"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар, Мырғалымсай кен орнының кеніштерін тарату және консервациялау жұмыстарын орындау жөніндегі қызметтер көрсетуді жеткізуші болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуын;
2004 жылға арналған республикалық бюджетте 003 "Мырғалымсай кен орнының кеніштерін тарату" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде жасалатын шарттың қаржыландырылуын;
қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсаты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі