Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі N 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі N 10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "АК-тің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Жер туралы" Жарлығы, 63, 70-баптары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 91-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) мәтіндегі қысқартылған "ҚР" сөздері алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады