Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 200 қаулысы

      "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмділiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 36760000 (отыз алты миллион жетi жүз алпыс мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады