Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Румыния Yкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге және өзге де қауiптi қылмыстарға қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы N 124 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Румыния Үкiметi арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге және өзге де қауiптi қылмыстарға қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Румыния Yкiметi
арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына,
терроризмге және өзге де қауiптi қылмыстарға қарсы күрестегi
ынтымақтастық туралы
Келісім *

*(2004 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 10, 63-құжат)

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Румыния Үкiметi,
      өз азаматтарының өмiрiн, меншiгiн, негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып,
      халықаралық ұйымдасқан қылмыстың қоғамға төнiп келе жатқан қаупiн түсiне отырып,
      есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды терiс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының дүниежүзiлiк өсуiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
      террористiк актiлердi болдырмау және оларға қарсы күрес жүргiзу үшін күштердi бiрiктiруге ұмтыла отырып,
      халықаралық ынтымақтастықтың басымдылығын трансұлттық қылмысты тиiмдi алдын алудағы және қарсы күресудегi аса маңызды фактор ретiнде мойындай отырып,
      өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн сақтай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының, сондай-ақ Тараптар қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттардың шеңберiнде ұйымдасқан қылмысқа және басқа да қылмыс түрлерiн анықтауды, олардың алдын алуды, жолын кесудi, ашуды және тергеудi қоса алғанда, оларға қарсы күрес саласында ынтымақтасады.
      1.1 Тараптардың ынтымақтастығы мынадай қылмыс түрлерiне:
      а) халықаралық ұйымдасқан қылмысқа;
      b) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын заңсыз өсiруге, өндiруге, сатып алуға, сақтауға, таратуға, импорттауға, экспорттауға және транзиттеуге, сондай-ақ оларды заңсыз сатуға;
      с) халықаралық терроризмге және экстремизмге;
      d) адамдардың өмiрiне, денсаулығына, бостандығына, адамның намысына және меншігiне қарсы бағытталған қылмыстарға;
      e) қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, улы, химиялық, биологиялық, бактериологиялық радиоактивтi және ядролық заттарды, стратегиялық маңызды заттар мен технологияларды, сондай-ақ әскери технологияны заңсыз өндiруге, сатып алуға, сақтауға, импорттауға, экспорттауға, транзиттеуге және сатуға;
      f) бағалы тастар мен металдар, тарихи және мәдени құндылықтар, сондай-ақ өнер туындылары деген заттары болып табылатын қылмыстарға;
      g) жалған ақша жасауға немесе ақшаларды, құнды қағаздарды және басқа да қолма қол ақшасыз есептесу құралдарын, мөрлердi, ресми құжаттар мен басқа да маңызды құжаттарды қолдан жасауға, сондай-ақ оларды тарату мен пайдалануға;
      h) заңсыз коммерциялық, қаржылық және банктiк операцияларға және оларға байланысты қылмыстарға;
      i) қылмыстық жолмен иеленген ақшалардың немесе өзге де мүлiктердiң заңдастырылуына;
      j) адамдарды саудалауға, балаларды пайдалануға және жеңгетайлыққа;
      k) адам мүшелерiн және тiндерiн заңсыз сатуға;
      l) заңсыз көшiп-қону мен заңсыз болуды ұйымдастыруға;
      m) алаяқтыққа;
      n) көлiк құралдарын ұрлауға, оның заңсыз айналымына және соған байланысты қылмыстық әрекетке;
      о) компьютерлiк жүйелердi пайдалану арқылы жасалған қылмыстарға;
      р) интеллектуалдық меншiкке қарсы қылмыстарға;
      q) сыбайлас жемқорлыққа;
      r) экологиялық қылмыстарға;
      s) меншiкке қарсы қылмыстарға қарсы күреске қолданылады.
      2. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының нормаларына сәйкес қоғамдық тәртiптi бұзушылыққа қарсы күресте ынтымақтасатын болады.

  2-бап

      1. Тараптар бiр-бiрiмен дипломатиялық арналар бойынша хабарласады. Осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi құзыреттi органдар бұдан әрi "Құзыреттi органдар" деп аталады.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында Құзыреттi органдар тiкелей өз өкiлеттiктерi және құзыретi шегiнде, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының нормаларына сәйкес ынтымақтасады.
      3. Құзыреттi органдар осы Келiсiмде көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн және оны орындау үшiн техникалық ынтымақтастық туралы хаттамаларды жасасуы мүмкiн.
      4. Осы Келiсiмнiң мақсатында Тараптардың Құзыреттi органдары мыналар болып табылады:

       Қазақстан Республикасының тарапынан:
      Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi;
      Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi;
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;

       Румыния тарапынан:
      Әкiмшiлiк және iшкi iстер министрлiгi;
      Румынияның барлау қызметi (терроризмге қарсы күрес мәселелерi
      бойынша).

  3-бап

      Құзыреттi органдар осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген салаларда, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының нормаларына сәйкес әсiресе мынадай:
      а) мыналарға қатысты өзара ақпарат алмасу: қылмыстың жасалуына күдiктi адамдарға; қылмыстық топтарды ұйымдастыру; қылмыскердiң және топтардың ойлау түрi; қылмыстың жасалу уақытына, орны мен әдiсiне қатысты фактiлер; қылмыс жасау құралдары, сақтауға тыйым салынған заттарды тасымалдау бағыттары мен жасыру орындары, шыққан жерi мен пайдаланылуы; белгiлi бiр жағдайлар; заңды бұзу туралы ақпарат және мұндай қылмыстарды болдырмау мен олардың алдын алу үшiн қабылданған шаралар;
      b) жоспарланып жатқан терроризм актiлерi туралы, әсiресе егер олар мемлекеттер Тараптардың мүдделерiне қарсы бағытталса, сондай- ақ мүшелерi осындай қылмыстарды жоспарлаған, жасап жатқан немесе жасаған террористiк топтар туралы ақпарат алмасу;
      с) қылмыс жасаудағы күдiктi адамдарды немесе қылмыстық жауапкершiлiктен немесе жазаны өтеуден жалтарушы адамдарға iздеу салуда ынтымақтастық;
      d) хабар-ошарсыз кеткен адамдарға iздеу салуда ынтымақтастық, сондай-ақ адамдарды немесе танылмаған адамдардың мүдделерiн сәйкестендiру актiлерi;
      e) куәгердi қорғау бағдарламасынан алынған шараларды жүзеге асыруда ынтымақтастық, осындай мәселелерде ақпаратпен және тәжiрибемен алмасу;
      f) ұрланған заттарды және басқа да қылмыстық қол сұғушылық заттарын, оның iшiнде көлiк құралдарын iздеуде ынтымақтастық;
      g) егер мұндайларды басқа Тараптың Құзыреттi органдары талап етсе, өзге де шараларды қабылдау;
      h) қылмыстарды ашу мен тергеуде бiрлескен жұмыс топтарын құруды қоса алғанда, кадрлық, техникалық және ұйымдастырушылық көмектi қамтамасыз етуде ынтымақтастықты өзара үйлестiру;
      i) үйлестiрушi шараларды дайындау үшiн қажет болғанда жұмыс кездесулерiн ұйымдастыру;
      j) криминалистикалық және криминологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, қылмысты ашу мен тергеу техникасы, құзыреттi органдардың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсiби бiлiм бepу мен персоналды ынталандырудың жүйесi және қағидаттары, жұмыс әдiстерi мен пайдаланылатын жабдықтар туралы ақпарат алмасу;
      k) бiр-бiрiне қылмыс құралдарына немесе олардың салдарына қатысты ақпарат беру, сондай-ақ егер басқа Тараптың Құзыреттi органдары бұл жөнiнде cұpaу caлca, осындай заттардың үлгiлерiн бepу;
      l) жеке куәлiктер, жол жүру құжаттары және азаматтық құжаттар дерекқорын басқаруға қатысты ақпарат алмасу;
      m) шекарада басқаруды ұйымдастыруға әрi жүзеге асыруға қатысты ақпарат алмасу және осыған байланысты бақылау шаралары;
      n) мамандардың деңгейiн арттыру, қылмысқа қарсы күресу құралдарымен және әдiстерiмен таныстыру мақсатында олардың iссапарларға шығуын ұйымдастыру;
      о) заңдар мен нұсқаулықтардың тиiстi мәтiндерiмен, талдаумен кәсiби әдебиеттермен өзара алмасу;
      р) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды пайдалануын, әсiресе олардың терiс пайдаланылу мүмкiндiгiнiң ерекшелiктерiн бақылау жөнiнде тәжiрибе алмасу нысандарында ынтымақтасатын болады.

  4-бап

      Осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген ынтымақтастық не Құзыреттi органдармен келiсiлген, белгiлi бiр кезеңге есептелген және 2-баптың 3-тармағында көрсетiлген хаттамалардағы бағдарламалардың негiзiнде не Құзыреттi органдардың cұpaу салуы бойынша жүзеге асырылады. Құзыреттi органдар, егер бұлар осы Келiсiмнiң мақсатына сәйкес келедi, осы ниетке қатысты уақтылы хабарландырылуы тиiс басқа Тараптың Құзыреттi органдарына тиiмдi болып табылады және мүдделерiне қызмет етедi деп есептесе, олар өз бастамалары бойынша iс-әрекет жасайды.

  5-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 4-бабында аталып кеткен сұрау салу байланыстың ресми арналары арқылы сұрау салынған Тараптың Құзыреттi органдарына жазбаша түрде ұсынылуы тиiс. Жазбаша сұрау салу почтамен факсимильдiк жолмен немесе Құзыреттi органдармен келiсiлген кез келген басқа да тәсiлмен жiберiлуi мүмкiн.
      2. Шұғыл жағдайда мұндай сұрау салу ауызша жасалуы мүмкiн және кейiннен 24 сағат iшiнде жiберiлген одан әрi жазбаша нысанда расталуы тиiс.
      3. Cұpaу салынған Тараптың Құзыреттi органы мұндай сұрау салуды дереу орындайды. Қажет болған жағдайда сұрау салуды орындау жөнiнде қосымша ақпарат сұратылуы мүмкiн.

  6-бап

      1. Егер көмек көрсетуге, ынтымақтастыққа немесе ақпарат ұсынуға сұрау салу сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе кез келген басқа да мүдделерiне қауiп төндiретiн немесе егер осындай сұрау салуды орындау оның мемлекетiнiң ұлттық заңнамасының нормаларына немесе осы Тарап қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы мiндеттемелерге қайшы келген жағдайда, әр Құзыреттi орган одан толық немесе iшiнара бас тарта алады.
      2. Сұрау салуды орындаудан бас тартылған немесе iшiнара орындалған жағдайда сұрау салушы Тараптың құзыреттi органдары бас тартудың себебi туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етiледi.
      3. Әрбiр Құзыреттi орган сұрау салуды орындауға немесе осылайша қол жеткiзiлген, басқа Тараптың Құзыреттi органдары үшiн мiндеттi болып табылатын нәтижелердi пайдалануға қатысты шарттарды белгiлей алады.

  7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруда егер жекелегeн жағдайда өзге тiлдердi пайдалану келiсiлмеген болса, Тараптар орыс және ағылшын тiлдерiн қолданады.

  8-бап

      Жеке деректердi қорғау мақсатында, осы Келiсiмге сәйкес және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының нормаларына сәйкес ынтымақтастық шеңберiнде Тараптар өздерiнiң Құзыреттi органдары арқылы мынадай талаптарды сақтайды:
      а) алушы Тарап деректердi ерекше мақсаттарда және берушi Тарап белгiлеген шарттарға сәйкес пайдалана алады;
      b) берушi Тараптың сұрау салуы бойынша алушы Тарап берiлген деректердiң орындалуы және бұл ретте алынған нәтижелер туралы ақпарат ұсынады;
      с) деректер тек құзыреттi органдарға ғана берiлуi мүмкiн. Деректердi басқа органдарға тек қана берушi Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатымен берiлуi мүмкiн;
      d) берушi Тарап берiлетiн деректердiң дұрыстығын қамтамасыз етедi, деректердi берудiң қажеттiлiгi мен бара-барлығын белгiлейдi. Дәйексiз немесе беруге жатпайтын деректер берiлген жағдайда алушы Тарап дереу хабарландырылуы тиiс. Алушы Тарап қажеттi түзетулер енгiзедi, ал беруге болмайтын деректердi жояды;
      e) деректерi берiлуi тиiс немесе берiлген адам, егер бұл сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасының нормаларымен рұқсат етiлсе, берiлген деректер және оларды пайдалану мақсаттар туралы ақпарат ала алады;
      f) деректердi берген кезде берушi Тарап басқа Тарапқа өзiнiң мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген деректердi жоюға арналған мерзiмдер туралы хабарлайды. Бұл мерзiмдерде қарамастан, жекелеген адамдарға қатысты деректер, егер қажет болып табылмайтын болса, жойылуы тиiс. Деректердi берген Тарап берiлген деректердiң жойылғандығы туралы және мұндай жоюдың себептерi туралы хабардар етiлуi тиiс. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның негiзiнде алынған барлық деректер оның қолданылуы тоқтатылған күнге дейiн жойылуы тиiс;
      g) Тараптар деректердi берудiң, қабылдаудың және жоюдың есебін жүргiзуi тиic;
      h) Тараптар алынған деректердi заңсыз пайдаланудан, оларды өзгертуден немесе жариялаудан мұқият қорғауға мiндеттi.

  9-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмдi орындау мақсатында берушi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес алынған сұрау салуларды қоса алғанда алмасу нәтижесiнде алынған барлық деректердiң, ақпараттардың, материалдар мен жабдықтардың қорғауына кепiлдiк беретiн болады.
      2. Берушi Тарап белгiлеген қорғау дәрежесi өзгертiлмейдi.

  10-бап

      Осы Келiсiмге сәйкес алынған ақпаратты, жабдықтарды және үлгiлердi басқа мемлекеттерге беру тек берушi Тараптың жазбаша келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.

  11-бап

      1. Тараптардың әрқайсысы өз заңнамасының нормаларына сәйкес басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң арнайы өкiлiн тағайындауы мүмкiн.
      2. Мұндай өкiл басқа Тараптың Құзыреттi органдарымен байланыс, сондай-ақ техникалық ынтымақтастық жасайтын байланыс офицерi ретiнде әрекет етедi.

  12-бап

      Тараптардың бірлескен шешiмiмен қабылданған уағдаластықтарды қоспағанда, сұрау салуды орындаумен және iс-қимылды iске асырумен байланысты барлық шығындарды сұрау салған Тараптың Құзыреттi органы көтередi.

  13-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық екi жақты немесе көп жақты шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  14-бап

      1. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады.

  15-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және кез келген уақытта Тараптардың бiрiнiң басқа бiр Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жiберген жазбаша хабарламасы бойынша күшi жойылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң қолданысы басқа бiр Тарап осындай хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылатын болады.

      2003 жылдың 9 қыркүйек айында Астанада екi түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, румын, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының            Румыния
      Үкiметi атынан                       Үкiметi атынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады