Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1761 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 111 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 197 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 197 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 511-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1761 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 593-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-1-жолмен толықтырылсын:
      "16-1 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде
      шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан
      Республикасының азаматтарын-балаларын
      консулдық есепке алу:
                              есепке алу        500 % aeк
                              есептен шығару    тегiн";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 29-1-жолмен толықтырылсын:
      "29-1 Апостиль қою үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi жолдау (әрбiр құжат үшiн) 5-50 АҚШ доллары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап екi ай өткен соң күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады