"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 245 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiміне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат; N 25, 258-құжат; N 40, 406-құжат; 2003 ж., N 27, 251-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң көрсетiлген өкiмiмен бекiтiлген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әйтекенов                  - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медiбайұлы            Экономика және бюджеттiк
                             жоспарлау вице-министрi,

Сәйденов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әнуар Ғалимоллаұлы           Банкiнiң Төрағасы;

      мынадай:
"Ахметов                   - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрi, төраға"

деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Марченко                  - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович       Премьер-Министрiнің бiрiншi
                             орынбасары, төрағаның орынбасары"

      мынадай:
"Есiмов                    - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы           Премьер-Министрінің орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының
                             Ауыл шаруашылығы министрi, орынбасар"

деген жолдағы "орынбасар" деген сөз "төрағаның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай:
"Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы            Экономика және бюджеттік жоспарлау
                             министрлiгi бюджет саясаты және
                             жоспарлау департаментінің директоры,
                             хатшы",

"Коржова                   - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна            Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             бiрiншi вице-министрi"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы            Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             вице-министрi, хатшы",

"Коржова                   - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна            Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                             вице-министрi",

      мынадай:
"Марченко                  - Қазақстан Республикасының
Григорий Александрович       Ұлттық Банкiнің Төрағасы"

деген жол алынып тасталсын;
      көрсетiлген Комиссия құрамынан: Павлов Александр Сергеевич,
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады