Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 223 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 17 қыркүйекте Кишинэу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiмeтi мен Молдова Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасы Үкiметiнің арасындағы Экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Молдова Республикасының Үкiметi,
      1999 жылғы 4 маусымдағы "Салық заңнамасын сақтау және осы саладағы бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы" қатысушы-мемлекеттермен және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы арасындағы Келiсiмге негiзделе отырып,
      өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн басшылыққа ала отырып,
      экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелердi тиiмдi шешудегi өзара мүдделiкке сүйене отырып,
      осы мақсаттарда барлық құқықтық және басқа да мүмкiндiктердi пайдалануға зор маңыз бере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Келiсімнің тақырыбы

      1. Тараптардың құзыреттi органдарының экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрестi тиiмдi ұйымдастыру ынтымақтастығы - осы Келiсiмнiң тақырыбы болып табылады.
      2. Осы Келiсiм қатысушылары Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы болып табылатын азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттардан туындайтын, Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне әсерiн тигiзбейдi.

2-бап
Терминдер

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн келесi терминдер мыналарды бiлдiреді:
      а) "құзыретті орган"
      Қазақстан Республикасы Yкiметi үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгі,
      Молдова Республикасы Үкiметi үшiн - Молдова Республикасының экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы, Бас мемлекеттік салық инспекциясы;
      Тараптардың құзыреттi органдарының ресми атауы өзгерген жағдайда, ол туралы бiр-бiрiне дереу жазбаша түрде хабарлайды.
      в) "салық заңнамасының бұзылуы" - оларға қарсы күрес жүргiзу Тараптардың құзыреттi органдарына жүктелген салық заңдары саласындағы қылмыс және (немесе) құқық бұзушылықтар.
      с) экономикалық қылмыстар - экономика саласындағы қылмыстар.

3-бап
Ынтымақтастық нысандары

      Тараптар осы келiсiмнiң шеңберiнде мынадай ынтымақтастық нысандарын қолданады:
      заңды және жеке тұлғалардың экономикалық қылмыстары және салық заңдарын бұзуы туралы ақпарат алмасу;
      салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған шараларды өткiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл;
      заңды және жеке тұлғалардың салық салуға байланысты құжаттарының куәландырылған көшiрмесiн тиiстi үлгіде ұсыну;
      ұлттық салық жүйесi туралы, салық заңдарының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпарат, сондай-ақ салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныс алмасу;
      салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күресте қолданатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде тәжiрибемен алмасу;
      жұмысшы топтарын құруды қоса алғанда ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер жөнiнде қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру, өкілдер алмасу және кадрлар оқыту;
      салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес проблемалары жөнiнде ғылыми-тәжiрибиелiк конференциялар мен семинарлар өткiзу.
      Осы Келiсiмнiң ынтымақтастық шеңберiнде Тараптардың құзыреттi органдары ұлттық заңдарды және өз мемлекетiнiң халықаралық мiндеттерiн жүзеге асырады.
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.

4-бап
Экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылықтар туралы ақпаратпен алмасу

      1. Экономикалық қылмыстар және салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу мәселелерi бойынша жүзеге асырылады:
      салық заңдарын бұзушылар қолданған тәсілдерді көрсете отырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуден табыстарын жасыруы;
      заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктерде есепшот ашуы, сондай-ақ егер оларда салықтан жасырған сомалар бар деп есептейтiн негiз бар болса осы есепшот арқылы қаражат айналымы;
      салық салу базасының мөлшерiн айқындау және салық заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалардан алынған салық сомасы, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге байланысты.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат, ақпарат ұсыну сұрау салынушы Тараптың ұлттық заңы мен мемлекеттiк мүддесiне қайшы келмейтiн жағдайда, бiр Тараптың құзыретті органына екiншi Тараптың құзыреттi органының сұрау салуы негiзiнде берiледi.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыретті органы қолында бар ақпаратты eкінші Тараптың құзыреттi органы үшін қажетті деп санаса, ол бұл ақпаратты жеке бастамасы бойынша беруi мүмкiн.

5-бап
Іс-шаралар өткізу

      Экономикалық қылмыстардан және салық заңдарын бұзушылықтан сақтандыру, оларды анықтау және жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу кезiнде осындай заң бұзушылық жасаған немесе жасауы мүмкiн деп күдiктеген адамдарға қатысты Тараптардың құзыреттi органдарының өзара iс-қимылы бiрлесiп жоспарлауды, осы iс-шараларды өткiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтиды.

6-бап
Құжаттардың көшірмесін ұсыну

      Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне сұрау салу арқылы заңды және жеке тұлғаларға салық салуға қатысты құжаттардың (eceп шоттар, фактуралар, жүк құжаттар, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалары), сондай-ақ салық заңдарының бұзылуына қатысы бар мәселелер бойынша құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      Құжаттардың көшiрмелерi өкiлеттi тұлғаның қолымен және сұрау салушы құзыреттi органының мөрiмен куәландырылады.

7-бап
Құқықтық сипаттағы материалдармен алмасу

      Тараптардың құзыреттi органдары ұлттық салық жүйесi, экономикалық қылмысқа тергеу жүргізудің құқықтық негiздерi және салық заңдары саласында әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша өндiрiс туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданғаннан немесе қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер енгізiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктірмей салық заңдарындағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.

8-бап
Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастық

      Тараптардың құзыреттi органдары экономика саласындағы қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрестi ұйымдастыру кезiнде ақпараттық жүйелердi құру мен олардың жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер бойынша тәжiрибе, әдiстемелер және ғылыми материалдармен алмасуды жүзеге асырады.

9-бап
Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету

      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң оқу орындарының базаларында кадрларды оқыту мен қайта даярлауда, экономикалық қылмыстарға және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестiң көкейкестi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулердi, ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар мен семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сарапшылармен алмасады.
      Осы баптың шеңберiнде ынтымақтастықты iске асырудың нақты нысандары, атап айтқанда оны қаржыландыру Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалатын тиiстi келiсiмдермен айқындалады.

10-бап
Сұрау салудың нысаны мен мазмұны

      1. Ақпарат алуға сұрау салу жазбаша немесе мәтiн берудiң техникалық құралдарын пайдалану арқылы берiлуi тиiс.
      Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда телефон байланысы арқылы ауызша қабылдануы мүмкiн, алайда ол кiдiрiссiз (24 сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуы тиiс.
      Мәтiндi беруде техникалық құралдарды пайдаланған кезде, сондай-ақ алынған сұрау салудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған жағдайда сұрау салушы құзыреттi орган жазбаша нысанда расталуын сұрай алады.
      2. Ақпарат алуға арналған сұрау салуда:
      сұрау салушы құзыретті органның атауы;
      сұрау салынған құзыреттi органның атауы;
      сұрау салудың қысқаша мазмұны және оның негіздемесi;
      нақты жағдайлардың қысқаша сипаттамасы;
      сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес қылмыстың саралануы;
      келтiрiлген залалдың мөлшерi;
      сұраудың орындалуы үшін қажетті басқа да мәлiметтер болуға тиiс.

11-бап
Сұрау салудың орындалуы

      1. Сұрау салу орындалуы үшiн кiдiрсiз қабылданады. Сұрау салынған құзыреттi орган егер бұл сұрау салуды орындау үшiн қажет болса, нақтылау тәртiбiмен қосымша ақпарат сұрай алады.
      2. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған жағдайда құзыреттi орган сұрау салушы құзыреттi органға кідірсiз хабарлайды.
      Сұрау салынған құзыреттi орган, егер бұл мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн болса, не оның заңдарына қайшы келсе, сұрау салуды орындаудан бас тартуға құқылы.
      Сұрау салуды орындаудан бас тарту себептерi туралы сұрау салушы құзыреттi орган 10 күн iшiнде хабардар етiледi.

12-бап
Сұрау салуды орындау кезіндегi өзара iс-қимыл

      Cұpaу салынған құзыреттi орган сұрау салушы құзыреттi органның уәкiлеттi өкiлдерiне, егер бұл оның мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмесе, өз мемлекетiнiң аумағында сұраудың орындалуына қатысуға рұқсат етуi мүмкiн.

13-бап
Тілдер

      Ақпаратты алуға деген сұрау салу және оған берiлетiн жауап орыс тiлiнде әзiрленедi.
      Сұрау салу басқа тiлде орындалған жағдайда оған орыс тiлiндегi куәландырылған аудармасы қоса берiледi.

14-бап
Ақпараттарды пайдалану

      Тараптардың құзыреттi органдары экономика саласындағы қылмыстарды және салық заңдарын бұзушылықтан сақтандыруға, оларды анықтауға және жолын кесуге байланысты мәселелер жөнiндегі ақпараттардың құпиялығына кепiлдiк береді.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат осы ақпаратты берген құзыреттi органның жазбаша келiсiмсiз үшiншi тарапқа бермейдi.

15-бап
Шығыстар

      Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң аумағында осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді. Қосымша шығындарды талап ететiн сұрау салу алынған жағдайда оларды қаржыландыру туралы мәселенi өзара уағдаластық бойынша, Тараптардың ұлттың заңнамаларына сәйкес Тараптардың құзыреттi органдары қарайды.
      Кезектен тыс кездесулер өткiзген жағдайда оның бастамасышы болып табылатын құзыреттi орган барлық шығыстарды өзiне алады.

16-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырама бөлiгi болып табылатын өзгерiстерi мен толықтырулары енгізiлуi мүмкiн.
      Хаттамалар осы Келiсiмнiң 18 бабында көзделген тәртiп бойынша күшіне енедi.

17-бап
Келісімді іске асыру үшін одан арғы шаралар

      Tapaптардың құзыреттi органдары, қажет болған жағдайда, осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзеді.

18-бап
Келiсiмнiң күшiне енуi және оның қолданысын тоқтату

      1. Осы Келiсiм әр тараптан, оның күшiне енуiне қажеттi iшкі мемлекеттiк процедураларының орындалғаны туралы дипломатиялық арналардан соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiленген мерзiмге дейiн келiсiлген.
      3. Осы Келiсiм қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың бiрi алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды.

      Кишинэу қаласында, 2003 жылғы 17 қыркүйекте, екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, молдован және орыс тiлдерiнде және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.

      Қазақстан Республикасының          Молдова Республикасы
      Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады