"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 106 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Инвестициялық қорлар туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлiк инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу ерекшелiктерiн, қызметiн, қайта ұйымдастырылуын және таратылуын, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуін тоқтату шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын қаржы құралдарының және өзге де активтердiң жиынтығы;
      2) акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi басқарушы компания арқылы оның акцияларын төлеуге осы қоғамның акционерлерi қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау және инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам;
      3) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары жөнiндегi құқықтары бap тұлға;
      4) түрлендiру - инвестициялық қор активтерiнiң құнын азайту тәуекелiн төмендету мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлiкке орналастыру;
      5) сенiмгерлiк басқару шарты - осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес ақшаны сенiмгерлiк басқаруға беру туралы басқарушы компанияның акционерлiк инвестициялық қормен жасайтын шарты немесе басқарушы компанияның инвестормен жасайтын шарты;
      6) инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, мақсатын, стратегиясын, шарттарын және инвестициялық қордың активтерiне қатысты инвестициялық қызметтi шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және түрлендiру шарттарын айқындайтын құжат;
      7) инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару барысында қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасау туралы шешім;
      8) инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрсетiлген өсiмi;
      9) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры;
      10) пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезiндегi пай құнының ақшалай көрiнiсi;
      11) инвестициялық пай қоры - пайларды төлеуден, сондай-ақ оларды өзге де активтерге инвестициялау нәтижесiнде алынған пай ұстаушыларға тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
      12) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесiнiң үлесiн, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқан кезде оның активтерiн сатудан алынған ақшаны алу құқығын және осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
      13) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiн қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңi;
      14) инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат;
      15) пайдың есептеу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрiнiсi;
      16) инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның мiндеттемелерi не инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын есептелген шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсi;
      17) басқарушы компания - инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензия негiзiнде инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      18) уәкiлеттi орган - қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      19) тәуекелмен инвестициялау қоры -  инвестициялық қызметi осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылар үшiн жоғары тәуекелмен байланысты акционерлiк инвестициялық қор немесе жабық инвестициялық пай қоры.

      2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар
              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның реттеу мәнi

      1. Осы Заң:
      1) акционерлiк инвестициялық қорлардың құрылу ерекшелiктерiне, құқықтық жағдайына, қызметiне, қайта құрылуына және таратылуына байланысты;
      2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату барысында туындайтын;
      3) инвестициялық пай қорларының активтерiн сенiмгерлiк басқару, олардың есебiн жүргiзу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алуды қамтамасыз ету бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қызметiне байланысты құқықтық қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заң қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiмен реттелетiн, басқарушы компаниялардан басқа, өзге де тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару бойынша қатынастарға қолданылмайды.
      3. Осы Заңның нормалары құрылу тәртiбi және қызметi Қазақстан Республикасының жекелеген заң актiсiмен белгiленетiн Қазақстанның Инвестициялық қорына қолданылмайды.

      4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi

      1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi жұмыс iстейдi:
      1) акционерлiк инвестициялық қор;
      2) ашық немесе жабық - екi нысанда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры.
      2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пай сатып алуды талап етуге құқық бередi.
      Ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу жылына кемiнде бiр рет жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.
      Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқығы жоқ.
      4. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабының 1-тармағы 8)-11)-тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген акционерлiк инвестициялық қор немесе жабық инвестициялық пай қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар болып табылады.

      5-бап. Инвестициялық қордың атауы

      1. Инвестициялық қордың атауында "ұлттық", "орталық", "үкіметтiк", "кепiлдiк берiлген" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қай тiлде болса да көрсетiлген немесе өзгертілген түрiнде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық қордың атауы инвестициялардан түскен кірiстi сақтандыруды немесе кепiлдiк берудi растауға немесе бiлдiруге тиiстi емес.
      2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.
      3. Акционерлiк инвестициялық қордың атауында "акционерлiк инвестициялық қор" деген сөздер болуы тиiс.
      4. Инвестициялық пай қорының атауында "инвестициялық пай қоры" деген сөздердiң болуы, оның ашық немесе жабық болып табылатыны және оның басқарушы компаниясының атауы көрсетiлуi тиiс.
      5. Әділет органдарында инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкілеттi органда инвестициялық қор пайларының шығарылымын немесе акцияларды тiркемеген тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қop ретiнде қызметті жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте "инвестициялық қор" деген сөздердi пайдалануға құқығы жоқ.

      6-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi

      Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қордың акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде тәуекелдердi төмендетудi қамтамасыз ету мақсатында оның басқарушы компаниясының қор активтерiн инвестициялауы болып табылады.

      7-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының және
              кастодианының аудитiне қойылатын талаптар

      Бiр аудиторлық ұйым:
      1) акционерлiк инвестициялық қорға және оның басқарушы компаниясына;
      2) акционерлiк инвестициялық қордың және оның кастодианына;
      3) инвестициялық қордың басқарушы компаниясына және кастодианына бiр уақытта бiр есептiк кезеңге немесе бiр күнгi жағдай бойынша аудит жүргiзуге құқығы жоқ.

2-тарау. Акционерлiк инвестициялық қор

      8-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың
              құрылтайшыларына және акционерлерiне
              қойылатын талаптар

      1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
      2. Осы қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi болып табылмайды.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланған акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.

      9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын
              талаптар

      1. Акционерлiк инвестициялық қор:
      1) инвестициялық қор ретiндегi қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;
      2) "алтын акция" енгiзуге;
      3) еншiлес ұйымдар құруға;
      4) жай акцияларды қоспағанда, өзге де қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.
      2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн басқаруды қор активтерiн сенiмгерлiк басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына сәйкес басқарушы компания жүзеге асырады, акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиан шартына сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
      3. Тәуекелмен инвестицияланған акционерлiк инвестициялық қорға қызмет көрсететiн аталған ұйымдарды қоспағанда, акционерлiк инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi өзара аффилиирленген тұлғалар болмауға тиiс.
      4. Акционерлiк инвестициялық қор бухгалтерлiк есеп (қаржылық есеп) стандарттарында және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттар бойынша және тәртiппен өзiнiң қызметi туралы және өзiнiң активтерi туралы есеп бередi.

      10-бап. Инвестициялық қордың жарғысы

      Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа, мыналар болуға тиiс:
      1) оның қызметiнiң ерекше түрi басқарушы компанияның және кастодианның қызмет көрсетуiн пайдалану арқылы оның инвестициялық декларациясының шарттарына сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;
      2) акционерлiк инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстардың түрлерi, айқындау және ең жоғары мөлшерлерi.

      11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының
               шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарының және осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен, кастодианмен және тiркеушімен жасаған шарттарының жобалары ұсынылады.
      3. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
      1) инвестициялық декларация;
      2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;
      3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын (егер олар болса) орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдардың мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетiлген олардың тiзбесi болуы тиiс.
      4. Уәкiлеттi орган өзiне ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қарама-қайшы, қателесуге әкеп соғатын мәлiметтер болған жағдайда акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
      5. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      6. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында құрылған акционерлiк инвестициялық қорларды eceпкe алуды жүзеге асырады.

      12-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акциялары

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен тек ақшалай төленедi.
      Акцияларды орналастыру кезiнде оларды толық төлемеуге жол берiлмейдi.
      2. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде сатып алушы акцияларға төлеу үшiн ақшаны осы қордың кастодианындағы акционерлік инвестициялық қордың шотына аударады.
      3. Тәуекелмен инвестицияланған акционерлiк инвестициялық қорлардың акцияларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйесiне орналастыруға және айналысқа жiберуге жол берiлмейді.

      13-бап. Акционерлiк инвестициялық қор органдарының
               жұмыс iстеу ерекшелiктерi

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушісiнiң және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлетті органының өкiлдерi қатысуға құқылы.
      Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабар осы инвестициялық қордың акционерлерiне жалпы жиналыс өткiзiлетiнi туралы хабарлау үшiн қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, тiркеушiге және аудиторлық ұйым мен уәкiлеттi органға акционерлiк қоғамдар туралы заңдарда және акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында белгіленген тәртіппен жiберiледi.
      2. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен акциялар шығару проспектiсiне оның жарияланған акцияларының жалпы санын, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алу шарттары мен тәртібiн айқындауға, инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтыруларға қатысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылуы мүмкiн.
      3. Егер осы инвестициялық қордың жарғысында өзгеше белгiленбеген болса басқарушы компаниямен, кастодианмен, тiркеушiмен және аудиторлық ұйыммен шарттар жасау туралы шешiмдер қабылдау акционерлiк инвестициялық қордың директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатады.

      14-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын
               сатып алу

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың акционерi осы акционерлiк инвестициялық қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсi не оның құқығына нұқсан келтiретiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмдер қабылдаған жағдайда ғана, егер акционер осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.
      2. Акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi өздерiне тиесiлi акцияларды инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша және тәртiппен сатып алуды талап етуге құқылы.

      15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды
               қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Акционерлiк инвестициялық қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу және бөлiп шығару) және тарату уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Егер акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу нәтижесiнде оның жарғылық капиталының мөлшерi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ең төменгi мөлшерден аз болса, жарғылық капитал азайған күннен бастап екi ай iшiнде көрсетiлген сәйкес келмеудi жоймаған жағдайда акционерлiк инвестициялық қор таратылуға жатады.
      3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа шағым-талап беруге құқылы.
      4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап жетi күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiмен бiрге бұл туралы хабарлама жiбередi.

3-тарау. Инвестициялық пай қоры

      16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы

      1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.
      Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде басқаша көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.
      2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.
      Инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан мүлiк түрiнде үлес бөлiп алуға жол берiлмейдi.
      3. Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi елу мың айлық есептiк көрсеткіштi құрайды.

      17-бап. Инвестициялық пай қорын құру

      1. Егер инвестициялық пай қорын құру туралы шешiм қабылдау қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды.
      Егер жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының директорлар кеңесi инвестициялық пай қорының ережесiн бекiту, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
      2. Басқарушы компания бiр-бiрiнен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бiрнеше ашық және (немесе) жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.
      3. Басқарушы компания, кастодиан және орталық депозитарий тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдарды қоспағанда, жасалған шарттарға сәйкес жұмыс iстеуiн олар қамтамасыз ететiн инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

      18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе
               нысанын өзгерту

      1. Қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.
      2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен қордың нысанын ашық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      3. Ашық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берiлмейдi.

      19-бап. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару
               шарты

      1. Инвестор сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесiне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияға бередi.
      2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты басқарушы компания талаптарын айқындайтын қосылу шарты болып табылады. Қордың пай ұстаушысы көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартының талаптарын қабылдауы мүмкiн.
      3. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген талаптар болуы, сондай-ақ:
      1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату шарттары мен тәртiбi;
      2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату жөнiндегi, оның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясын қолдануды тоқтата тұрған (қайтарып алған) жағдайларда, мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртiбi;
      3) тараптардың жауапкершiлiгi болуы тиiс.

      20-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын
               шығаруды мемлекеттiк тiркеу

      1. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудi басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде жүзеге асырады:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес директорлар кеңесi немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (барлық дауыс беретiн акцияларды иеленушi жалғыз акционер) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмелерi;
      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (барлық дауыс беретiн акцияларды иеленушi жалғыз акционер) бекiткен қордың ережесi (екi данада);
      4) кастодианмен және орталық депозитариймен жасалған шарттардың көшiрмелерi;
      5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн реттейтiн, құрылымдық бөлiмшелердiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi iшкi құжаттары (екi данада).
      2. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      3. Инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды ұсынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
      4. Пайларды шығаруды мемлекеттiк тiркеу барысында уәкiлеттi орган:
      1) инвестициялық пай қорының ережесiн;
      2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн реттейтiн, құрылымдық бөлiмшелердiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi iшкi құжаттарын келiседi.
      5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу арқылы пайларды шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.
      6. Уәкiлеттi органның басқарушы инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi мынадай:
      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген;
      2) инвестициялық пай қорының келiсуге ұсынылған ережесiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және өзге де құжаттарда қайшы келетiн немесе жаңылысуға әкелiп соғатын мәлiметтер болған жағдайларда қабылданады.

      21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы

      1. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлік басқару шартына қосылғанын куәландырады.
      Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен алуы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылуын бiлдiредi.
      2. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асырады.
      Инвестициялық пай қорының пай бастаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзудi, пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi орталық депозитарийдiң ережелер жинағында айқындалады.
      3. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алу шарттары мен тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында және қордың ережесiнде айқындалады.
      4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруға байланысты пайда болған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және олардың пайларына тиесiлi құн шегiнде зиян тәуекелдерiн көтередi.

      22-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын
               ұстаушылардың құқықтары

      1. Ашық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен өзiне тиесiлi пайды сатып алуды талап eтуге құқығы бар.
      2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережесiнде көзделген шарттармен және тәртiппен осы пай бойынша дивидендтердi кезең-кезеңмен алуға құқылы.
      3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес басқарушы компанияның қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

      23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру

      1. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана төленуге тиiс.
      Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу кезiнде оларды толық төлемеуге жол берiлмейдi.
      2. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақшаны орналастырған кезде пайды сатып алушылар оларды осы қордың кастодианына инвестициялық пай қорының шотына аударады.
      3. Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру кезеңiнде қор ережесiнде айқындалған барлық инвесторлар үшiн бiрыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады.
      4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан артыққа созылмалы және қор ережесiнде көрсетiлген мерзiмде басталады.
      Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңi қор осы Заңда белгiленген инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең аз мөлшерiне қол жеткiзген кезде аяқталады.
      5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн қордың таза активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiнен кем болмауы тиiс.
      Уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша басқарушы компанияның өтiнiшi негiзiнде инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмiн ұзартуға бiр рет, бiрақ үш айдан аспайтын кезеңге рұқсат етiледi.
      6. Инвесторлардың инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу пайларды сатып алуға өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi осы қордың ережесiнде белгiленген шарттарда және тәртiппен қабылдайды және орындайды.
      7. Инвестициялық пай қорының пайын кейiннен орналастыру бағасы егер қордың ережесiнде осы көзделген болса, үстемеақы қосыла отырып пайдың есептеу құны негiзiнде айқындалады.
      8. Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға:
      1) инвестициялық пай қорының ережесiнде белгiленген өтiнiм беру тәртiбi мен талаптарын сақтамаған;
      2) уәкiлеттi органның немесе басқарушы компанияның шешiмi бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
      3) пай ұстаушылардың бiлiктiлiк деңгейiне немесе капиталдандыруға қойылатын қордың ережесiнде белгiленген талаптарды орындамаған;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де талаптарды орындамаған жағдайларда ғана жол берiледi.

      24-бап. Ашық инвестициялық пай қорының пайларын
               сатып алу

      1. Ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды сатудан алынған ақша есебiнен, сондай-ақ осы Заңның талаптарын сақтай отырып заем қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Ашық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi iшiнде пайларды сатып алуға жол берiлмейдi.
      3. Ашық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтiнiмдер нысанында берiледi.
      4. Ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен қабылдайды және орындайды.
      5. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу бағасы егер қордың ережесiнде осы көзделген болса, жеңiлдiктi шегерiп тастай отырып пайдың есептеу құны негiзiнде айқындалады.
      6. Ашық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтiнiмдерi бойынша осы қордың ережесiнде белгiленген мерзiмдерде және уақыт кезеңдерiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
      Ашық инвестициялық пай қорының пайларын айына бiр реттен сирек сатып алуды жүргiзген кезде пайларды сатып алуға өтiнiмдердi қабылдау кезеңi кемінде үш күнді құрауы тиіс.
      7. Ашық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда осы қордың пайларын ұстаушылары өздерiне тиесiлi пайларды көрсетiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күнге дейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде сатып алуды талап етуге құқылы.
      8. Ашық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан мынадай:
      1) қордың ережесiнде белгiленген өтiнiм беру тәртiбi мен талаптары сақталмаған;
      2) осы Заңда көзделген тәртiппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.

      25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен
               орналастыру немесе сатып алу кезiндегi үстемеақы
               және жеңiлдiктер

      1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде пайларды кейiннен орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстемеақылар немесе пайларды қор сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңілдiктер қолдану шарттары және мөлшерi көзделуi мүмкiн.
      2. Жеңiлдiктiң ең жоғары мөлшерi инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының үш процентiнен аспау керек.
      3. Инвестициялық пай қорының қызметi тоқтатылған жағдайда нeмece ашық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу себебi бойынша оның пайларын сатып алу кезiнде пайдың есептеу құнына жеңiлдiк жасауға жол берiлмейдi.

      26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын
               орналастыруды және сатып алуды тоқтата тұру

      1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:
      1) инвестициялық пай қорының жұмысын қамтамасыз ететiн тұлғалардың немесе қаржы құралдары немесе өзге де мүлкi инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарт мiндеттемелерiнiң талаптарын бұзған немесе орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi органның ұйғарымы бойынша;
      2) ашық инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес басқарушы компания тоқтата тұрады.
      2. Ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезiнде бiр мезгілде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады.
      3. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтарды жойғанға дейiн белгiсiз мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      4. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда басқарушы компания бұл туралы және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы осындай тоқтата тұру себебiн көрсете отырып уәкiлеттi органға сол күнi жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      Басқарушы компания орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күнi уәкiлеттi органды орналастыру және (немесе) сатып алуды жаңарту туралы хабардар етуге мiндеттi.
      5. Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделерiне сай келмесе, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруға тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған жағдайларды жойғанға дейiн пайларды орналастыру мен сатып алуды жаңартуға тыйым салуға құқылы.
      6. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды лицензияның қолданылуы қайта жаңартылған немесе басқа басқарушы компания, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған күнге дейiн бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы компанияның немесе кастодиан лицензиясының қолданылуын тоқтату (қайтарып алу) туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған сәттен бастап тоқтата тұруға мiндеттi.

      27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi

      1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде:
      1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;
      2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы және орналасқан жерi;
      3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы және орналасқан жерi, оның құқықтары мен мiндеттерi;
      4) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын орталық депозитарийдiң толық атауы және орналасқан жерi;
      5) басқарушы компанияның аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың және инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы;
      6) инвестициялық декларация;
      7) инвестициялық пай қорының активтерiн инвестициялық декларацияның талаптарына сәйкес келтiру тәртiбi мен мерзiмдерi;
      8) инвестициялық пай қоры жұмыс iстейтiн мерзiм, не оның жұмыс iстеу мерзiмi белгiленбегенiн көрсету;
      9) сенiмгерлiк басқару шарты;
      10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезiнде инвесторлардың тәуекелдерiн сипаттау;
      11) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының құқықтары мен мiндеттерi;
      12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңiндегi нақтылы құны;
      13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер беру мен орындау шарттары және тәртiбi;
      14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен мiндеттерi;
      15) инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын және пайдың есептеу құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;
      16) пайларды орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстемеақы есептеудi қолдану шарттары мен тәртiбi;
      17) осы қордың активтерi есебінен төлеуге жататын, атқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де тұлғалардың шығыстары мен сыйақыларының түрлерi, айқындау тәртiбi және ең жоғары мөлшерi;
      18) басқарушы компания немесе кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi бұдан әрi жүзеге асыру мүмкiн болмаған немесе бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртiбi;
      19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтату шарттары мен тәртібi;
      20) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиiстi баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату, оның iшiнде қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде пайларды сатып алу шарттары мен тәртiбi;
      21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудiң шарттары мен тәртiбi;
      22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесi және оларға енгiзiлген өзгерiстер, қордың таза активтерi құнының және пайдың есептеу құнының өзгеруi, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалар, олардың қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртiбi;
      23) байланыс телефондарын, орналасқан жерiн көрсете отырып, инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар бар болса) тiзбесi.
      2. Ашық инвестициялық пай қорының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтермен қатар:
      1) пайды сатып алуға өтiнiм беру және орындау шарттары мен тәртiбi;
      2) пайларды сатып алуды тоқтату шарттары мен тәртiбi;
      3) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу шарттары мен тәртiбiнiң мүмкіндігі;
      4) басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептеу құнына жеңiлдiк қолдану шарттары және есептеу тәртiбi;
      5) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу шарттары мен тәртiбi;
      6) пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды сол басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруындағы басқа ашық инвестициялық пай қорының пайларына айырбастау шарттары, қордың басқарушы компаниясының және кастодиан банктiң, сондай-ақ орталық депозитарийдің пайларды айырбастау рәсiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбi;
      7) осы Заңда және қор ережесiнде белгiленген тәртiппен ай сайын инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлiметтер болуы тиiс.
      3. Жабық инвестициялық пай қорының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтермен қатар:
      1) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу шарттары мен тәртiбi;
      2) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткiзу, күн тәртібiн, жалпы жиналыстың кворумын, жалпы жиналысқа өкiлдiктi, дауыс беру, дауыстарды санауға, жалпы жиналыстың хаттамасын ресiмдеу шарттары, тәртiбi болуы тиiс.

      28-бап. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер
               мен толықтырулар

      1. Ашық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар, егер осы қордың ережесiнде оларды енгiзу мүмкiндiгi, шарттары және тәртiбi көзделсе, басқарушы компанияның шешiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша енгiзiледi.
      3. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келiсiлуi тиiс.
      4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың ережесiне басқарушы компанияның, кастодианның немесе орталық депозитарий атауының немесе орналасқан жерiнiң өзгеруiне, басқа кастодианмен немесе аудиторлық ұйыммен шарт жасауға, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi делдалдар тiзбесiнiң өзгеруiне қатысты ғана өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
      6. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган қор ережесiне өзгерiстермен және толықтырулармен келiседi.
      Уәкілеттi органның инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстермен және толықтырулармен келiсуден бас тарту туралы шешiмдерi:
      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген;
      2) келiсуге ұсынылған ережеге өзгерiстер мен толықтыруларда қарама-қайшы немесе жаңылыстыруға әкеп соғатын мәлiметтер болған жағдайларда қабылданады.
      7. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнiн, олардың уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсете отырып, қордың ережесiнде белгiленген тәртіппен баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе барлық пай ұстаушылар алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      Басқарушы компанияның, кастодианның немесе орталық депозитарий атауының, орналасқан жерінiң, олардың аудиторлық ұйымдарының өзгеруiне (жаңадан сайлануына), сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi делдалдар тiзбесiнiң өзгеруiне байланысты инвестициялық пай қорының ережесiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар қордың ережесiнде белгiленген тәртiппен күшiне енедi.

      29-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
               қамтамасыз етуге байланысты сыйақы және шығыстар

      1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн және жұмыс iстеудi тоқтатуын қамтамасыз етуге байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлерi, айқындау тәртiбi және ең жоғары мөлшерi, оларды осы қордың активтерi есебiнен төлеу шарттары мен тәртiбi инвестициялық пай қорының ережесiнде айқындалады.
      Инвестициялық пай қорының ережесiнде айқындалмаған сыйақылар мен шығыстардың түрлерi инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жатпайды.
      2. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде басқарушы компанияға сыйақы есептеледi, бiрақ төленбейдi.
      Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты осы кезеңнiң сыйақылары мен шығыстарын төлеу, оның iшiнде кастодиан мен орталық депозитарий көрсететiн қызметке ақы төлеу басқарушы компанияның меншiктi қаражаты есебiнен оның шығындарын кейiннен инвестициялық пай қоры активтерi есебiнен өтей отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының қызметi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның таза активтерiнiң құны пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн ең төменгi мөлшерге сәйкес келмеу себебi бойынша жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайларда, басқарушы компания қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде жұмсалған шығындарды өтеу бойынша зиян шегу тәуекелiн өзiне қабылдайды.

      30-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
               ұстаушылардың жалпы жиналысы

      1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мынадай мәселелерді шешу жатады:
      1) қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      2) қордың жұмыс iстеуiн тоқтату;
      3) қорды басқа жабық инвестициялық пай қорымен бiрiктiру немесе қорды ашық түрге өзгерту;
      4) қордың басқарушы компаниясын немесе кастодианын ауыстыру;
      5) қордың ережесiне сәйкес өзге де мәселелер.
      2. Дауыс беру кезiнде пайларды ұстаушыға берiлген дауыстардың саны оған тиесілі пайлардың санымен айқындалады.
      3. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жалпы жиналысты өткiзу күнi қор пайларының кемiнде үштен екiсiн иеленген пай ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi дауыс беру рәсiмiне қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.
      4. Жалпы жиналыстың шешiмi жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың немесе олардың жалпы жиналысқа қатысқан өкiлдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi қордың ережесiнде белгiленген тәртiппен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкiн.
      6. Басқарушы компанияның, кастодианның, орталық депозитарийдiң және уәкiлеттi органның өкiлдерi жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқылы.
      7. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн басқарушы компания жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап үш күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жiберуi, сондай-ақ пайларды ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ұсынуы тиiс.

      31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
               ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру

      1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пай ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады.
      Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартын бұзу туралы шешiм қабылдаған кезде қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi.
      2. Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтередi. Бұл ретте қордың ережесiнде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткiзуге арналған шығыстарын осы қор активтерiнiң есебiнен iшiнара өтейтiн жекелеген жағдайлар көзделуi мүмкiн.
      3. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берiлген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бірін құрайтын пайларды ұстаушылардың, иеленушiлердің бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен өтеледі.
      4. Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында жалпы жиналысты шақыру себебi, сондай-ақ оның күн тәртібi болуы тиiс.
      Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианға және орталық депозитарийiне, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiберiлуi тиiс.
      5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесiне сәйкес осы қордың әрбiр пай ұстаушысына жiберiлуi тиiс.

      32-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
               ұстаушылардың қайта өткiзiлетiн жалпы жиналысы

      1. Кворум болмағаны себептi өткiзiлмей қалған жалпы жиналыстың орнына шақырылған жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы күн тәртiбiне жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе оны жұмыс iстеудi тоқтату туралы мәселелердi шешу кiретiн қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысты қоспағанда, осындай дауыс беруге қатысатын пайлардың санына қарамастан заңды деп есептеледi.
      2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу үшін пай ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер қатысуға тiркелу (сырттай дауыс берудi өткiзген жағдайда бюллетеньдер қабылдау) аяқталған сәтте оған жалпы жиналысты (сырттай дауыс берудi) өткiзу күнi пайлардың жиынтығы он бес немесе одан астам процентiн иеленетiн ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi тiркелсе (дауыс беруге бюллетень ұсынса), шешiм қабылдауға құқылы.
      3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткізiлетiн жалпы жиналысы осындай күн тәртiбiмен өткiзiлмей қалған жиналыстың күнiнен кейiн кем дегенде он төрт күнтiзбелiк күннен ерте өткiзiлмейдi.

      33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
               тоқтатуға негiздемелер

      1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату мына жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) қордың ережесiнде белгiленген инвестициялық пай қоры құрылған мерзiм өтсе;
      2) пайларды бастапқы орналастыру аяқталғанда инвестициялық пай қорының таза активтерiнің құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң eң төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;
      3) пайларды сатып алу жөнiндегi өтiнiмдердi орындау нәтижесiнде инвестициялық пай қоры активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгі мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессiздік туындаған күннен бастап екі ай iшiнде аталған сәйкессiздiк жойылмаса;
      4) басқарушы компания немесе кастодиан өзiнiң шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауға бұдан әрi мүмкiндiгi жоқ екендiгiне байланысты қор активтерiн басқару немесе қор активтерiн есепке алу және сақтау бойынша функцияларды бұдан әрi орындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдаса және көрсетiлген шешiмдердi қабылдаған кезден бастап екi ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енгiзiлмесе;
      5) басқарушы компанияның немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және үш ай iшiнде лицензияның қолданылуы жаңартылмаса немесе жаңа басқарушы компанияны не жаңа кастодиан тағайындауға қатысты инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер күшiне енгiзiлмесе;
      6) басқарушы компанияның немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы қайтарып алынса және лицензияны қайтарып алған кезден бастап екі ай iшiнде инвестициялық қор ережесiне жаңа басқарушы компанияны немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енгiзiлмесе;
      7) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздемелер бойынша тоқтатуды жүзеге асырады.
      2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiздеме пайда болған кезден бастап инвестициялық пай қорының активтерiн сатуды, кредиторлармен есеп aйырысуларды жүзеге асыруды және қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарды төлеудi және қалған ақшаны пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, оларды иеленуге жол берiлмейдi.

      34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
               тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар

      1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Қордың басқарушы компаниясы жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзеді.
      2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе оның лицензиясы қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды оның кастодианы жүзеге асырады.
      3. Кастодианның лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған (қайтарып алған) жағдайларда басқарушы компания лицензияның қолданылуына қарамастан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатады.
      4. Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда қордың активтерiн сатуды, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруды, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеудi қамтамасыз етуге және қалған ақшаны осы Заңның және қор ережесiнiң талаптарына сәйкес пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндетті.
      5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы.

      35-бап. Инвестициялық пай қорын тоқтату

      1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз басталған кезден бастап үш күн iшiнде пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртiбi туралы хабарлама жiберуi, сондай-ақ қор ережесiнде айқындалған баспасөз басылымында осы жөнiнде хабарлама жариялауы тиiс.
      Баспа басылымдарында көрсетiлген хабарламада инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен немесе қор активтерiмен орындалмаған (аяқталмаған) мәмiлелердегi тараптар болып табылатын кредиторларға талаптар қою тәртiбi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
      Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуы тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бiр айдан кем болмауы тиiс.
      2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде пайларды бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін оның таза активтерi құнының инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне сәйкес келмеуi себептi басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған сәттен бастап он күннен кешіктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.
      3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуы тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының төленген, бiрақ ол жұмыс iстеп тұрған кезде жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.
      4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуы тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар берген талаптар, қордың төленгeн, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi және кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi.

      36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi
               тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау

      1. Инвестициялық пай қорының активтерiн сатудан алынған ақша осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай тәртiппен бөлiнедi:
      1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн мiндеттемелерi құралған өзге кредиторлардың, сондай-ақ пайларды сатып алуға немесе өтемiн төлеп алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайларды төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiштерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз болған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
      2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн сатуды және пайларын өтемiн төлеп алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
      3) үшiншi кезекте, егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне, оның лицензиясының кастодиандық қызметке қолданылуына қатыссыз негiздер бойынша жүзеге асырылған жағдайларда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
      4) төртiншi кезекте, егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне, оның лицензиясының инвестициялық портфельдi басқаруға қолданылуына қатыссыз негiздер бойынша жүзеге асырылған жағдайларда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
      5) бесiншi кезекте пай ұстаушылар арасында ақшаны бөлу жүзеге асырылады.
      2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде пайларды бастапқы орналастыру аяқталғанда инвестициялық пай қоры активтерiнiң құны осы Заңда айқындалған ең төменгi мөлшерден аз болып қалуына байланысты, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне қатысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
      3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатылуына (қайтарып алынуына) нeмece оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқарудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатылуына (қайтарып алынуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
      4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының барлық активтерiн сату нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес процентiнен аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының есебiнен өтеледi.
      5. Есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде осы бапқа сәйкес инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы:
      1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;
      2) орталық депозитарийдiң осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жабу туралы хабарламаны қоса беру арқылы қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы ақпаратты уәкілеттi органға ұсынады.
      6. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату туралы құжаттарды алғаннан кейiн уәкiлеттi орган Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар тiзiлiмiне пайларды өтеу туралы мәлiметтер енгiзедi.

4-тарау. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы мен құны

      37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы

      1. Инвестициялық қордың активтерi қаржы құралдарынан тұрады.
      Акционерлiк қоғамдар болып табылмайтын тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдары, бағалы қағаздарды қоспағанда, тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлардың активтерi ғана болуы мүмкiн.
      2. Уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде акционерлiк инвестициялық қордың активтерiн және жабық инвестициялық пай қорының қаржы құралдарынан басқа, өзге де мүлiктi салу мүмкiндiгі, шарттары және тәртiбi көзделуi мүмкiн.
      3. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:
      1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлардың акциялары немесе пайлары;
      2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (ұсынған) активтер;
      3) коммерциялық емес ұйымдарда акциялары немесе қатысу үлесi;
      4) заңдарда белгіленген тәртiппен тiркелген олардың жалпы санының он бес процентiнен асатын мөлшердегi бiр эмитенттiң бiр түрдегi бағалы қағаздары болмауы тиiс.
      4. Инвестициялық қордың активтерi бiр эмитенттiң бағалы қағаздарына немесе мынадай мөлшерден асатын, бiр тұлға ұсынған (шығарған) қаржы құралдарына инвестициялануға тиiстi емес:
      1) ашық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының он бес процентi;
      2) акционерлiк инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының жиырма процентi;
      3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшiн таза активтер құнының отыз процентi.
      5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты аффилиирленбеген екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне және сауда-саттық ұйымдастырушының жоғары санатты тiзiмiне енген бағалы қағаздарға, сондай-ақ өтеу күнiне дейiнгi қалған кезең бiр жылдан аспайтын мемлекеттiк бағалы қағаздарға және агенттiк облигацияларға инвестициялануы мүмкiн.
      6. Инвестициялық қорлардың бiр басқарушы компанияның басқаруындағы активтерiн инвестициялаудың жиынтық көлемi, сондай-ақ басқарушы компанияның және оның аффилирленген тұлғаларының меншiктi активтерi Қазақстан Республикасының бiр банкiнiң дауыс беретiн акцияларының он және одан астам процентi болмауы тиiс.
      7. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамына осы бапта белгiленгендерден өзге талаптар осы қордың инвестициялық декларациясында айқындалады.

      38-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құнын айқындау

      1. Инвестициялық қор активтерiнiң құны және инвестициялық қордың таза активтерi бухгалтерлiк есеп стандарттарында (қаржылық есеп), уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде, сондай-ақ акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде белгiленген шарттармен, әдiстемемен және тәртіппен айқындалады.
      2. Инвестициялық қор активтерiнiң құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi.
      3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң құнын, пайдың есеп айырысу құнын, пайлардың кейiнгi орналастыру немесе сатып алу бағасын жаңылыс бағалау әдістерi қолданылғанда немесе жаңылыс есептеген жағдайда басқарушы компаниялар үшiн орындауы мiндетті нұсқаулар беруге құқылы.

5-тарау. Инвестициялық қордың активтерiн басқару

      39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы

      1. Инвестициялық декларацияда мыналар болуы тиiс:
      1) инвестициялық қордың инвестициялық саясатының мақсаттарын, мiндеттерiн сипаттау;
      2) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялау шарттары мен лимиттерi;
      3) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және түрлендiру шарттары;
      4) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлерге инвестициялауға байланысты тәуекелдердi сипаттау;
      5) осы Заңда көзделген инвестициялық саясат бойынша шектеулер;
      6) туынды бағалы қағаздармен, оларды керi сату (сатып алу) мiндеттемесiмен активтердi сатып алу (сату) мәмiлелерiн жасау, сондай-ақ ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында кез келген мәмiле жасау мүмкiндiгi туралы нұсқаулар.
      2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа мыналар болуы тиiс:
      1) акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушiсi мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және мекен-жайы;
      2) акционерлiк инвестициялық қор активтерiнiң құнын және оның акцияларының құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;
      3) акционерлiк инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын басқарушы компанияға, кастодианға, тiркеушi мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, айқындау тәртiбi және ең жоғары мөлшерi;
      4) дивидендтiк саясаты.
      3. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар олар бекiтiлген күннен бастап бес күн iшiнде уәкiлеттi органға келiсуге ұсынылады.
      Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар баспасөз басылымында жарияланғаннан кейiн немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгіленген тәртіппен оларды уәкiлеттi органмен келiсу туралы көрсете отырып, осы өзгерiстер мен толықтыруларды алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi.

      40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы
               компаниясының қызметi

      1. Басқарушы компания осы Заңның, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, сенiмгерлiк басқару шартының талаптарына және (немесе) инвестициялық қордың келiсiлген ережесiне сәйкес iс-әрекеттi жасау арқылы осы қордың пайларын ұстаушылардың мүдделерi үшiн инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.
      2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы дауыс беретiн акциялары осы қордың активтерінің құрамына кіретін акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысындағы қордың пай ұстаушыларының өкiлi болып табылады.
      3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген шарттармен және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашылық етуге құқылы.
      4. Басқарушы компания қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде әрекет етуге, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерiмен сотқа шағым-талап ұсынуға құқылы.
      5. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алмайды.

      41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару
               бойынша қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйым
               салулар

      1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты:
      1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарының, инвестициялық декларацияның немесе инвестициялық қор ережесiнiң талаптары бұзылатын мәмiлелер жасауға;
      2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
      3) инвестициялық қордың активтерiн осы қордың активтерiн басқару жөнiндегi қызметке байланысты емес өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн немесе үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерiн орындау үшiн пайдалануға;
      4) өзiнiң активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамында сатуға (беруге);
      5) инвестициялық қордың активтерiмен маржа бойынша мәмiлелер жасауға немесе заем қаражатын пайдалана отырып активтерiн кредитке сатып алуға (сатуға);
      6) инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен қайтарылуға тиiсті ақшаны немесе өзге де мүлiктi инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасауға, не осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшiн осы қор активтерi жетiспеген кезде ақша нысанында заем ақшасын пайдалану жағдайларын қоспағанда, заем шарттарының талаптарымен алуға;
      7) сенiмгерлiк басқару шартына, жарғыға, инвестициялық декларацияға немесе қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу және сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;
      8) аукцион әдiстерiмен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде жасалған мәмiлелерді қоспағанда, өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;
      9) инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның аффилиирленген тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не аукцион әдiсiмен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiнде жасалған мәмiлелерді қоспағанда, оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;
      10) бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында инвестициялық қор активтерiнiң құрамына осы қордың кастодианы, сондай-ақ қордың басқарушы компаниясының немесе кастодианының аффилиирленген тұлғалары шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға;
      11) қамтамасыз етпей мәмiлелер жасауға ("қысқа сатулар") немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiнде жасалатын қаржы құралдарымен мәмiлелердi қоспағанда, мұндай мiндеттемелердi қабылдау сәтiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына жатпайтын активтердi тапсыру бойынша мiндеттемелердi қабылдауға құқығы жоқ.
      2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған заемның кез келген түрлерi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге тиiстi берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауы тиiс.
      Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн заем қаражатын тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауы тиiс.
      Ашық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған заем ақшасын пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына осы баптың 1-тармағының 8)-11) тармақшаларының талаптары қолданылмайды.

      42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
               мiндеттерi

      1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:
      1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуға, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуге;
      2) бухгалтерлiк есептiң стандарттарында (қаржылық есеп) белгiленген талаптарға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнiң бухгалтерлiк есебiн бөлек жүргiзудi және олар бойынша есеп берудi жүзеге асыруға;
      3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын кем дегенде айына бiр рет кастодианмен мерзiмдi салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
      4) мерзiмдi, бiрақ кемiнде айына бiр рет акционерлiк инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерінің құрамы және құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы сенiмгерлiк басқару шартының талаптарына немесе қордың ережелерiне сәйкес хабарлауға;
      5) осы Заңның талаптарына сәйкес инвестициялық қор жөнiнде ақпарат ашуға мiндеттi.
      2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелердi жасаған кезде мүддесiнде iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Көрсетiлген талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттемелердi өз есебiнен орындайды.
      3. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыруды аяқтағаннан кейiн үш күн iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және пайларды бастапқы орналастыру нәтижелерi туралы есептi уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

      43-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
               аудитi

      Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерiнде басқарушы компанияның қордың инвестициялық мақсаттарға қол жеткiзуi туралы аудиторлық ұйымның пiкiрi, сондай-ақ:
      1) инвестициялық қордың активтерiне және олармен операцияларға қатысты есеп жүргiзу және есеп жасауды;
      2) инвестициялық қор активтерiнiң құрамын;
      3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалау, сондай-ақ пайдың есептеу құнын, инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу бағаларын айқындау тәртiбiн;
      4) инвестициялық қордың активтерiмен жасалған мәмiлелердi;
      5) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және кастодианмен салыстырып тексеру жүргiзудiң тәртiбi мен нәтижелерiн, құрамын, пайларды кейiннен орналастыру немесе сатып алу кезiндегi олардың есеп айырысу құнын тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

6-тарау. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау

      44-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын
              қамтамасыз ету

      1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өзiнiң меншiктi активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды.
      2. Кастодиан инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн шотты сенiмгерлiк басқаруды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асыратынын көрсете отырып шоттар ашады (жүргізедi).
      3. Басқарушы компанияның немесе қор кастодианының акционердiң немесе пайлар ұстаушының мiндеттемелерi бойынша инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға қуынуына, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда жол берiлмейдi.
      Акционерлердiң немесе инвестициялық қордың пай ұстаушыларының мiндеттемелерi бойынша оларға тиесiлi акциялардан немесе пайлардан өндiрiп алуға болады.
      4. Басқарушы компания немесе инвестициялық қордың кастодианы дәрменсiз немесе банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайда инвестициялық қордың активтерi конкурстық (тарату) массаға қосылмайды.

      45-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi

      1. Кастодиан:
      1) инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыруға және сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
      2) инвестициялық қор активтерiмен мәмiлелердi бақылауды жүзеге асыруға және олар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, акционерлiк инвестициялық қордың акциялар шығару проспектiсiне немесе инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес болмаған жағдайда бұл жөнiнде уәкiлеттi органға, басқарушы компанияға және егер бұл акционерлiк инвестициялық қор болса, онда оның атқарушы органына тез арада хабарлай отырып, басқарушы компанияның тапсырмасын оқшаулауға (орындамауға);
      3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды жүзеге асыруға;
      4) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мерзiмдi, бiрақ кемiнде айына бiр рет басқарушы компаниямен салыстырып тексеруге;
      5) инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыруға кастодиандық шарттың қолданылуы тоқтаған кезде жаңа кастодианға осы қор бойынша қордың активтерi мен құжаттарын беруге;
      6) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметiнде анықтаған бұзушылық туралы олар байқалған сәттен бастап келесi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға;
      7) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының инвестициялық портфельдi басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру лицензиясы қайтарып алынған жағдайда ашық инвестициялық пай қорының жаңа басқарушы компаниясын таңдауға не қор ережесiнде белгiленген талаптармен және тәртiппен жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз eтугe не инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды жүзеге асыруға мiндеттi.

      46-бап. Инвестициялық қор кастодианының аудитi

      Инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның жыл сайынғы аудиторлық есептерiнде:
      1) инвестициялық пай қорының активтерiне және олармен операцияларға қатысты есеп жүргiзудi және есеп жасауды;
      2) инвестициялық қор активтерiнiң құрамын;
      3) қор активтерiнiң құнын, сондай-ақ пайдың есептеу құнын, пайларды орналастыру және сатып алу бағасын бағалау тәртiбiн;
      4) басқарушы компаниямен инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын, сондай-ақ пайларды келесi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың есептеу құнын салыстырып тексеру тәртiбiн және нәтижелерiн;
      5) инвестициялық қордың активтерiн және инвестициялық қор активтерiне құқықтарды куәландыратын құжаттарды сақтау тәртiбiн тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер болуы тиiс.

7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу

      47-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа қойылатын
               талаптар

      1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңдарының, жарғының, инвестициялық декларацияның, акционерлiк инвестициялық қордың акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес болуы тиiс.
      2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:
      1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қорының ережелерiн тiркеу нөмiрi мен күні;
      2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпаратты алуға болатын орындар туралы (мекен-жайын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат болуы;
      3) инвестициялық қор акцияларының немесе пайларының есептi құнының өсуi, сол сияқты төмендеуi мүмкiн екендiгi туралы нұсқау болуы тиiс.
      3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат шынайы емес немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:
      1) акционерлiк инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы кiрiстiлiгiне, оның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген қандай да бiр кепiлдiк;
      2) өзге оқиғаға немесе үш жылдан астам өткен кезеңге қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдемелер;
      3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң кiрiстiлiгi мен құнының есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстыру;
      4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне кепiлдiктi және көрсетiлген инвестицияларға байланысты ықтимал кiрiстер немесе шығасылар мөлшерiнiң тұрақтылығын қамтитын болашақ инвестициялар туралы мәлiмдемелер;
      5) акционерлiк инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттiк органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асыра айтылған немесе расталмаған мәлiмдемелер болмауы тиiс.
      4. Акционерлiк инвестициялық қор Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ уақтылы таратылмағаны немесе жарияланбағаны үшiн жауапкершілiк атқарады.
      5. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекi) жарнама құралдарымен таратылмайды.

      48-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың немесе
               инвестициялық пай қорының басқарушы
               компаниясының ақпарат ұсынуы

      1. Акционерлiк инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және оның акцияларын немесе пайларды сатып алу және (немесе) өтеуiн төлеп алу өтiнiмдерiн қабылдау орындарындағы делдалдары әлуеттiк инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға:
      1) акционерлiк инвестициялық қордың жарғысын, инвестициялық декларациясын, акциялар шығару проспектiсiн немесе инвестициялық пай қорының барлық бекiтiлген (келiсiлген) өзгерiстерi мен толықтырулары бар ережесiн;
      2) инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы және құны, кез келген өткен күнге бiр пайдың есептеу құны туралы мәлiметтердi;
      3) өткен қаржы жылы үшiн инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша олардың қызметiн тексеру нәтижелерiмен қоса акционерлiк инвестициялық қордың, басқарушы компанияның немесе инвестициялық қор кастодианының аудиторлық есебiнiң үзiндi-көшiрмесiн;
      4) акционерлiк инвестициялық қордың, басқарушы компанияның, кастодианның және инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де субъектiлердiң кез келген өткен кезең үшiн инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын сыйақылары мен шығыстарының ықтимал және нақты мөлшерлерi туралы мәлiметтердi;
      5) басқарушы компанияға және инвестициялық қордың кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерiн басқаруы, есепке алуы және сақтауы бойынша қызметiне байланысты қолданылған санкциялар туралы мәлiметтер;
      6) акционерлiк инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң немесе қор ережесiнiң талаптарына сәйкес таратқан өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.
      2. Инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыру мен сатып алу бағасы, бiр пайдың есептеу құнын айқындау әдiсi, кез келген өткен күнге бiр пайға есептеу арқылы қордың таза активтерiнiң құны (оның iшiнде оның өтеуiн төлеп алу кезiнде бiр акцияға есеп айырысу немесе бiр пай) туралы, акцияларды немесе пайларды сатып алуға немесе өтеуiн төлеп алуға өтiнiмдердi қабылдаудың басталу мен аяқталу мерзiмi, уақыты туралы, қордың акцияларын немесе пайларын орналастыруды, сатып алуды тоқтата тұру немесе қайта жаңарту жағдайлары, пайларды орналастырған және сатып алған кездегi делдалдар туралы ақпарат әлуеттік инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында, инвестициялық декларациясында, акциялар шығару проспектiсiнде немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда, тәртiппен және тәсiлдермен ұсынылады.
      3. Акциялар немесе пайлар орналастыру және (немесе) сатып алу процесiн тоқтата тұру немесе қайта жаңарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қор немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мұндай шешiм қабылданған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде себептерiн көрсете отырып, бұл жөнiнде хабарлама жариялауға (таратуға) мiндеттi.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      49-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар
               туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарын бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк атқарады.

      50-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.
      2. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 57-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады