Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығын құрметпен атап өтуге арналған мерекелiк медаль туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 46 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығын құрметпен атап өтуге арналған мерекелiк медаль туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Тың және тыңайған жерлердi
игеру басталуының 50 жылдығын құрметпен атап өтуге
арналған мерекелiк медаль туралы" Жарлығы

      Республикада тың және тыңайған жерлердi игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiк азаматтарды көтермелеу, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығын құрметпен атап өту мақсатында қаулы етемін:
      1. "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже;
      2) "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы "__"_____________  
N____________Жарлығымен   
бекiтiлген            

"Тыңға 50 жыл" мерекелік медалi туралы ереже

      1. "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалiмен (бұдан әpі - мерекелiк медаль) республикада тың және тыңайған жерлердi игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiк азаматтар наградталады.
      2. Мерекелiк медальмен наградтауға ұсынысты Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкiметi, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.
      3. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.
      Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және тапсырмасы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мүшелерi;
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ мемлекет басшысы осыған өкiлеттiк берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.
      4. Мерекелiк медальдi тапсыру салтанатты жағдайда және жария жүзеге асырылады. Ол наградталған адамның жеке өзiне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.
      5. Мерекелiк медальдiң тапсырылғандығы туралы белгiленген нысанда хаттама жасалады. Ол медальдi тапсырған адамның қолымен және тапсыруды жүргiзген органның мөрiмен бекiтiледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жолданады.
      6. Мерекелiк медаль кеуденiң сол жақ өңiрiне тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары бар болса олардан кейiн орналасады.
      7. Әрбiр наградталған адамға мерекелiк медаль тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      8. Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдердi тапсыру барысы туралы есеп берудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкімшілігі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2004 жылғы "__"_______
N________ Жарлығымен 
бекiтiлген     

"Тыңға 50 жыл"
мерекелік медалiнiң сипаттамасы

      "Тыңға 50 жыл" мерекелiк медалi жезден дайындалады және диаметрi 34 мм шеңбер пiшiндi болады. Медальдiң алдыңғы бетiнде көтерiлген күн мен егiн аясында астық жинап жатқан комбайндар бейнеленген, оң және сол жақтарында айнала бидайдың масақтары.
      Медальдiң сыртқы бетiнде ортада мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде:
      "Қазақстан Республикасы "Тыңға 50 жыл"
      Республика Казахстан "50 лет целине" деген жазу орналасқан. Медальдiң төменгi бөлігінде айнала лавр бұтақтары орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар айқын, алтын түстi. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түстес муар лентасымен тартылған енi 34 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанға жалғасады. Лентаның жағалай шеттерiнде сары және жасыл түстi екi жолақ бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады