Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын ұйымдастырушылық дамытуға арналған консультациялық техникалық көмек туралы келiсiм-хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 255 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын ұйымдастырушылық дамытуға арналған консультациялық техникалық көмек туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
 

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң төрағасы Анатолий Дмитриевич Рябцевке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын ұйымдастырушылық дамытуға арналған консультациялық техникалық көмек туралы келiсiм-хатқа қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

АЗИЯ ДАМУ БАНКI
 
                                             2003 жылғы 2 қазан

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
(Азия Даму Банкiнiң басқарушысы)
Е.Досаев мырзаға
Астана қаласы, Жеңiс даңғылы 33, 473000, Қазақстан

"Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу"
салалық жобасын ұйымдастырушылық дамытуға арналған
консультациялық техникалық көмек
(ТК N 24186)

      Құрметтi Досаев мырза,

      Бiз "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасы шеңберiнде 350,000 АҚШ долларынан аспайтын баламалы сомаға Қазақстан Республикасының Үкiметiне (Үкiмет) техникалық көмек (техникалық көмек) бөлiнуiн 2003 жылғы 29 қыркүйекте Азия Даму Банкiнiң (АДБ) мақұлдағанын сiзге хабарлауға қуаныштымыз. Техникалық көмек: Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы 1995 жылғы 5 қазандағы техникалық көмек туралы (i) Негiздемелiк келiсiмге (Негiздемелiк келiсiм); және (іі) 9-қосымшада сипатталған есептiң тетiгiне және хатқа қоса берiлген "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасына ұсынылып отырған қарыз бен техникалық көмек гранты бойынша Азия Даму Банкi (АДБ) АДБ директорлар кеңесi Президентiнiң ұсынымына сәйкес қаржыландырылады және жүзеге асырылады. ПЕҰ-ға сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi осы техникалық көмек бойынша атқарушы агенттiктiң функциясын орындайтын болады.
      Осы техникалық көмек Жапония Yкiметi қаржыландыратын Арнайы жапон қорының қаражатынан гранттық негiзде бөлiнетiн болады.
      Егер осы шарттар Сiздер үшiн қабылдауға тұрарлық болса, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан осы хаттың екi данасына да, көрсетiлген жерге қол қоюыңызды өтiнемiз. Бiр көшiрмесiн өзiңiзде қалдырыңыз да, ал екiншi түпнұсқасын, АДБ-ға жiберiңiз.
      Әлеуметтiк сектор басқармасы осы техникалық көмектi iске асыруға байланысты мәселелер үшiн жауапты болады, осыған байланысты осы техникалық көмек жөнiндегi бүкiл хат-хабарларды менiң атыма жiберуiңiздi сұраймын.

Құрметпен,                
Шығыс және Орталық Азия Департаментi 
Әлеуметтiк сектор басқармасының директоры
Уилиам Фрейзер              

Бекiтiлдi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан

_______________________
Аты: Рябцев Анатолий
Қызметi: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
Уақыты:________________

      РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі ағылшынша мәтінін (қағаздағы нұсқадан қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады