Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1971 жылғы 30 қыркүйектегі N 7 қаулысына (Пленумның 1983 жылғы 29 наурыздағы N 3 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 16 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1971 жылғы 30 қыркүйектегі N 7 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) нормаларын сот тәжірибесінде дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері жөніндегі мәселелерді реттейтін құқықтық нормалардың қатаң орындалу қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.";

      4) 2-тармақта:

      а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) Заңның 47-бабына сәйкес әке болуды анықтау жөніндегі талап арызды екі ата-ана: анасы, сондай-ақ баланың әкесі, қорғаншы немесе баланы асырап отырған адам, сондай-ақ баланың кәмелет жасына толуына байланысты оның өзі ұсынуы мүмкін.

      Соттар баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын дәлелдемелерге (бірге тұру, бала туғанға дейін ортақ шаруашылық жүргізу, өздерінің балаларын бірге тәрбиелеуі немесе олардың баланы асырауы, сарапшылардың қорытындысы және басқалар) назар аударуы қажет.

      Осы мән-жайлар, АІЖК-нің 64-бабының 2-бөлігінде көрсетілген - тараптар мен үшінші жақтың түсініктемелері, куәгерлердің айғақтары, жазбаша немесе заттай дәлелдемелер, сарапшылардың қорытындылары сияқты дәлелдеу құралдары пайдаланыла отырып анықталуға тиіс.";

      б) тармақшада "НОтК-нің 55-бабы" деген сөз "Заңның 46-бабының 4-тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "анасы қайтыс болған" деген сөздерден кейін "оны ата-ана құқықтарынан айыру, әрекетке қабілетсіз деп тану" деген сөздермен толықтырылсын, "азаматтық хал актілері" деген сөздерден кейін "қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) тармақшаның бірінші абзацында "НОтК-нің 49-бабы" деген сөздер "Заңның 46-бабының 2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын, "НОтК-нің 53-бабы" деген сөздер "Заңның 49-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, екінші абзацтағы "НОтК-нің 54-бабы" деген сөздер "Заңның 50-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) тармақшада "НОтК-нің 52-бабы" деген сөздер "Заңның 51-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "НОтК-нің 77-бабы" деген сөздер "Заңның 125-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "д) өзін баланың әкесімін деп мойындайтын, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен (АІЖК-нің 291-295-баптары) сот арқылы анықталуы мүмкін.

      Осы көрсетілген факт, бала асырап отырған адам қайтыс болған сәтте және одан бұрын да оның асырауында болған жағдайда, егер осы адам өзін оның әкесімін деп мойындаса, сот арқылы анықталуы мүмкін.

      Мұндай факт, нақтылы мән-жай ескеріле отырып, сондай-ақ ананың жүктілігі кезінде өзін болашақ баланың әкесімін деп мойындаған адам қайтыс болғаннан кейін туылған балаға қатысты да сот арқылы анықталуы мүмкін.";

      е) тармақшада "сонымен қатар Негіздер күшіне енгізілгенге дейін туылған балаларға да, 1968 жылдың 1 қазанынан кейін туылған және әкелік анықталған балаларды асырау үшін де соттар алимент өндірулері қажет" деген сөздер алынып тасталсын, "НОтК-нің 77-бабы" деген сөз "Заңның 125-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "1968 жылдың 1 қазанына дейін туылған балаларды асырау үшін алимент НОтК-нің 89-бабында көрсетілген негіздер болған жағдайда ғана нақты ақшалай сомада өндірілуі мүмкін" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) 3-тармақтағы "туылған жері" деген сөздерден кейін "ұлты" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады