Республикалық меншiктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.05. N 248 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметінің           
2004 жылғы 23 қаңтардағы    
N 76 қаулысымен        
бекітілген        

  Республикалық меншiктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау
ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Ереже тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен халыққа ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын мемлекеттiк субсидиялау тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Субсидиялар халық мұқтаждары үшiн су тұтынушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiне қызмет көрсететiн кәсiпорындарға (бұдан әрi - Су берушi) қызметтер құнын (шығынын) iшiнара өтеуге (арзандатуға) арналады.
      3. Субсидиялар Су берушiлерге олар үшiн белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде және республикалық бюджетте ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, құнын арзандату бойынша су тұтынушыларға бөлiнген нүктелерде ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетілген қызмет үшiн төленедi.
      4. Берiлген ауыз судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн субсидия мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ауыз су беру жөнiндегi қызмет үшiн тарифке пайыздық ара қатынасымен белгілейдi.
      5. Су берушi ауыз су беру жөнiндегi қызметiне субсидия алу үшін:
      жыл сайын су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) аудандық (қалалық) әкiмдiкпен және Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органымен келiсілген берiлетiн су көлемiн, қызмет құнын және ауыз су беру жөнiндегі қызметтің бекiткен тарифiн көрсете отырып, субсидияланған тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiндегі шартты Су берушiмен жасасқан су тұтынушылардың тiзбесiн ұсынады;
      ай сайын Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органына мыналарды:
      аудандық (қалалық) әкiмдіктермен келiсілген және төрт данада жасалған (Cу берушiге, су тұтынушыға, Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органына және уәкiлеттi органға) субсидияланған тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiндегі көрсетiлген қызмет актілерiн;
      төлем құжаттарының нөмiрi мен олардың төлеген күнiн белгілеп, субсидияланған тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiндегi қызметке ақы төленгенiн су тұтынушылармен салыстырып тексеру актілерiн қоса берiп, су тұтынушылар бөлiнiсiнде субсидияланған тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiндегi көрсетілген қызмет көлемiнiң жинақталған тізілiмін ұсынады.
      6. Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органы ұсынылған құжаттарды тексереді және ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Уәкілеттi органға осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес жасалып, бекiтілген жинақталған тізілімдердi және субсидияланған тариФтер бойынша ауыз су беру жөнiндегі көрсетілген қызмет актілерiнiң түпнұсқаларын тапсырады.
      7. Уәкiлеттi орган:
      тиiстi жылға арналған субсидияланған тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiндегi шартты Су берушiмен жасасқан су тұтынушылардың тiзбесiн бекiтедi әрi оны Су берушiге және Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органына жолдайды;
      осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілiп, ұсынылған құжаттарды тексередi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен субсидия төленуi үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетiне субсидияланған тариФтер бойынша ауыз су беру жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтердiң жинақталған тізілiмiн және бөлінетiн шоттарды ұсынады;
      субсидиялардың тиесілі сомаларын республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай Су берушiлердiң есеп айырысу шоттарына есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн аударады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады