"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тұқым шаруашылығының дамуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1. Осы Ереже 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 100 "Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және соның шегiнде бiрегей тұқым өндiрушілерге (бұдан әрi - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарын (бұдан әрi - элиттұқымшарлар) тұқым шаруашылығын дамытуға қаражат төлеу (бұдан әрi - субсидиялау) тәртібi мен шарттарын айқындайды.
2. Мемлекеттiк субсидиялар:
1) бірегей тұқымды өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге;
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге сатылған элиталық тұқымның құнын ішiнара арзандатуға арналады.
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сұрыптары бiрегей тұқымының нақты өндiрілген көлемi үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға төленедi.
4. Бiрегей тұқымды өндiрудi субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) тұқымның әрбiр түрi бойынша белгiлеген квоталар шеңберiнде жүзеге асырылады.
Квота элиталық тұқымды алу үшiн оларды өндірудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымның әрбiр түрi бойынша әрбiр оригинаторға белгiленедi.
5. Бiрегей тұқымның әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Бiрегей тұқымды көбейту жылдары мен сұрыптары бойынша субсидиялар мөлшерiн бiрегей тұқымның әрбiр түрі үшiн субсидиялардың белгіленген нормативi шегiнде Ауылшарминi белгiлейдi.
6. Осы Ереженiң 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) Ауылшарминi тұқымның әрбiр түрi бойынша белгiлеген квоталар шегінде перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған элиттұқымшарларға төленедi.
Квота бiрiншi репродукциялы тұқымды aлу үшiн оларды өндiрудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша әрбiр элиттұқымшарға белгiленедi.
7. Элиталық тұқымның әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптары бойынша субсидиялар мөлшерiн элиталық тұқымның әрбiр түрi үшiн субсидиялардың белгiленген нормативi шегiнде Ауылшарминi белгiлейдi.
8. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге уәкiлеттi орган белгiлеген шектi бағадан аспайтын бағамен сатады.
2. Бiрегей тұқымды өндiруге арналған
субсидияларды төлеу тәртiбi
9. Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымына субсидиялар алу үшiн:
1) оригинаторлар 2004 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде белгiленген квоталар шегiнде бiрегей тұқымды өндiру фактiсiн растайтын, Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармасы (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) бекiткен құжаттарды Ауылшарминiне тапсырады;
2) бекiту үшiн оригинаторлар облыстық аумақтық басқармаға мынадай құжаттарды:
бiрегей тұқымның нақты өндiрiлген көлемдерi жөнiндегi екi данадағы тiзiлiмдi: бiреуi - облыстық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшарминi үшін;
бiрегей тұқымды кiрiске алу актiсiн;
бiрегей тұқымның егісiн сынақтан өткiзудiң екi данадағы актiсiн: бipeуi - облыстық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшарминi үшiн;
егiстердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi: бipeуi - облыстық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшарминi үшiн;
тексерiлген бiрегей тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегі зертхананың анықтамасын тапсырады;
3) облыстық аумақтық басқарма тапсырылған құжаттарды тексередi, оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiнде жиынтық тізiлiм жасайды және көрсетілген құжаттарды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларымен қoca Ауылшарминiне жiбередi.
Оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi бекiтiлген тiзілiмнiң облыс бойынша өндiрiлген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзілiмнiң, бiрегей тұқым егiстiгiн сынақтан өткiзу актілерiнiң және егістіктердi сынақтан өткiзу туралы есептiң бiр данасы облыстық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
4) Ауылшарминi тапсырылған құжаттарды тексередi, республика бойынша бiрегей тұқымның нақты өндiрiлген көлемi жөнiнде жиынтық тiзілiм жасайды және белгiленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде оригинаторларға тиесілi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды.
Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесілi сомаларды оригинаторлардың есеп айырысу шоттарына аудару үшін Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес өндiрiлген бiрегей тұқым үшiн субсидиялар төлеуге арналған ведомості және ақы төлеу шоттарын тапсырады;
5) оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi тiзілiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзілiмнiң, республика бойынша нақты өндiрілген бiрегей тұқымның көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, тексерiлген бiрегей тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхана анықтамасының, бiрегей тұқымды кiрiске алу актiсiнiң нысандарын Ауылшарминi белгілейдi.
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге
арзандатылған құн бойынша сатылған элиталық тұқым
үшін субсидиялар төлеу тәртiбi
10. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын арзандатылған құн бойынша сатуға субсидиялар алу үшiн:
1) элиттұқымшарлар элиталық тұқымды сату фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмдерде: жаздық дақылдар бойынша - 2004 жылғы 20 маусымға дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - 2004 жылғы 10 қарашаға дейiн Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасына (бұдан әрi - аудандық аумақтық бacқapмa):
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемi жөнiндегi екi данадағы жиынтық тiзілiмдi: бiреуi - аудандық аумақтық басқарма үшін, екiншiсi - облыстық аумақтық басқарма үшiн;
элиталық тұқымды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (өcipу питомниктерi, суперэлита және элита егістерін сынақтан өткiзу актілерi мен сынақтан өткiзу туралы есептi, ал өсiру питомниктерi тұқымы мен суперэлита сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн);
тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың, шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен элиталық тұқымды сатып алушының арасындағы сатып алу-сату шартын ұсынады. Сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi - элиттұқымшар үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi - аудандық аумақтық басқарма үшiн, төртiншiсi - облыстық аумақтық басқарма үшiн;
2) аудандық аумақтық басқарма ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы аудандық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
3) аудандық аумақтық басқарма мынадай мерзiмдерде: жаздық дақылдар бойынша - 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - 2004 жылғы 20 қарашаға дейiн облыстық аумақтық басқармаға мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен элиталық тұқымды сатып алушы арасындағы сатып алу-сату шартын;
элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актiнi;
тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын тапсырады;
4) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылу көлемi жөнiндегi бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымының көлемi мен белгiленген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн анықтайды және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес әрбiр элиттұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості жасайды. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстық аумақтық басқарма күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиесiлi субсидияларды элиттұқымшарлардың есеп-шоттарына аударады. Ай сайын 25-күнге қарай, бiрақ 2004 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, облыстық аумақтық басқарма Ауылшарминiне тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттік кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi тапсырады.
Облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды:
осы Ережеге 4 қосымшаға сәйкес тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi;
ақы төлеу шоттарын тапсырады;
5) ұсынылып отырған сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзілiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу ережесiне
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымының
түрлерiне арналған субсидиялар нормативтерi
___________________________________________________________________
|Бiрегей тұқымның|Бiр тоннаға
|1 тоннасын (да. | (данаға)
Өнiмнiң түрi |насын) өндiруге | арналған
|жiберiлген шы. |субсидиялар
|ғындарды өтеу |нормативтерi,
|пайызы, (дейiн) | теңге
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Өсiру питомниктерi мен аналық нысандар
Жүгерi мен күрiштен басқа, астық
және дәндi бұршақты дақылдар 40 36979
Жүгерi 40 224543
Күрiш 40 51465
Күнбағыс 40 180278
Басқа майлы дақылдар 40 109206
Картоп 40 83788
Көп жылдық шөптер:
бұршақты 40 385862
дәндi 40 148035
Бiр жылдық шөптер 40 38446
Қант қызылшасы 40 1439474
Мақта 40 141521
Көшеттер, аласа телiтушiлердiң
аналығын егудi қоса алғанда 40 48
Суперэлита
Жүгерi мен күрiштен басқа, астық
және дәндi бұршақты дақылдар 40 7919
Жүгерi 40 48289
Күріш 40 11024
Күнбағыс 40 38971
Басқа майлы дақылдар 40 23392
Картоп 40 17948
Көп жылдық шөптер:
бұршақты 40 82652
дәнді 40 31835
Бір жылдық шөптер 40 8268
Қант қызылшасы 40 308336
___________________________________________________________________
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу ережесiне
2-қосымша
Сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi
элиталық тұқымының 1 тоннасына арналған
субсидиялар нормативтерi
___________________________________________________________________
Өнiмнiң түрi |Элиталық | Сатылған
|тұқымның 1| элиталық
|тоннасының| тұқымның 1
|құнын | тоннасына
|арзандату | арналған
|пайызы | субсидиялар
|(дейiн) | нормативтерi,
| | теңге (дейiн)
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Жүгерi мен күрiштен басқа, астық
және дәндi бұршақты дақылдар 40 13191
Жүгерi:
аналық нысандар, кеш пiсетiн және
орташа пiсетiн бiрiншi буындағы
будандар; 40 74000
ерте пiсетiн бiрiншi буындағы
будандар 40 30000
Күрiш 40 18531
Күнбағыс:
аналық нысандар, элиталық 40 100000
тұқымдар;
бiрiншi буындағы будандар 40 80000
Басқа майлы дақылдар 40 39334
Картоп 40 30189
Көп жылдық шөптер:
бұршақты 40 138981
дәндi 40 53200
Бiр жылдық шөптер 40 13854
Қант қызылшасы 40 511895
Мақта, бiрiншi репродукцияны қоса
алғанда 40 25480
___________________________________________________________________
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу ережесiне
3-қосымша
Бекітемін
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы вице-министрi
______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
2004 жылғы "___" ________
2004 жылғы "___" ________ және "___" ________
аралығындағы кезеңде өндiрiлген бiрегей тұқым
үшiн субсидиялар төлеуге арналған
ВЕДОМОСТЬ
___________________________________________________________________
Облыс|Бiрегей|Дақыл|Репро.|Бiрегей тұқымды|Өндiрiлген бiрегей тұ.
атауы|тұқымды| |дукция| өндiрудiң |қымды субсидиялауға нақ.
|өндiру.| | |жылдық квотасы |ты тапсырылған құжаттар
|шінiң | | |_______________|________________________
|атауы | | |тонна|сомасы, | жыл |2004 ж."__" және
| | | | |теңге |басынан|"__" аралығын.
| | | | | | | дағы кезеңде
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиыны:
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Өндiрiлген |Субсидияның |Жыл басынан|Субсидияның| 2004 ж. "__"
бiрегей |жыл басынан |төленгенi, | тиесiлi |_________________
тұқымның 1 | тиесiлi | теңге | сомасының | квота шегiнде
тоннасының |сомасы, теңге| | қалдығы, |төлеуге жататыны,
бағаламасы,| | | теңге | теңге
теңге | | | |
___________________________________________________________________
9 10 11 12 13
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Бюджет департаментінiң директоры (Т.А.Ә., қолы)
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу ережесiне
4-қосымша
Бекітемін
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
облыстық аумақтық
басқармасының бастығы
______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
2004 жылғы "___" ________
2004 жылғы "___" ________ және "___" ________
аралығындағы кезеңде тұқым шаруашылығын дамытуға
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
___________________________________________________________________
Облыс| Элит. |Да.|Сатыл.|Элиталық тұқым.|Квота шегінде элиталық тұ.
атауы|тұқым. |қыл| ған |ды сатудың |қымды субсидиялауға нақты
| шар | | күнi |жылдық квотасы | тапсырылған құжаттар
|атауы | | |_______________|________________________
| | | |тонна|сомасы, | жыл |2004 ж."__" мен
| | | | |теңге |басынан|"__" аралығын.
| | | | | | | дағы кезеңде
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиыны:
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Сатылған |Субсидияның |Жыл басынан|Субсидияның| 2004 ж. "__"
элиталық |жыл басынан |төленгенi, | тиесiлi |_________________
тұқымның 1 | тиесiлi | теңге | сомасының | квота шегiнде
тоннасының |сомасы, теңге| | қалдығы, |төлеуге жататыны,
бағаламасы,| | | теңге | теңге
теңге | | | |
___________________________________________________________________
9 10 11 12 13
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
облыстық аумақтық басқармасының
бас бухгалтерi (Т.А.Ә., қолы)