Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы
келiсiмдi бекiту туралы
2003 жылғы 19 қыркүйекте Ялтада жасалған Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Бірыңғай
Экономикалық кеңістік құру туралы
келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина,
өз халықтарының экономикалық және әлеуметтiк ілгерілеуіне жәрдемдесуге, олардың өмiр сүруiн жақсартуға ұмтыла отырып;
Тараптардың экономикасын нығайтуға және көп жақты экономикалық ынтымақтастықты бұдан әрi тереңдету және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру (бұдан әрi - БЭК) жөнiндегi өзара тиiмдi уағдаласушылықтарға қол жеткiзу арқылы интеграциялық процестердi күшейту үшiн экономикалық реформаларды қатар жүргiзе отырып олардың гормоналдық дамуын қамтамасыз етуге iс-қимылды ұмтылыспен;
осы орайда Тараптардың олардың ықпалдастық процестердi одан әрi тереңдетуге дайындығын ескере отырып БЭК құру процесiне қатысуын айқындайтын құқықтарын мойындай отырып;
мемлекет пен халықты байланыстыратын достық қарым-қатынасты растай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларын негiзге алып, олардың көркеюiн қамтамасыз етуге тiлек бiлдiрiп;
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина Президенттерiнiң 2003 жылғы 23 ақпандағы Мәлiмдемелерiн ескере отырып;
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптардың экономикасын тұрақты және тиiмдi дамыту және халықтың өмiрiн жақсарту үшiн жағдай жасау мақсатында Тараптар БЭК құру процесiне кiрiседi.
Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк дегендi экономиканы реттейтiн механизм құратын, бiрыңғай принциптерге негiзделген, тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың еркін қозғалуын қамтамасыз ететiн және бiрыңғай сыртқы сауда және келiсiлген салықтық, ақша-кредиттiк және валюталық-қаржылық саясатты тең құқықты бәсеке мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн ол қаншалықты қажет болса, соншалықты мөлшерде жүргiзетiн, Тараптардың кедендiк шекараларын бiріктіретiн экономикалық кеңiстiк деп түсiнедi.
Тараптар:
Тараптар экономикаларының халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларының, сондай-ақ ДСҰ ережелерi мен принциптерi базасында тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн Тараптар арасындағы сауда мен инвестицияның дамуына;
экономикалық әлеуеттердің бiрлiгi мен дамуын нығайтуға, сондай-ақ Тараптар экономикаларының сыртқы рыноктардағы бәсекелестiкке қабiлеттiгiн арттыруға жәрдемдесуге ұмтылады.
2-бап
Ықпалдасуды тереңдету міндеттерiн кезең бойынша шешудi Тараптардың қабылданған міндеттердi орындауымен және мынадай тапсырмаларды iс жүзiнде шешумен орындалады:
Тарифтiк немесе тарифтiк емес реттеу, бәсекенің бiрыңғай ережелерi, субсидтер және мемлекеттік қолдаудың басқа да ережелерiн қолдану саласындағы бiрыңғай саясат жүргiзу базасында өзара саудада демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолданбауды болжайтын алып қоюларсыз және шектеулерсiз, еркiн сауда аймағын құру;
Техникалық регламенттер мен стандарттарды, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолдану принциптерiн бiрiздендiру;
Макроэкономикалық саясатты үйлестiру;
Тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күштерiнің еркiн қозғалуы үшiн жағдайлар жасау;
Тараптардың заңнамаларын БЭК құру үшiн қаншалықты қажет болса, соншалықты мөлшерде, сауда және бәсекелiк саясатты қоса алғанда үйлестiру;
Табиғи монополиялардың (темiр жол көлiгi, магистральды телекоммуникациялар, электроэнергияны, мұнайды, газды тасымалдау саласында және басқа да салаларда), бiрыңғай бәсекелік саясаттың қызметiн реттеудiң бiрыңғай принциптерiн құру және табиғи монополиялар субъектілерiнің қызметтер көрсетуiне кемсiтпеушiлiкпен қарау және тарифтердің тең деңгейiн қамтамасыз ету.
3-бап
Тараптар осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында көрсетiлген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес осы Келiсiмге қоса берiлген және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Бiрыңғай экономикалық кеңістiк құру туралы тұжырымдамада көзделген iс-шараларды жүзеге асырады.
Тараптар осы Келiсімдi iске асыру мақсатында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Негiзгi шаралар кешенiн әзiрлейдi.
4-бап
БЭК құру мен қолданысқа енгiзу процестерiн үйлестiрудiң құрылымы ықпалдастық деңгейін ecкерумен құрылатын тиісті орган жүзеге асырады.
БЭК-тің органдары мемлекет аралық элементтердің және соңғының мәнiн бiртіндеп арттыру арқылы Тараптар уәкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн бiрыңғай реттеушi органға беру принциптерiнің үйлесуi негiзінде құрылады.
БЭК-тi құруды үйлестiру мен басқаруды және мемлекет аралық деңгейде қолданысқа енгiзудi Мемлекет басшыларының кеңесi (бұдан әрi - МБК) қамтамасыз етедi.
МБК шеңбердегi әрбiр қатысушы - мемлекеттер дауысының саны "бiр мемлекет - бiр дауыс" принципіне сүйене отырып бөлiнедi. МБК-ның шешiмi консенсуспен қабылданады.
Тараптар олар халықаралық шарттар негiзінде өз өкiлеттіктерінiң бiр бөлiгiн табыстайтын БЭК-тің бiрыңғай реттеушi органын құрады. Оның шешiмi Тараптардың орындауына міндеттi болып табылады.
БЭК-тің бiрыңғай реттеушi органында барлық мәселелер бойынша шешімдер дауыс өлшеу арқылы қабылданады. Әрбiр Тараптың дауыс саны оның экономикалық әлуетiн ескеру арқылы айқындалады. Дауыстарды бөлу Тараптардың келiсiмдерi негiзінде белгiленедi.
Кез-келген Тарап МБК-ге БЭК-тiң бiрыңғай реттеушi органының шешiмiн қайта қарау туралы ұсыныс бере алады.
Жекелеген халықаралық шарттармен егер де шешiмдi қабылдау бiр немесе бiрнеше Тараптарға елеулi экономикалық қауiп төндiретiн болса, өтемақы механизмi көзделетiн болады.
5-бап
БЭК әртүрлi деңгейлi және әртүрлi жылдамдықты ықпалдастықты ескере отырып кезең бойынша құрылады.
Бiр кезеңнен екiншi кезеңге ауысуды Бiрыңғай экономикалық кеңістiк құру жөнiндегi Негiзгi шаралар кешенінде көзделген iс-шараларды толық көлемде орындаған Тараптар жүзеге асырады.
Тараптар әзiрлiгiне орай Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құруды және қолданысқа енгiзудi қамтамасыз ететiн халықаралық шарттарға қосылады. Осы орайда әрбiр Тарап осындай халықаралық шарттарға қосылудың келiсiлген жалғаспалылығын сақтауы тиiс. Тараптардың бipeуi де басқа Тараптардың ықпалдастықтың мейлінше жоғары дәрежесiне жылдам жылжуына бөгет бола алмайды.
Әртүрлi деңгейлi және әртүрлi жылдамдықты ықпалдастық әрбiр Тарап ықпалдастықтың қаңдай даму бағытында немесе жекелеген ықпалдастық iс-шараларында ол қатысады және қандай көлемде екендiгiн білдiредi.
6-бап
БЭК-тi құру мен қолданысқа енгiзудi қамтамасыз етудiң құқықтық негiзi халықаралық шарттар мен Тараптардың мүдделерiн ескере отырып және халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей нормалары мен принциптерiне сәйкес жасалған және қабылданған БЭК органдарының шешімдерi болып табылады.
7-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен әртүрлi көзқарастар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.
8-бап
Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттердің қосылуы үшiн осы Келiсiмнің барлық Тараптарымен келiсілген жағдайларда ашық.
Қосылған мемлекет үшiн осы Қаулы депозитарий осындай қосылуға келiсiмi туралы Тараптардың соңғы хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
9-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнің 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресімделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
10-бап
Осы Келiсiм депозитарий Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
11-бап
Осы Келiсiм белгiсiз мерзімге жасалады.
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен депозитарийге одан шығатыны туралы жазбаша хабарламаны кемінде шығуына дейінгі 12 ай ішінде жiберiп шыға алады.
Осы Келiсiмнің депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
Депозитарий бiр ай мерзiмде осы Келiсiмнiң барлық қатысушыларын Қандай да бiр Тараптың Келiсiмнен шыққаны туралы хабарлайды.
200 __ жылы _____________________ қаласында орыс тiлдегi бiр түпнұсқалы данада жасалды. Түпнұсқалы данасы осы келiсiмге қол қойған барлық мемлекеттерге оның куәландырылған көшiрмелерiн жiберетiн Қазақстан Республикасының мұрағатында сақталады.
Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың
тұжырымдамасы
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құрудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Украинаның (бұдан әpi - қатысушы мемлекеттер) көп жақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi шараларының бағдарламасын білдiредi.
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi (будан әрi - БЭК) қатысушы мемлекеттер тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысын қамтамасыз ететiн бiрыңғай қағидаттарға негiзделген экономиканы peттеудің тeтіктepi жұмыс iстейтiн және тең бәсекелестiк пен макроэкономикалық тұрақтылығын ұстауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шамада және көлемде бiрыңғай сыртқы сауда мен келiсілген салық, ақша-кредит және валюта-қаржылық саясаты жүргiзiлетiн қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағын бiріктiретiн экономикалық кеңiстiк деп түсiнедi.
І. Мақсаттары мен міндеттері
БЭК-тi құрудың мақсаты қатысушы мемлекеттердiң тұрақты және тиiмдi дамуы мен халықтың өмiр деңгейiн жоғарлату үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қатысушы мемлекеттер мыналарға жәрдемдесуге ұмтылады:
халықаралық құқықтың жалпы мойындалған нормалары мен қағидаттары негiзiнде қатысушы мемлекеттердiң экономикасын табанды дамытуды қамтамасыз ететiн қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда мен инвестицияларды дамытуға;
инфрақұрылымдық кешендi реттеу мен ықпалдастырудың үйлесiмдi жүйесiн орнату жолымен кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн мүмкiндiктер жасау;
қатысушы мемлекеттер экономикасының сыртқы рыноктардағы бәсеке қабілеттiгiн арттыру мақсатында қатысушы мемлекеттердiң экономикалық әлеуеттерiн бiрiктiру және толыстыру.
Ықпалдастыруды тереңдету мiндеттерiн кезең-кезеңмен шешу қатысушы мемлекеттердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауға және мына мiндеттердi нақты шешуге негiзделедi:
тарифтiк және тарифтiк емес реттеу саласында бiрыңғай саясат жүргiзу, бәсекелестiктiң бiрыңғай ережелерi, қаражаттандыру және мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын қолдану негiзiнде өзара саудада демпингке қарсы, өтемдiк және арнайы қорғану шараларын қолданбауды болжайтын аяусыз және шектеулерсiз еркiн сауда аймағын құру;
техникалық регламенттер мен стандарттардың, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолданудың қағидаттарын бiрiздендiру;
макроэкономикалық саясаттың үйлесiмдiгi;
тауарлардың, қызметтер көрсетудiң, капиталдың және жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысы үшiн жағдай жасау;
сауда және бәсекелестiк саясатын қоса алғанда, БЭК-тiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi шамада қатысушы мемлекеттердiң заңнамаларын үйлесімдiру;
табиғи монополиялар (темiр жол көлiгi, магистарльдық телекоммуникациялар, электр қуатын, мұнайды, газды тасымалдау саласында және басқа да салаларда) қызметiн реттеудiң бiрыңғай қағидаттарын, бiрыңғай бәсекелестiк саясатты қалыптастыру және табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметтер көрсетуiне кемсітушiлiксiз ену мен тарифтер деңгейiнiң теңдiгiн қамтамасыз ету.
II. Негізгі қағидаттар
БЭК-тiң жұмыс iстеуiнiң негiзгi қағидаттары тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күштерiнiң қатысушы мемлекеттердiң шекаралары арқылы еркiн өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ келiсiлген макроэкономикалық саясатты және жекелеген салалар бойынша жалпы саясаттарды жүргiзу болып табылады.
Тауарлардың еркiн қозғалысы қағидаты еркiн сауда режимiн жоюды және қатысушы мемлекеттердiң келiсiлген әдiстемесi, тарифтiк емес шаралары негiзiндегi кеден тарифтерiн бiрiздендiру, жалпы кеден тарифiн қалыптастырудың өзара саудадағы шектеулерiн алу, үшiншi елдермен тауарлар саудасын реттеудiң құралдарын қолдануды көздейдi. Өзара саудадағы демпингке қарсы, арнайы және қорғану шараларын қолдану тетiктерi бәсекелестiк және қаражаттандыру саласындағы бiрыңғай ережелермен алмастырылатын болады.
Қызметтер көрсетудiң еркiн қозғалысын қамтамасыз ету қағидаты қызметтер көрсету рыногына және БЭК аясындағы жеткiзушілердің қызметтер көрсетуiне толық енудi қамтамасыз ету және үшiншi елдердiң қызметтер көрсету рыногына және БЭК жеткiзушiлерiнiң қызметтер көрсетуiне ену бойынша келiсілген саясатты жүргiзу үшiн жалпы ережелер мен әдiстердi қалыптастыруды болжайды.
Қатысушы мемлекеттердiң жеке тұлғаларын БЭК аясында кедергiсiз өтуiн қамтамасыз ету және халықаралық құқықтар және ДСҰ-ның нормалары мен қағидаттарын ескере отырып, үшiншi елдерге қатысты келiсiлген көшi-қон саясатын қалыптастыру жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысын қамтамасыз етудiң қағидаты болып табылады.
Келiсiлген макроэкономикалық саясат жүргiзудiң қағидаты макроэкономикалық көрсеткiштер, оның ішінде iшкi бағалар, бiрiншi кезекте энерготасымалы және табиғи монополиялардың қызметтер көрсету тарифiнiң деңгейiн теңестiрудiң конвергенциясын қамтамасыз етедi.
Жекелеген салалар бойынша жалпы саясат жүргiзу қағидаттары Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы Келiсiмдi дамытуда әзірленген секторальдық келiсiмдер жасауды болжайды.
БЭК әртүрлi деңгейлiк және әртүрлi жылдамдықты ықпалдасудың мүмкiндiктерiн ескере отырып, кезең-кезеңмен қалыптасады.
Әртүрлi жылдамдықты ықпалдасу әр мемлекет ықпалдасудың өзара iс-қимылының әртүрлi деңгейiнде тұрған қатысушы мемлекеттердiң әртүрлi деңгейлiк ықпалдасуына алып келетiн қандай да бiр халықаралық шартына қосылу сәтiн дербес айқындауын білдiредi.
Әртүрлi деңгейлiк және әртүрлi жылдамдықты ықпалдасу әр қатысушы мемлекет ықпалдасудың қандай даму бағытын немесе жекелеген ықпалдасу шараларына оның қатысатынын және қандай көлемде қатынасатынын дербес айқындауын бiлдiредi. Мемлекеттiң дайындық шамасына қарай БЭК-тiң қалыптасуы және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн халықаралық шарттарға қатысу мүмкiндiгi бар. Бұл жағдайда мемлекет халықаралық шарттар тiзбесiне қосылудың келiсiлген кезектiгiн сақтауы тиiс. Мемлекеттiң БЭК аясындағы қолданыстағы халықаралық шарттарға қосылуы үшiн бұл халықаралық шарттарға қатысушы барлық мемлекеттердiң келiсiмiн талап етедi. Бұл ереже осы тұжырымдамамен айқындалатын БЭК-тiң қағидаттары мен шарттарының жұмыс iстеуiне қатысты болады.
БЭК-тi құрудың бiр кезеңiнен екiншi кезеңiне өтудi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi негiзгi шаралар Кешенiнiң алдыңғы кезеңiнде көзделген iс-шараларды орындаған қатысушы мемлекеттер жүзеге асырады.
Қатысушы мемлекеттердiң бiр бiрiне ұсынатын басымдықтар көлемiн олар қатысушы болып табылатын БЭК-тi құру жөнiндегi келiсiмдер айқындайды.
Қандай да бiр қатысушы мемлекеттiң ықпалдасуды дамытудың жекелеген бағыттарына немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларына қатыспауы немесе iшiнара қатысуы басқа қатысушы мемлекеттердiң ықпалдасуды дамытудың көрсетiлген бағыттарын немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларын жүзеге асыруына кедергi болмауы тиiс.
Қандай да бiр қатысушы мемлекеттiк ықпалдасуды дамытудың жекелеген бағыттарына немесе жекелеген ықпалдасу iс-шараларына қосылуының ең кеш мерзiмi БЭК-ке қатысушы мәртебесiн өзгертпейдi.
БЭК-тің негiзiн салушы мемлекеттердiң (Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы - Одақтас мемлекеттер, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы - ЕурАзЭҚ мүшелерi) ықпалдасуының әртүрлi деңгейлерiн ескере отырып, ықпалдасудың ең жоғары деңгейлерiне өту мүмкiндiгiнiң мерзiмiн әр қатысушы мемлекет дербес айқындайды.
Еркiн сауда аймағын құруды аяқтау БЭК-тi құрудың бiрiншi кезектен және негiзгi кезеңi болып табылады.
БЭК ерiктілiк, экономикалық өзара пайдалылық, кемсiтудiң жоқтығы, құқықтық кепiлдiк, мақсаттар тоқайластығы, қабылданған мiндеттемелер үшiн жауапкершiлiк, ашықтық сияқты қағидаттарды ескере отырып құрылады.
III. Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың
негізгі бағыттары
БЭК халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ Еуропа одағының тәжiрибесi мен заңнамаларын ескере отырып, ықпалдасу деңгейiн жоғарлату жолымен, экономикадағы қайта түрленуiн, келiсілген экономикалық саясат, экономика, сауда саласында және басқа да бағыттар бойынша заңнаманы үйлесiмдi ету және бiрiздендiру жүргiзу жөнiндегi бiрлескен шараларды жүзеге асыратын қатысушы мемлекеттердің ілеспелiгi арқылы бiрте-бiрте құрылады.
Ықпалдасудың бағыттары мен оларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар әр қатысушы мемлекет үшiн олардың орындалуының міндеттілігін, сондай-ақ оларды iске асыру механизмдерi мен келiсілген шешiмдердiң орындалмауына жауапкершiлiктi көздейтін тиiсті халықаралық шарттар мен БЭК органдарының шешiмдерi негiзiнде айқындалады.
БЭК-тi құру мынадай негiзгi негiзге алатын iс-шараларды жүзеге асыруды бiлдiредi:
тауарлар үшiн алусыз және шектеусiз мыналар негiзiнде сауда режимiн орнату:
- бәсекелестiктiң және қаражаттандыруды қолданудың бiрыңғай ережесi, сондай-ақ тарифтiк және тарифтiк eмec реттеу саласында келiсiлген саясат жүргiзу негiзiнде тауарлар мен қызметтер көрсетудi еркiн өтiмiн көздейтiн алусыз және шектеусiз еркiн сауда аймағын құруды аяқтау жөнiндегi кешендi шараларды iске асыру;
- жалпы кеден тарифтерiн қалыптастыру;
- бәсекелестік саясат, табиғи монополияларды реттеу, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтер көрсетуге, қаражаттандыру және мемлекеттiк қолдаудың өзге де нысандарына кемсiтпеушiлiксiз өту және тарифтердің тең деңгейiн қамтамасыз ететiн бiрыңғай ережелердi айқындау;
- ДСҰ-ның нормалары мен ережелерi негiзiнде тарифтiк емес реттеу шараларын бiрiздендiру, үшiншi елдерге қатысты оларды қолданудың бiрiздендiрген тәртiбiн құру;
өзара саудада тарифтiк және тарифтiк eмec шектеулердi қолданбау;
- кейiннен оларды аяқталу кезеңінде жоя отырып, iшкi кеден шекараларында кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау тәртібін оңайлату;
техникалық регламенттер мен стандарттар, санитарлық және фитосанитарлық нормаларды әзiрлеу мен қолданудың қағидаттарын бiрiздендiру;
қызметтер көрсету рыногына ену режимiн ырықтандыру, мұндағы бар кедергiлер мен шектеулердi бiрте-бiрте жою;
басым салалар мен өндiрiстерге инвестициялар тарту үшiн қолайлы ахуал жасауға келiсiлген жағдайлар;
санаткерлiк меншiк қорғау саласында бiрыңғай саясат жүргiзу;
салық салу қағидаттарын үйлесiмдiру, оның iшiнде жанама салықтарды алусыз салудың келiсілген қағидаттарына өту, салық пен жиындарды iшкi рынокпен ұлттық өндiрушiлердi қорғаудың құралы ретiнде қолдануға жол бермеу;
ұлттық валюталардың өзара айырбасталымдығы және ұлттық валюталармен есептесуге өту, валюталық саясаттың жалғаспалы ырықтануы үшiн жағдай жасау, ұлттық валюталардың валюталық бағамдарын орнатудың тетiгiн келiсу, әсерлi төлем жүйесiн қалыптастыру, қатысушы мемлекеттердiң экономикалық жағдайларының жақсаруына қарай капитал қозғалысын ырықтандырудың деңгейiн жоғарлату;
БЭК-тi құруды құқықтық ресiмдеу мен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
шешiмдердi қабылдаудың тетiгiн әзiрлеу және қабылданатын шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда айтылған iс-шаралардың орындалуы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру жөнiндегi Кешендi негiзгi шараларды iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
IҮ. ДСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер жүргізу кезіндегі
өзара әрекет
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру мен оның қызметi ДСҰ-ның нормалары мен ережелерiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
Қатысушы мемлекеттер бұл ұйымға кiруi жөнiндегi келiссөздердiң әртүрлi кезеңiнде тұрғандықтан ықпалдасудың әртүрлi деңгейлiк және әртүрлi жылдамдықтық мүмкiндiгiн ескере отырып, ДСҰ-ға кiру жөнiнде келiссөздер өткiзу кезiнде келiсiлген ұстанымдар тетiгiн әзiрлеуi қажет. Бұл тетiк мыналарды болжайды:
ДСҰ-ға кiру туралы келiссөздер барысын талқылау үшiн тоқсан сайын консультациялар өткiзу;
қатысушы мемлекеттердiң келiсiлген шарттарда ДСҰ-ға кiруi.
Қатысушы мемлекеттер ДСҰ-ға кiру жөніде келiссөздер жүргiзу кезiнде ұстанымдарды келiсу тетiгiнiң нақты нысандарын дербес таңдайды.
Қатысушы мемлекеттердiң бiрi ДСҰ-ға басқалардан бұрын кірген жағдайда ол:
басқа қатысушы мемлекеттердiң ДСҰ-ға жедел кiруiне жәрдемдесетiн болады;
ДСҰ-ға кiру жөнiндегi келiссөздер аясында басқа қатысушы мемлекеттерге талаптарды жылжытудан қалыc қалады.
Y. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың және
шешімдер қабылдау тәртібінің институционалдық
негіздері
БЭК-тi құру процестерiн үйлестiрудi жекелеген шарттар негiзiнде құрылатын тиiстi органдар жүзеге асырады. Органдардың құрылымы ықпалдасу деңгейiн ескере отырып, құрылады.
БЭК-тi құруды мемлекетаралық деңгейде үйлестiру және басқаруды Қатысушы мемлекеттер басшыларының кеңесi (бұдан әрi - ҚМБК) қамтамасыз ететiн болады.
ҚМБК аясындағы әр қатысушы мемлекеттердiң дауыстар саны "бiр мемлекет - бiр дауыс" қағидатына орай бөлiнедi. ҚМБК шешiмдерiн консенсус қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер халықаралық шарттар негiзiнде өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн табыстайтын бiрыңғай реттеушi органды (Комиссияны) құрады. Оның шешiмдерi барлық қатысушы мемлекеттердiң орындауы үшiн мiндетті болады.
Комиссия жалпы кеден тарифi немесе бәсекелестiктiң бiрыңғай ережелерiнiң қайсысы бұрын енгiзiлген сәтiнен бастап өзiнiң жұмыс iстеуiн бастайды. Ықпалдасу процестерiнiң дамуы және тереңдеуiне қарай бiрыңғай реттеу органының өкiлеттiгi тиiсiнше ұлғаяды.
Комиссияда барлық мәселелер бойынша шешiмдер дауыстар басымдылығымен қабылданады. Әр қатысушы мемлекеттiк дауыс саны оның экономикалық әлеуетiн ескерумен айқындалады. Дауыстарды бөлу және дауыс беру рәсiмi қатысушы мемлекеттердiң келiсiмi негiзiнде белгіленедi.
ҚМБК негiзгi өкiлеттiктерi:
БЭК аясында одан әрi ықпалдасудың келешегiн айқындау;
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Негiзгi шаралар кешенiнiң орындалуына бақылау жасау;
БЭК-тi құру үшiн қабылданатын негiзгi қағидаттар мен шаралардың қолданылуы мен сақталуын қамтамасыз ету;
үшiншi елдерге қатысты сауда-экономикалық саясатын әзiрлеу;
БЭК-ке жаңа мүшелердi қабылдау туралы шешiмдер қабылдау;
БЭК-ке қатысушы мемлекеттердiң кеден-тарифтiк және бәсекелестiк саясатын бiрiздендiру жөнiндегi мiндеттердi қою және Комиссияның баяндамаларын қарау;
БЭК-тiң жұмыс iстеуiнiң қағидатты мәселелерi бойынша өзге де шешiмдердi қабылдау болып табылады.
БЭК-тiң талаптағыдай жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ету үшiн Комиссия өз құзыры шегiнде:
БЭК-тiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруды қамтамасыз етедi;
БЭК-тiң мақсаттарына жету және мiндеттерiн орындаумен байланысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды және қорытынды бередi;
БЭК-тiң мақсаттарына жетуге және мiндеттерiн орындауға қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, әдiстемелiк материалдарды және басқа да құжаттарды әзiрлейдi;
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
YI. Құқықтық, қаржылық және ақпараттық
қамтамасыз ету
Қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiн ескере отырып және халықаралық құқықтық жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарына сәйкес жасалатын және қабылданатын халықаралық шарттар мен БЭК органдарының шешiмдерi БЭК-тiң қалыптасуы мен қызметiнiң құқықтық негiзi болып табылады.
Ықпалдасудың әртүрлi жылдамдығын және әртүрлi сипатын назарға ала отырып, БЭК-тiң халықаралық шарттары мен өзге де құжаттарының жобаларын дайындау жөнiндегi жұмыстардың аяқталғаны туралы шешiмдер егер, тиicті жоба iшкі жалпы өнiм жиынтығының кем дегенде үштен екiсi үлесiнде болатын қатысушы мемлекеттердiң кем дегенде үшеуiмен келiсiлсе қабылданады.
Қатысушы мемлекеттер қабылданған шешiмдердiң iске асырылуы тетiгiн бекiту, олардың орындалмағаны үшiн санкция енгiзу, сондай-ақ БЭК-тi құруға жiберiлген олар жасасқан әрбiр халықаралық шарттардағы дауларды шешудiң тетiгi қажеттiгiн мойындайды. Бұл құжаттар олардың ескертпелерiне жол бермеу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
БЭК органдарын қаржыландыру бiрыңғай реттеу органына қатысушы мемлекеттердiң дауыс санына тең қатысушы мемлекеттердiң үлестiк жарнасы есебiнен жүзеге асырылады.
БЭК-тiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн экономикалық және құқықтық сипаттағы тұрақты жаңартылатын ақпарат шоғырланатын деректер қоры құрылады.
YII. Қорытынды
БЭК олардың БЭК аясында жасалатын және қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелердi қабылдаған жағдайда, қатысушы мемлекеттердiң келiсiмдерiмен бекiтілген макроэкономикалық және институциональдық өлшемдерiне сәйкес және барлық қатысушы мемлекеттердiң келiсiмімен басқа мемлекеттер үшiн ашық.
Кез-келген қатысушы мемлекеттiң БЭК-тi қалыптастыру аясында қабылданған өз мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, БЭК-тен шығу құқығына ие.
Қатысушы мемлекеттің БЭК-тен шыққан күнiнен бастап БЭК аясында жасалған халықаралық шарттар мен қабылданған шешiмдерден туындайтын осы қатысушы мемлекет алдындағы басқа қатысушы мемлекеттердiң мiндеттемелерi күшiн жояды.