Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 110 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:
      12-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады