Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі N 367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 208 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:

      5-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақ алынып тасталсын;

      2) аталған қаулының қосымшасында:

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет

      Дүйсен Қорабайұлы министрi, төраға

      Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет

      Бауыржан Жұмаханұлы министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi

      департаментiнiң директоры, хатшы

      Айымбетов - Қазақстан Республикасының Парламентi

      Мәди Сенатының Аппараты Редакциялау,

      аударма және актiлер шығару

      бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім

      бойынша)

      Айтбайұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      Өмiрзақ ғылым министрлiгiнiң "А.Байтұрсынов

      атындағы Тiл бiлiмi институты"

      республикалық мемлекеттiк қазыналық

      кәсiпорны жанындағы Терминологиялық

      орталықтың директоры

      Қалиев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      Байынқол Қалиұлы ғылым министрлiгiнiң Абылайхан

      атындағы Қазақ мемлекеттiк әлем

      тiлдерi университетiнiң профессоры

      Серғалиев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      Мырзатай Серғалиұлы ғылым министрлiгінiң Л.Гумилев

      атындағы Еуразия ұлттық

      университетiнiң қазақ тiл бiлiмi

      кафедрасының меңгерушiсi

      мына:

      "Хұсайын - Қазақстан Республикасының Бiлiм және

      Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгi А. Байтұрсынов

      атындағы Тiл бiлiмi институтының

      директоры, төрағаның орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хұсайын - Қазақстан Республикасы Бiлiм және

      Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгiнiң "А. Байтұрсынов

      атындағы Тiл бiлiмi институты"

      республикалық мемлекеттiк қазыналық

      кәсiпорнының директоры, төрағаның

      орынбасары";

      көрсетiлген құрамнан: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы, Абдрахманов Сауытбек, Сейдiмбек Ақселеу, Бодаубаев Болат Қамиұлы, Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады