Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 81 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.04. N 835 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрлерi 2, 5, 7, 8, 9, 13, 14-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "3 "Ембiмұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы";
      реттiк нөмiрi 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "4 "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi";
      2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      тақырыптағы "өндiрiлген тауарларға," деген сөздерден кейiн "орындалған жұмыстар мен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "1 "Дөң кен-байыту комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы" деген жол алынып тасталсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      реттiк нөмiрлерi 2, 4, 5, 6, 7, 8-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "3 "Ембiмұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы";
      4) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      реттiк нөмiрлерi 1, 2-жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады