Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі N 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 8 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі N 9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының Қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Пленумы" сөзі "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      "14" деген цифр "13" деген цифрмен ауыстырылсын;

      "1992 жылғы 20 шілдедегі" деген сөздерден кейін "1993 жылғы 21 қазандағы N 1043, 1993 жылғы 17 қарашадағы N 1143, 1999 жылғы 16 қазандағы N 1560" деген сөздермен толықтырылсын;

      "1995 жылғы" деген сөздерден кейін "1999 жылғы 16 қазандағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 3-тармақта:

      "толық" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) 4-тармақта:

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Мемлекеттік баж салығы туралы" Заңының 4 бабы "е" тармағында" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "ҚР-ның "Мемлекеттік баж салығы туралы" Заңның 4 бабы "а" тармағы" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 496-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-тармақ алынып тасталсын;

      7) бүкіл мәтін ішіндегі "жалпы" деген сөз "Жалпы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады