Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 194 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Туризм жөніндегі кеңестің құрамына Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Павлов Александр Сергеевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады