасының Yкіметi       
арасындағы Қауіпті әскери қызметтi     
болдырмау туралы келiсімге        
қосымша                   

Байланыс орнату және оны қолдау тәртібi

      1. Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар мемлекетiнiң қарулы күштерi, қажет болған кезде мыналардың:
      а) ерекше назар аударылатын ауданда болатын тиiстi қолбасшылар;
      б) тиiстi кемелердiң, ұшақтар экипаждарының, жер бетiнде жүретiн құралдардың, құрлық бөлiмдерiнiң немесе бөлiмшелерiнің командирлерi 1 ;
      в) бiр Тарап ұшақтары экипаждарының командирi мен екiншi Тараптың әуе қозғалысын басқару және бақылау пункттерінің командирлерi арасындағы байланысты орнату және оны қолдау үшiн барлық жағдайды қамтамасыз етедi.
_____________
      1 командир - кемеге, ұшаққа, жер бетінде жүретін құралдарына, құрлық бөлімдеріне немесе бөлімшелеріне қолбасшылық етуге уәкілетті адамды білдіреді.

      2. Радиобайланыс орнату мақсатында жағдайға қарай мынадай жиiлiктер пайдаланылады:
      а) Тараптар мемлекеттерiнің ұшақтары арасында не бiр Тарап мемлекетiнің ұшақтары мен екiншi Тараптың әуе қозғалысын басқару және бақылау пункттерiнің арасында - УҚТ диапазонында 128,5 МГц, (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы), не ҚТ диапазонында 7390,0 кГц (5040,0 кГц - қосалқы) жиiлiгiнде; алғашқы байланысты орнатқаннан кейiн жұмыс алмасуы 128,5 МГц не 7390,0 кГц жиiлiгiнде жүзеге асырылады;
      б) Тараптар мемлекеттерiнің шекара кемелерi арасында және шекара кемесi мен жағалау арасында - УҚТ диапазонында 48,6 МГц немесе ҚТ диапазонында 4500,0 кГц жиiлiгінде;
      в) Бiр Тарап мемлекетiнiң шекара кемесi мен екiншi Тарап мемлекетiнiң ұшағы арасында - УҚТ диапазонында 128,5 МГц (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы); алғашқы байланысты орнатқаннан кейiн жұмыс алмасуы 128,5 МГц жиiлiгінде жүзеге асырылады;
      г) жер бетiнде жүретiн құралдар немесе Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң құрлық бөлiмшелерi арасында - УҚТ диапазонында 46,1 МГц (47,9 МГц - қосалқы) жиiлiгiнде немесе ҚТ диапазонында 4503,0 кГц (6915,0 кГц - қосалқы) жиiлiгiнде;
      д) УҚТ диапазонында радиобайланысты жүзеге асыру кезінде амплитуда немесе жиiлiк модуляция әдiсi қолданылады; ҚТ диапазонында жоғары бүйiрдегi белдеу қолданылады.
      3. Байланыс орнату үшiн мынадай шақыру бeлгілepi қолданылады:
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
кемесi - монарх                 кемесi - итбалық (Хайбао)
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
ұшағы - крыло                   ұшағы - сұңқар (Сюнъин)
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының әуе   Қытай Халық Республикасының әуе
қозғалысын басқару және         қозғалысын басқару және бақылау
бақылау пункті - бригадир       пункті - Тайшань
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
құрлық бөлімі немесе            құрлық бөлімі немесе бөлімшесі -
бөлімшесі - фактор              жер (Дади)
_________________________________________________________________

      4. Тараптар радиобайланыстың болмауы олардың қауiптi әскери қызметi нәтижесiнде жанжалға тартылған қарулы күштерi қызметшiлерi (техникасы) үшiн қауiп-қатердi ұлғайтуға қабiлеттi екенiн мойындайды. Осындай жанжалға қатысатын Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiне қызметшiлерi:
      а) екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерiмен радиобайланысты орнату мүмкiн болмаған жағдайда немесе радиобайланыс болғанымен, түсiнiсу мүмкiндiгi болмаған жағдайда осы Қосымшаның Қосымша белгілер кестесінде қамтылған белгiлердiң көмегiмен байланысты жүзеге асыру жөнiнде күш-жiгер жұмсайды;
      б) екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiмен байланыс орнату мүмкiн болмаған жағдайда өз қарулы күштерінің басқа да бөлімдерімен байланыс орнатуға алдын ала шаралар қабылдайды, ал олар, өз кезегінде жанжалды шешу мақсатында екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштердiң қызметшiлерден байланыс opнaту жөнiнде шаралар қабылдайды.
      5. Тараптардың кемелерi арасындағы байланыс және кеме мен жағалау арасындағы байланыс 1965 жылғы Халықаралық белгiлер жиынтығында көзделген белгiлер мен сөз тiркестерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ұшақтар арасындағы байланыс ұстап алушы және ұстап алынған әуе кемесi үшiн белгiленген және 1944 жылғы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының (Чикаго конвенциясы) 2-қосымшасында (Ұшу ережесi) қамтылған белгiлер мен сөз тiркестерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қосымша ретiнде осы Ереженің Қосымша белгiлер кестесiнде қамтылған белгiлер мен сөз тiркестерi пайдаланылуы мүмкiн.
      6. Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің ұшақтары өздерiнiң арасында көрiнетiн байланысқа түскенде, олардың экипаждары 128,5 МГц (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы) жиiлігін тыңдайды. Егер ұшақ экипаждарына ақпарат алмасу қажет болып, бiрақ ортақ тiлде байланыс орнату мүмкiн болмағанда, онда осы Қосымшаның 5-тармағында көрсетiлген сөз тiркестерiн немесе көрiнетiн белгiлердi пайдалану арқылы негiзгi ақпаратты беруге немесе берілген нұсқауларды қабылдағанын растауға әрекет жасайды.

Қосымша белгiлер кестесi

__________________________________________________________________
А. Белгілер (сөз             В. Ұшақ үшін көзбен
тiркестерi) мәнi             шолу белгiсi
__________________________________________________________________
1. Сiз бiздiң мемлекеттiк    Күндіз және түнде: ұстаушы ұшақ ұстап
аумағымызға тiкелей          алынатын ұшақпен қатар бағытта
жақындықтасыз                қауiпсiз аралықта, бiр қанаттан екiншi
                             қанатқа тербеледi, бiрдей уақыт
                             аралығында аэронавигациялық оттармен
                             сирек жыпықтауды орындайды, содан соң
                             көлденең жазықтықта екі жағына да ұшу
                             сызығынан шамамен 10 о бұрылыстармен
                             бірнеше рет "ирелеңдеуді" орындайды

2. Сiз бiздiң мемлекеттiк    Күндіз және түнде: ұстаушы ұшақ ұстап
аумағымыздың шегiне          алынатын ұшақпен қатар
кірдіңіз                     бағытта қауiпсiз аралықта, бiр
                             қанаттан екiнші қанатқа тербеледi,
                             бiрдей уақыт аралығында
                             аэронавигациялық оттармен сирек
                             жыпықтауды орындайды, бiр мезгiлде бiр
                             қанаттан екiншi қанатқа шайқалады,
                             содан соң көлденең жазықтықта
                             ұсталынатын ұшақ жағына 15-20 о
                             қиғаштықпен айналуды орындайды.
                             Жақындасу аса сақтықпен, бiрақ
                             қанаттардың өрiсiнен жақын емес,
                             10 - 15 метрлiк биiктiкте төмендеумен
                             немесе жоғарылаумен жүзеге асырылады.
                             Ұсталынған ұшақ белгi алғаны
                             растағанға дейiн немесе радиобайланыс
                             орнатылғанға дейiн қайталансын.

3. Маған қону қажет          Күндіз және түнде: ұшақ
                             аэронавигациялық оттармен жиi
                             қайталанатын жыпықтауларды орындайды
                             және бiр қанаттан бiр қанатқа тербеле
                             отырып, бiр мезгiлде жағылған шамдарын
                             шығарады, одан кейiн тiк жазықта
                             "ирелеңдеудi" баяу орындайды.

4. Радиобайланысты           Күндiз де түнде де 128,5 МГц немесе
128,5 МГц немесе 124,0       124,0 MГц, немесе 130,0 МГц жиiлiкте 
МГц, немесе 130,0 МГц        байланыс орнату мүмкiн емес ұшақ бiр
жиiлiкте орнатуды            қанатынан екiншi қанатына тербеле
сұраймын                     отырып, аэронавигациялық оттарын ұзақ
                             және қысқа жыпықтауларды кезек-кезек
                             үзiксiз орындайды.

5. Менiң ұшағым сiздiң       Жоқ
кемеңiзге 128,5 МГц
немесе 124,0 МГц, немесе
130,0 МГц жиiлiгiнде
радиобайланыс орнатуды
ұсынады

6. Мен өзiмнiң басқару       Жоқ
желiлерiмде қауiптi
кедергiлер деңгейiн
байқаймын (сөз тiркесi
орнатылған жиiлiкте
берiледi)

7. Мен жоспарлаған           Жоқ
лазерді қолдану осы
ауданда қауіп тудыруы
мүмкін (сөз тiркесi
орнатылған жиiлiкте
берiледi)

8. Мен қауiптi лазерлiк      Жоқ
сәулелендiру деңгейiн
байқаймын (сөз тіркесi
орнатылған жиiлiкте
берiледi)
__________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
 
  __________________________________________________________________
С. Сөз тiркестері      Д. Айтылуы          E. Тиiстi жауапты iс-
                                           қимылдар
__________________________________________________________________
"Closse to territory"  Клоус ту тэритори   Ұсталынатын ұшақ
                                           мемлекеттiк шекарадан
                                           бұрылып кетедi.           
"Теrritоrу entered"    Рэритори энтэрд     Ұсталынған ұшақ ұстап
                                           алушы ұшақтың нұсқауымен
                                           жүреді.

"Request lаnding"      Риквэст Лэндинг     Ұстап алушы ұшақ ұсталын.
                                           ған ұшақка көмек
                                           көрсетедi.

"Rаdiо соntact"        Рэдио контакт       Сұратушы ұшаққа, кемеге,
                                           әуе қозғалысын басқару
                                           және бақылау пунктiне
                                           осы сөз тiркесi
                                           белгiсiнiң қабылдануы
                                           расталады. Байланыс
                                           орнатылғаннан кейiн
                                           радиобайланысты жүзеге
                                           асыру үшiн 128,5 МГц
                                           жиiлiгiне көшу керек.
 
  "Rаdiо соntact"        Рэдио контакт       Ұшақ пен кеме осы сөз
                                           тiркесiн алмасу жолымен
                                           радиобайланыс орнатады,
                                           екеуi де радиобайланысты
                                           жүзеге асыру үшiн 128,5
                                           МГц жиілігіне көшеді.

"Stop interference"    Стоп интерфирэнс    Мән-жайлар анықталады
                                           және қажет болған
                                           жағдайда қауiптi
                                           кедергiлер туғызатын кез
                                           келген iс-қимылдар
                                           тоқтатылады.

"Lаsеr dаnger"         Лэйзер дэнджер      Қызметшiлерге, азаматтық
                                           халыққа зиян немесе
                                           техникаға нұқсан
                                           келтiрудi болдырмау үшiн
                                           тиiстi шаралар
                                           қабылданады.

"Stoр lаsеr"           Стоп лэйзер         Мән-жайлар анықталады
                                           және қажеттi жағдайда
                                           қызметшiлерге, азаматтық
                                           халыққа зиян немесе
                                           техника мен объектiлерге
                                           нұқсан келтiруi мүмкiн
                                           лазердiң кез келгенiн
                                           қолдану тоқтатылады.
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады