Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 185 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
      заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар - материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс;
      жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.";
      35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35-1. Мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде салық органдары хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бөлек-бөлек:
      салық органына - әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерін;
      агенттiң банкiне - әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсыну туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi.".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады