"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде сатып алынуының отын-энергетика кешенi саласында маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыс берушiлер болып белгiленсiн.
2. Америка Құрама Штаттары Мемлекеттiк қорғаныс өнеркәсiбiнiң резервi "Yлбi металлургия зауыты" ашық акционерлiк қоғамының мұқтаждары үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар тантал концентратының жеткiзушiсi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуын;
жұмыстарды сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрi тиімдi жұмсау қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажет шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары C.M. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Ocы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 12 ақпандағы
N 168 қаулысына
қосымша
Сатып алынуының отын-энергетика кешенi саласында маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушiлердiң тізбесi
___________________________________________________________________
P/c | Жұмыстарды |Жұмыстарды |Жұмыстардың атауы
N | берушiнің |берушiнiң |
| атауы |орналасқан |
| | жерi |
____|_________________|____________________|_______________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
1. "Қазақстан Шығыс Токамак қазақстандық
Республикасының Қазақстан термоядролық
Ұлттық ядролық облысы материалтану
орталығы" Курчатов қ. реакторын құру.
республикалық Бұрынғы Семей ядролық
мемлекеттiк сынақ полигонының
кәсіпорны қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету.
2. Қазақстан Рес. Алматы қ. Л.Н. Гумилев атындағы
публикасының Eуpaзия ұлттық универ.
Ұлттық ядролық ситетiнде ауыр иондарды
орталығы" респуб. үдеткiш базасында
ликалық мемлекет. пәнаралық ғылыми-зерттеу
тiк кәсiпорны. кешенiн құру
ның "Ядролық
физика институты
еншiлес мемлекет.
тік кәсiпорны
3. "Қазтрансгаз" Астана қ. Амангелдi газ кен
жабық орындары
акционерлік тобын игеру
қоғамы
4. "Қарағандышахта. Қарағанды қ. Қарағанды көмiр
тарату" бассейнiнiң
республикалық шахталарын жабу
мемлекеттік
кәсiпорны
5. "Уранкенiш. Көкшетау қ. Уран кенiштерiн
тарату" консервациялау
республикалық және тарату, техногендiк
мемлекеттік қалдықтарды көму
кәсіпорны
___________________________________________________________________