Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 қаулысына (Пленумның 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 18 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 11 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 2 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұрагерлік жөніндегі заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      3) 3-тармақтағы "АК-нің" деген сөз "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тармақтың бірінші абзацындағы "қарауында болған" деген сөздер "егер қарауында болса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-тармақтағы "АІЖК-нің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 18-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру өтеуі мына жағдайда сақтандырылған адамның мұра мүлкіне кіреді:

      - егер сақтандырылған адамның өлімі сақтандыру шартында көзделгендегідей жағдай болса, онда сақтандырылған адам сақтандырушы болып табылмаса немесе өзі сақтандырушы болып табылса, бірақ шартта пайда алушы ретінде көрсетілмесе;

      - егер сақтандырылған адам шарт бойынша сақтандыру төлемін алуға тиісті тұлғаның (пайда алушының) қылмыстық жазаға тартылатын қасақана әрекетінен қайтыс болса;

      - егер сақтандырылған адам мерзімі өтіп кеткен жиынтық сақтандыру шарты бойынша оған тиесілі өтеуді алуға үлгермей қайтыс болса;

      - заң актілеріне сәйкес өмірі мен денсаулығы міндетті сақтандыруға жататын азаматтар қайтыс болған жағдайда (әуе, темір жол, теңіз, ішкі, су және автокөлік жолаушылары).";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандыру шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері сақтандыру объектісі болған сол мүлікке және сақтандырылған адамның осы мүліктік құқығына мұрагерлеріне, шарттармен немесе заңнамалық актілермен өзге жағдайлар көзделмеген болса, сақтанушының келісімімен өтуі мүмкін.";

      7) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 40-бабының 2-тармағына сәйкес жерді ұзақ мерзім бойы уақытша пайдалану құқығымен жер учаскесі өзіне тиесілі азамат қайтыс болған жағдайда жерді пайдалану құқығы жалпы негізде азаматтық заңнамамен көзделген тәртіппен мұрагерлік етіледі.

      Жерді қысқа мерзімде уақытша пайдалану құқығы, егер жерді уақытша пайдалану шартында өзгеше көрсетілмесе, азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте мұрагерлік етіледі.

      Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі оның мүшелеріне жалпы ортақ немесе жалпы үлестік меншік құқығымен тиесілі болғандықтан, шаруа (фермер) қожалығының мүлкіне және жер учаскесі құқығына мұрагерлік Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      8) 22-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады