"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әуежайы ауданында аэронавигациялық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мұқтаждары үшiн Алматы қаласы, Майлин көшесi, 38 үй, N А мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты-стратегиялық мәнi бар маңызды тауарды берушi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi